4-ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕР ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСІ Қарастырылатын сұрақтар: - 1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі
- 2. Орманның минералды ресурстарға қарағандағы айырмашылғы
- 3. Орман ресурстарын экономикалық-географиялық жақтары
- 4. Орман ресурстарын бағалағанда мына көрсеткіштерді ескерген жөн
- 5. Орман ресурстарының басты ерекшелігі
- 6. Ағаш кесудің және тасудың уақыттары
4.1 Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі - Орман ресурсы – биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді, әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады. Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.
4.2 Орманның минералды ресурстарға қарағандағы айырмашылғы - Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді.
4.3 Орман ресурстарын экономикалық-географиялық жақтары - Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады. Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі. Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі және т.б.) да әртүрлі болады.
4.4 Орман ресурстарын бағалағанда мына көрсеткіштерді ескерген жөн - Орман ресурсы алып жатқан ауданның мөлшерін және ағаш қорының көлемін. табиғи ерекшелігін (ағаштың түрлері, жасы, тауарлық топтары т.б.). табиғи және экономикалық тұрғыдан игеру мүмкіндігін.
4.5 Орман ресурстарының басты ерекшелігі
Яғни көп салалылығы мынаған келіп саяды: а) ағаш қоры; б) ылғал сақтайды; в) топырақ жамылғысын сақтайды; г) микроклимат жағдайын қалыптастырады; д) демалыс орындары; е) жеміс-жидек қоры қалыптасады (саңырауқұлақ, бүлдірген, жаңғақ, емдік шөптер, аңшылық т.б.).
Бұл тұрғыдан алып қарағанда орман ресурсының экономикалық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі қиындай түседі. Өйткені ылғал сақтау, таза ауа қалыптастыру сияқты әрекеттерін тек жанамалай ғана бағалауға болады, әлеуметтік құндылығын айырумен шектеледі.
4.6 Ағаш кесудің және тасудың уақыттары - Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесі
- Ағашты кесу 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін рұқсат етіледі. Кесілген ағашты тасу келесі жылдың мамырына дейін рұқсат етіледі. Ағаштарды кесу және тасу уақыттары ағаш кесу билетінде жазылады. Егер де ағаш аз көлемде дайындалатын болса кесу және тасу уақыты қысқартылуы мүмкін. Егер де ағаштар өртке қарсы жұмыстар жүргізу үшін немесе санитарлық жұмыстар үшін кесілетін болса, ағаш кесу билетінде кесу уақыттары жазылмауы мүмкін, яғни кез келген уақытта кесуге және тасуға болады. Орман дайындау мекемелері мастерлік учаскелер егер де ағашты түрлі жағдайларға байланысты кесіп үлгермесе, кесу уақытын ұзартуға құқылы.
- Жалпы ережелер
- Негізгі ережелер
- 1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесі?
- 2. Орманның минералды ресурстарға қарағандағы айырмашылғы?
- 3. Орман ресурстарының басты ерекшелігі
- 4. Аралық пайдалану қандай кесулер жатады?
- 5. Орман ресурстарын экономикалық-географиялық жақтары
-
Достарыңызбен бөлісу: |