Байланысты: 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңына сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер және олардың анықтамалары енгізілді.
Білімнің базалық мазмұны жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемінде қамтылады.

Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пәндер жиынтығында қарастырылды.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті білім алушылардың білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім беретін ұйымдар анықтайтын оқу пәндері мен курстардың жиынтығында айтылды.
Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) компоненттеріндегі оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және білім беру деңгейлері мен оқу жылы бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі.

Үлгілік оқу жоспары орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрамдас бөлігі болып табылатын, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерін белгілейтін және бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту тілі мен бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру ұйымдарының қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат болып табылады.