2-ДӘріс орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады



бет7/8
Дата22.05.2022
өлшемі97,83 Kb.
#144526
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, ӘПЖТ Лекция

Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады:

Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады:

    • тұлғалық нәтижелер;
    • жүйелік-әрекеттік нәтижелер;
    • пәндік нәтижелер.
    • Тұлғалық нәтижелер:

    • Қазақстан Республикасы Конституциясына, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуінен;
    • белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
    • мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
    • өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуынан;
    • салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуінен;
    • адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
    • өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігінен;
    • үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;
    • әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табады.

Жүйелік – әрекеттік нәтижелер:

Жүйелік – әрекеттік нәтижелер:

    • адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен;
    • ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;
    • таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруінен;
    • заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
    • жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен көрініс табады.


    • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет