2 Дәріс Тақырыбы: Физикалық шамалар бірліктері. Si жүйесі. Өлшем объектілері



бет2/6
Дата28.12.2023
өлшемі60,2 Kb.
#199815
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 дәріс.

1.СГС жүйесі. 1861 – 1870 жылдарында жасалған және әлемдік тәжиребесіне 1-ші Халықаралық электршілер конгрессімен еңгізілген. Жүйенің негізгі бірліктері болып сантиметр, грамм, секунда (СГС) табылады. Әртүрлі өлшеулер түрлерінде қолданылатын СГС жүйесінің жеті түрі болатын. Электрлік өлшеулерде СГСЭ жүйесі қолданылатын, мұнда, үш негізгі бірліктерімен бірге, вакуумның диэлектрлік өткізгіштігі өлшемсіз бірлікке тең болып алынатын. Сонда, Кулон заңын пайдаланып, механикалық және электрлік шамаларды байланыстыруға болатын. Магниттік өлшеулерде СГСМ жүйесі пайдаланылатын, мұнда магниттік өткізгіштік өлшемсіз бірлікке тең болып алынатын. Бұл жүйелерде электрлік және магниттік өлшемдері бір-біріне сәйкес келмейтін. Мысалы, электрлік ток күшінің бірлігі СГСЭ жүйесіндегі мәні: СГСЭ-ің 1 бірлігі = 3,33564· 10 10 А, ал СГСМ жүйесінде – СГСМ-ің 1 бірлігі = 10 А. Бұл кемістігі жоқ СГС жуйесі симметриялы деп аталады, мұнда вакуумның диэлектрлік және магниттік өткізгіштіктері бір санына теңестірілген. Бірақ онда, кейбір электромагнетизм теңдеулерінде физикалық константа – жарық жылдамдығы түрінде қосымша көбейткіш пайда болады. Симметриялы СГС жүйесінің құрылымы үйлесімділікпен және құрудың логикалығымен өзгеше көрінеді, ол когерентті (келісілген) және физика салаларының көбінде өлшеу және есептеу үшін халықаралық СИ жүйесі практикаға ендірілгенше кең қолданылған. Бірақ, СГС жүйеде көп бірліктердің өлшемдері тәжірибелік пайдалану үшін ыңғайсыз.
2 МКГКС жүйесі. Салмақ бірлігі ретінде килограммның бірінші прототипы қабылданғаны біздерге мәлім. Килограммды алдымен салмақ бірлігі ретінде, одан кейін күш бірлігі ретінде қолдануы XIX ғасырдың аяғында үш негізгі бірліктері бар жүйені құруына әкелді: метр – ұзындық бірлігі, килограмм-күш – күш бірлігі, секунда – уақыт бірлігі (МКГКС жүйесі). Бұл жүйе механикада және техникада қолданыланатын. Күшті салмақ бірлігімен көрсету ыңғайлығы және тәжірибе үшін ыңғайлы күштің негізгі бірлігінің өлшемі жүйенің ел арасына таралғандығының себебі болды. Жүйенің электрлік және магниттік бірліктерімен келісілмегендігі, оның негізгі кемшілігі болып табылады, сөйтіп есептеулерде механикалық шамалардан электрлік шамаларға өту үшін өтпелі көбейткіш талап етіледі. Одан басқа, МКГКС жүйенің масса бірлігі СИ жүйесінің масса бірлігімен еркін құлау үдеуі арқылы байланысады –МКГКС-ің 1 бірлігі ~9,81 кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет