2-ДӘріс орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет6/8
Дата22.05.2022
өлшемі97,83 Kb.
#144526
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, ӘПЖТ Лекция

Жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады. Саралап оқыту және білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес аралас (ұқсас) пәндер бойынша бейіндендіру енгізіледі.

Жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады. Саралап оқыту және білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес аралас (ұқсас) пәндер бойынша бейіндендіру енгізіледі.

Барлық ҮОЖ-да инварианттық компоненттің оқу пәндері өзгермейді, бұл жалпы білім беретін ұйымдардың барлық типтері мен түрлері үшін орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді.

Негізгі орта білім мен техникалық және кәсіптік білім маз- мұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді, оның ішінде технологиялық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейіналды оқыту аясында іске асырылады. Жалпы орта білім мен жоғары білім беру мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейінді оқыту аясында іске асырылады.

Білім алушылардың негізгі орта білім деңгейінде бейіналды оқытудың, жалпы орта білім деңгейінде бейіндік оқытудың бағыттарын таңдауы олардың ата-аналары мен қамқоршылар кеңесінің қатысуымен жүргізіледі.

Оқу жылында 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы каникул күндерінің ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдардың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.

  • Оқу жылында 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы каникул күндерінің ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдардың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.
  • Үлгілік және оқу жұмыс жоспарларында пәнді меңгеруге бөлінетін оқу уақыты тиісті міндетті және вариативтік оқу бағарламаларының құрылымы мен мазмұнын әзірлеу кезінде ескеріледі.
  • Инварианттық және вариативтік компоненттерді құрайтын пәндер бойынша білім алушылардың оқу жүктемелерінің жалпы көлемі ҮОЖ-да белгіленеді.
  • Білім алушылардың пәндер бойынша міндетті оқу жүктемесінің көлемі оқытудың бағыты ескеріліп, ҮОЖ-да белгіленеді.
  • Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі олардың қажеттіліктері ескеріліп, жалпы білім беретін ұйымдардың оқу жұмыс жоспарында белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет