Байланысты: 2 тема. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯЛАРЫ
2.3 Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік Сұраныс – тӛлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс тұтынушылардың белгілі
бір уақытта берілген баға бойынша тауарлар мен қызметтердің берілген кӛлемін сатып
алуға деген дайындығын кӛрсетеді.
Сұраныстың мәнін толық түсіну үшін тӛмендегідей ұғымдарды енгіземіз:
1. Сұраныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып алу кӛлемі
арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Игіліктің бағасы ӛскен
сайын сатып алу кӛлемі азайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті тӛмендейді.
Және керісінше, игіліктің бағасы тӛмендеген сайын сатып алу кӛлемі ұлғайып,
тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.