2 Дәріс Тақырыбы: Физикалық шамалар бірліктері. Si жүйесі. Өлшем объектілері



бет3/6
Дата28.12.2023
өлшемі60,2 Kb.
#199815
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 дәріс.

3 МТС жүйесі. Бұл жүйе ең алдымен Францияда орнатылған. МТС жүйесінің негізгі бірліктері: метр – ұзындық бірлігі, тонна – масса бірлігі және секунда – уақыт бірлігі. Масса бірлігі ретінде тоннаның таңдалуы сәтті болған, себебі ұзындық, көлем және масса бірліктер арасында сәйкестік болады (техникалық есептердің көбіне жеткілікті дәлдікпен, 1 тонна судың 1 мЗ массасына сәйкес).
4 Электрлік бірліктердің абсолютты практикалық жүйесі. 1881 жылы электршілердің 1-ші Халықаралық конгрессінде СГСМ-нің туындысы ретінде орнатылған және электрлік пен магниттік бірліктер өлшемдердің тәжірибесіне жақындау мақсатымен тәжірибелік өлшеулер үшін тағайындалған. Аболюттік тәжірибелік жүйесінде электрлік және магниттік бірліктерін табу үшін СГСМ жүйенің бірліктерін 10 санының сәйкес дәрежесіне көбейтілген.
Солай кәзір таралған электрлік шама бірліктері пайда болған: вольт, ампер, ом, фарада. 1889 жылы электршілердің 2-ші Халықаралық конгрессінде бұл бірліктеріне джоуль, ватт, квадрант (соңында генри) қосылды.
4 МКСА жүйесі. Жүйенің негізгі бірліктері метр, килограмм, секунда және ампер болып табылады. Негізгі бірліктер санына ток күші еңгізілуі механикалық бірліктерді; метр, килограмм, секунда және т.б. - тәжірибелік электрлік бірліктеріне: вольт, ом, ватт және т.б. сәйкес келтіруге мүмкіншілік берді.
Кәзіргі кезде МКСА жүйесі халықаралық СИ жүйесінің құрастырушы бөлігі болып табылады.
Бірліктердің халықаралық СИ жүйесі Халықаралық бірліктер жүйесі (қыскаша халықаралық аталуы SI, ал орысша транскрипциясы СИ) LMTIJ N шамалар жүйесі негізінде құрастырылған.
1948 жылы өлшеуіштер және салмақтар бойынша IX Генералдық конференциясында (ӨСГК) тәжірибелік Халықаралық бірліктер жүйесін құру туралы шешім қабылданған.
1960 жылы алты негізгі бірліктер негізінде Халықаралық бірліктер жүйесінің жобасы бекітілген. Халықаралық қатынастарда қолдану үшін алты негізгі физикалық шамалар анықталды: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы, шам. 1971 жылы СИ жүйесінің бірліктеріне жетінші негізгі бірлік қосылады – зат мөлшері – моль. Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ISO) халықаралық ISO 31 стандарттарын жариялады: 1992 «Шамалар және бірліктер» (14 бөлігі ба) және ISO 1000: 1992 «СИ бірліктері және олардың еселі тағы да басқа бірліктерін пайдалану жөнінде кепілдемелер».
СИ жүйесін құру принциптері:
1) СИ жүйесі өлшемдері бір-бірінен тәуелсіз болып орнатылатын жеті бірліктерде негізделген;
2) туынды бірліктер шамалар арасындағы ең қарапайым байланыс теңдеулер – шама өлшемдері СИ бірліктеріне тең болып алынатын, анықтаушы теңдеулер көмегімен пайда болады. Шамалардың әрбір түріне тек қана бір СИ бірлігі бар болады;
3) туынды бірліктер негізгі бірліктерімен бірге когерентті (келісілген) жүйені құрастырады;
4) тәжірибелік маңыздылықтан және іс-әрекеттің әртүрлі салаларында барлық жерде қолданғандықтан СИ бірліктерімен қатар саны шектелген жүйеден тыс бірліктері қолдануға жіберілген;
5) СИ бірліктері немесе жүйеден тыс бірліктері сөз алды қосымшасымен қолдануы мүмкін, бұл белгілі деңгейдегі он санына бірлікті көбейту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет