2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



бет1/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы


2-дәріс


Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері.


Мақсаты: Ортопедиялық стоматологияда көптеген жаңа жетілдірілген әйгілі материалдардың технологиялық және клиникалық қасиеттерін оқып үйрету.
Стоматологияда материалтану стоматологиялық материалдардың шығу тегін және өндірісте шығару сияқты мәселелерді қарайтын қолданбалы ғылым. Табиғатта кездесетін заттардың қасиеттері стоматологиялық мақсат үшін жарамсыз болғандықтан стоматологиялық материалдар арнайы лабораторияларда, заводтарда препараттар, бұйымдар, жартылай фабрикаттар шикі зат ретінде шығарылады. Жаңа шыққан материалды практикалық стоматологияда қолдану клиникалық, лабораториялық және кейбір жағдайларда фармакологиялық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін.
Стоматологиялық материалдарды қолдану үшін, олардың тек қана қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен бірге қолданған кезде болатын өзгерістерді де білген абзал. Мысалы, егер полимеризациялау кезінде технология бұзылса, онда жоғары сапалы акрил пластмассалардан жасалған протездің сапасы төмен болуы мүмкін. Сондықтан материалдарды қолданған кезде болатын өзгерістерді және олардың қасиеттерін оқу барысында терең меңгерген жөн. Әрбір материалдардың өздеріне тән физикалық және химиялық қасиеттері болады: меншікті салмағы, балқу температурасы, басқа заттармен химиялық әрекеттерге түсуі және т.б.
Тіс техниктеріне арналған материалдарды шартты түрде негізгі немесе конструкциялық және көмекші немесе қосалқы деп 2-ге бөледі. Негізгі материалдарға әртүрлі тіс протездері мен аппараттарды жасауға арналған негіздік пластмассаны, жасанды тістерді, металдарды және олардың құймаларын жатқызады. Конструкциялық материалдарды өңдеп протездер жасау кезінде қолданылатын материалдарды көмекші (қосалқы) деп атайды.
Негізінен дәрігерлер қолданатын материалдар тобын клиникалық немесе дәрігерлік деп атайды. Бұл топқа тіс салу негізіндегі тістерді пломбалауға арналған амальгамаларды, цементтер мен пластмассаларды жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет