Байланысты: 2 тема. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯЛАРЫ
2.2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық кӛруге болады. Нарықтың
атқаратын негізгі қызметтері:
1) Нарықтың ақпараттық қызметі – нарықтың экономиканың қазіргі
жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы ӛнім
ӛндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы
сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады.
2) Нарықтың делдалдық қызметі – нарықтың тұтынушыға ӛзіне қолайлы
сатушыны тауып беруіне және ӛндірушіге ӛзіне пайдалы сатып алушыны таңдай алуына
мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың
байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады.
3) Нарықтың баға белгілеушілік қызметі – нарықтың тек қоғамға ғана қажетті
шығындарды қабылдауды және тӛлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы ӛнімдер мен
қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен
ауытқып отырады.