Сабақ реті: Математика Массаны өлшеу Өткізілген күні



Дата01.04.2017
өлшемі116,57 Kb.
#12880

Пәні, тарау, сабақ реті:

Математика Массаны өлшеу

Өткізілген күні:

19.12.2014ж

Тақырыбы:

Массаны өлшеу.Масса бірліктерінің арақатынасы.

Мақсаты:


Оқушыларды масса және оның  өлшем бірліктерімен таныстыру, өлшем бірліктері туралы білімін кеңейту. өлшем бірліктерін өмірде пайдалану;

- Оқушылар шағын топтар құрамында тиімді түрде жұмыс ұйымдастырады, шығармашылық атмосферасын қалыптастыруға ат салысады, бір-бірінің пікірлерімен санасады.бір-біріне көмектеседі.

Міндеттері:





  • - Оқушылар шағын топтар құрамында тиімді түрде жұмыс ұйымдастырады, шығармашылық атмосферасын қалыптастыруға ат салысады, бір-бірінің пікірлерімен санасады.бір-біріне көмектеседі.

  • өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін дамыта отырып,топтық тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік бағалау жасауға бейімдеу



Оқып үйренудің нәтижесі:

  • Массаны өлшеуді біледі;

  • Массаны өлшеуді біледі өмірмен байланыстырады, қолдана алады;

  • Топтық тапсырмаларды ой қорытып, талдау жасау арқылы өзіндік бағалау жасайды.

Барлық оқушыларды сабаққа тарту

А оқушының оқып үйренудегі нәтижесі:


  • Кез келген заттың массасын өлшеп артық немесе кем екенін айтады;

  • Массаны өлшеуді, масса бірліктерінің арақатынасын ажыратып мысалдар арқылы әртүрлі жағдайда берілуін түсіндіреді және практикада тиістісін қолдана алады.

  • топтық жұмыста белсенді,ұшқыр ойлайды және жауап бере алады.Қосымша мағлұмат бере алады.

В оқушының оқып үйренудегі нәтижесі:

  • Массаны өлшейді

  • Массаны өлшеуді біледі және практикада қолдана алады;

- Массаны өлшеуді біледі, мысалдар арқылы есептер шығара алады.

  • топтық жұмыста белсенді.

С оқушының оқып үйренудегі нәтижесі:

  • Масса бірліктерін біледі,өлшеуде қиналады.

  • топтық жұмыстарға қатысады, төмен деңгейлі сұрақтар қояды және жауап бере алады.

  • Топта ұзақ қосыла алмай отырады,өз ойын айтуда қиналады.

Оқытуда қолданылатын модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сын тұрғысынан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқытуды басқару және көшбасшылық.

Оқытуда қолданылатын стратегиялық іс-әрекеттер:

«Сәттілікке толсын»,«Броундық қозғалыс!»бойынша топтастыру,«Зейінділік ойыны»,«Плюс кестесі»,«Дөңгелек үстел»,«Электронды оқулық»,«таразы»






Сабақ кезеңі/ уақыты.

Іс-әрекет


Бағалау




Мазмұны

Мұғалім

Оқушы

Дерек-көздер

Кіріспе
2мин.


Ынтымақтастық атмосферасы» «Сәттілікке толсын».

Мақсаты:Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл күй сыйлау

Топқа бөлуОқушылар 4 баладан тұратын шағын топтарға «Броундық қозғалыс» ойыны бойынша бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру




Сәлемдесу. Сабақта топтық жұмыс арқылы өз білімізді көрсету.Топта бір бірімізге көмектесе отырып,өз біліміздің жоғарғы деңгейде дамуын көрсету.Алдарыңызда топтың ережесі,бағалау критерийлері тұр басшылыққа ала отырып,әр тапсырма орындағанда өзіңізді-өзіңіз бағалап отырыңыз,қорытынды бағаны спикер оқиды.

Сыныпта жайлы психологиялық ахуал орнату.



  • Балалар бүгін сіздер бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып,жақсы көңіл күймен сабақты бастаймыз.


Топқа бөлу Оқушылар 4 баладан тұратын шағын топтарға «Броундық қозғалыс» ойыны бойынша бөлінеді.
Оқушылар сынып бөлмесінің ашық жерінде жиналып, мұғалімнің «Броундық қозғалыс!» деген командасы бойынша ерсілі-қарсылы, әрі-бері жүре бастайды. 10-15 секундтан кейін мұғалім «Тоқтаңыздар! Тапжылмай тұра қалыңыздар!» деп команда береді. Оқушылар тура сол жерде қозғалмай тұрып қалады. Мұғалім оларға жан-жағында тұрған балаларға қол созып, қолдарды түйістіріп, 4 баладан тұратын шағын топтарды құруды тапсырады. Оқушылар өз топтарын қалаулары

бойынша атап, топ атауларын үшбұрыштаған қағаздарға маркермен жазып қояды. 



Үй тапсырмасын тексеру:
Топтықжұмыс. Оқушылар үй жұмысын қалай орындағандығын топ ішінде талқылайды.
Жариялау.Бір оқушы үй тапсырмасын

сыныпқа оқиды. Қалған оқушылар есептің шығарылуының дұрыс-бұрыстығын айтады.



-Таңертең ұйқыдан тұрғанда нені көресіңдер?- Күнді.
- Күнді көргенде қалай қуанасыңдар? /шапалақтау/
- Күн бізге жылуын шаша ма, әлде суығын төге ме?
- Міне, күн жарқырап жылуын төгуде.
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын!



Топқа бөлу Оқушылар 4 баладан тұратын шағын топтарға «Броундық қозғалыс» ойыны бойынша бөлінеді.


Оқушылар үй жұмысын қалайша орындағандығын топ ішінде талқылайды.
Жариялау. Бір оқушы үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа оқиды. Қалған оқушылар есептің шығарылуының дұрыс-бұрыстығын айтады.


Мұғалім топты жұлдызшалар арқылы бағалайды,оқушылар өзін өзі бағалайды,

Спикер қортынды баға шығарады.
«Тамаша»,

«Жарайсың», «Керемет».


«Епті екенсіңдер, бәрекелді»



Математика оқулығы 3 сынып, қосымша тапсырмалар, түрлі дереккөздерден. (балаларға арналған газет-журанлдардан, ғаламтор беттерінен)




Тұсаукесер

15 мин.




2).Таразы және конфет,тұз,қант б\з

Балалар бұл заттар не үшін қойылды?

Біз сабақта қандай жұмыс жасауымыз мүмкін деп ойлайсыздар?

Ал енді осы заттарды өлшеп көріңіздер.

Олар өлшейді.

Сонымен балалар сіздер қандай заттардың салмағын өлшедіңіздер?

(Аттарын,салмағын айтады)

Мақсаты: Оқушы алған білімін практикада,өмірде қолдану.

Топтарға
тапсырмалар



1). Зейінділік ойыны:
ОИЯыМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (МАССА). 
Балалар! масса дегеніміз өлшем бірлігі. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Массаның өлшем бірліктері. Г - грамм ,КГ – килограмм, Ц – центнер
Т – тонна  

1 т = 10 ц 1 ц = 100кг
1 т = 1 000кг 1 кг = 1 000г
1 т = 10 ц = 1 000кг = 1 000 000г
1 ц = 100 кг = 100 000г
а).Енді назарымызды интер тақтаға аударсақ.
ә)Мұғалім
түсіндіріп айтады.

2).Таразы және конфет,тұз,қант б\з

Балалар бұл заттар не үшін қойылды?

Біз сабақта қандай жұмыс жасауымыз мүмкін деп ойлайсыздар?

Ал енді осы заттарды өлшеп көріңіздер.

Олар өлшейді.

Сонымен балалар сіздер қандай заттардың салмағын өлшедіңіздер?

(Аттарын,салмағын айтады).


3).Тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушыларға оқулықта 17-18 беттегі,берілген №1, 2, 4, 5,есептерді шығару. 
«Плюс кестесі» тәсілі.постерде қорғайды
Оқушылар берілген есептерді бір-бірден бөліп алады, плакатты төртке бөліп, оның әр бөлігіне әрқайсысы өз есебін бөліп шығарады:
№1 №2 №4 №5
Топтық жұмыс. Оқушылар топ ішінде бірін-бірі есептердің шығарылуымен таныстырады, бір-біріне көмектеседі, есептегі түзетулер енгізіледі, ойларымен бөліседі. Содан кейін олар плакатты қабырғаға іліп қояды.
Қорытындылау.'>Қорытындылау. Мұғалім бір топтан өз жұмысын қорғауды сұрайды.



Зейінділік ойыны:
ОИЯыМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты?табады

Есіңде сақта!

Т – тонна 
Ц – центнер 
КГ – килограмм
Г - грамм
1 т = 10 ц 1 ц = 100кг
1 т = 1 000кг 1 кг = 1 000г
1 т = 10 ц = 1 000кг = 1 000 000г
1 ц = 100 кг = 100 000г

Оқушыларға оқулықта берілген №1, 2, 3, 5,есептердішығаруды тапсырады. 
«Плюс кестесі» тәсілі.
Жеке жұмыс. Оқушылар берілген есептерді бір-бірден бөліп алады, плакатты төртке бөліп, оның әр бөлігіне әрқайсысы өз есебін бөліп шығарады:


«Өте жақсы», «Тамаша».


Өте жақсы», «Тамаша», «Жарайсың».







Негізгі бөлім

10 мин


4).1)Қант салынған пакеттің массасы 2 килограмға тең. 5пакетте-? кг қант

(10 кг)


2)Әрқайсысында

5килограмнан ұн салынған 5пакетте -? кг ұн бар?( 25кг)

3)Пакетте

4 килограмнан 6 бірдей пакетте -? кг жарма (24 кг)

4)Әрқайсысында 2 килограмнан 8бірдей пакетте-? кг күріш (16кг)

5) Нан 50теңге тұрады.Осындай 3 нан -? тұрады(150тг)



Мақсаты:. Топтық жұмыста топтарды

бағалау.Ойласа отырып ортақ шешім.

Оқыту үшін бағалау тәсілін қолдана отырып өзін - өзі бағалауға және өзін-өзі реттеуге бейімдеу.


4).Тапсырма Топтық жұмыс (ауызша ойлануға 1мин )Топтың шешіміш бір оқушы айтады.

1)Қант салынған пакеттің массасы 2 килограмға тең. 5пакетте-? кг қант

(10 кг)


2)Әрқайсысында

5килограмнан ұн салынған 5пакетте -? кг ұн бар?( 25кг)

3)Пакетте

4 килограмнан 6 бірдей пакетте -? кг жарма (24 кг)

4)Әрқайсысында 2 килограмнан 8бірдей пакетте-? кг күріш (16кг)

5) Нан 50теңге тұрады.Осындай 3 нан -? тұрады(150тг)




Оқушылар топта ой бөлісе,пікірлесе,ойлана отырып топта талқылайды,спикер нақты жауапты қорғайды.

Оқушылар топта ой бөлісе,пікірлесе,ойлана отырып есепті шығарады спикер ауысып қорғайды.




«Өте жақсы», «Тамаша», «Жарайсың».



«Менің көңіл күйім»

Постер


парағы, маркер.

Сергіту сәті

1мин


Күй әуеніне билеу

Мақсаты:.Жаттығу арқылы сергу

Күй әуеніне билеу



Мақсаты:.Жаттығу арқылы сергу

Оқушы ән ырғағымен жаттығулар арқылы бойын сергіту



«Тамаша», «Жарайсың», «Керемет».








2 мин

жұмбақ есеп



Топтар кезекпен өз ойларын ортаға салады.Жұмбақ есептің

Шешуін табу.Тапқырлық танытқан топ жеңіске жетеді.



5).Тапсырма. Жұмбақ есеп «Дөңгелек үстел» тәсілі бойынша.

(2 мин ішінде шешу) Жұмбақты шешкен топ жеңіске жетеді.






оқушылар өзін өзі бағалайды,

Спикер қортынды баға шығарады.








Қорытынды Рефлексия

5 мин.




Рефлексия,кері байланыс орнату

2 мин


Мақсаты:

сабақты қорытындылау


басбармақпен

Бағалау


Рефлексия,кері байланыс

Мені таңқалдырды……..

Мен үшін қиын болды……..

Маған ұнады………..




Бағалау топта оқушылар өз іс-әрекеттерін бағалайды.Менің пікірім тыңдалады

«Тамаша», «Жарайсың», «Керемет».







Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №9 мектеп -лицейі»КММ



Қысқа мерзімді жоспар

Математика пәні (Лессон стади сабағы) 3«Б»сыныбы



Сабақтың тақырыбы: Массаны өлшеу

Зерттеу тобы: Асанова Бактыгуль



Мамай Ризабол

2014-2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет