Дәріс 13. Материалдық база.
Дәрістің мақсаты: Жаратылыстануды оқытудың материалдық базасы ерекшелігімен таныстыру. Студенттерге материалдық база жайында мағлұмат беру.
Дәріске керекті құралдар: слайдтар
Дәрістің жоспары:
1. Тірі табиғат мүйісінде, мектеп жанындағы учаскеде, мектеп бөлмесіндегі тапсырмалар, тәжірибелер, бақылаулар жүргізу.
2. Материалдық базаның маңызы.
3. Бөлме өсімдіктері - тірі табиғат бұрышы.
4. Географиялық алаң.
5. Көрнекіліктерді кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері.
Дәрістің барысы:
Бастауыш мектептеДүниетанупәнін оқытуды өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін оның материалдық базасы дұрыс болу керек. Әсіресе, қазіргі танда қаншама көрнекіліктер күнбе-күн жарық көріп жатқан жағдайда пәнге керекті материалдык базаның болмауы мұғалімдердің пәнді оқытуға дұрыс көңіл бөлмегендігінен болуға тиісті. Себебі, әр мұғалім мектеп басшыларына өз пәніне не керегі жайында мәлімдеме жазуға тиісті.
Материалдық базаға тек қана көрнекі құралдар емес, мектеп ауласындағы үлескі, географиялық алаң және түрлі керекті материалдарды сақтайтын орындар да енеді. Сондықтан төменде материалдық базаға енетін құралдар мен басқа да керекті жағдайларға тоқталамыз.
Ең алдымен мұғатімнің сақтауына қиындық келтірмейтін заттар бұл-түрлі техниқалық құралдар: кинофильм, диофильм, аудиофильм, кадескоп, эпидоскоп, түсбағдар, термометр т.б
Түрлі үлкенді кішілі сызба таблицалар: жердің планын және оның шартты белгілерін көрсететін сызба; табиғаттағы су айналымының сызбасы; бастауыш сыныптар ға арналған географиялық картаның түрлері, кескін картатар, глобус, географиялық атлас, түрлі сызбалардың орысша шықкан түрлері "Адам каңқасы" (Скелет человека), Бұлшық еттер" (Мышцы), "Адамның ішкі құрылысы) (Внутренние орғаны), "Ас қорыту мүшелері" (Орғаны пищеварения), "Ми және жүйке" (Мозг и нерв) т.б.
Табиғи көрнекіліктер, бұлардың көбісін оқушылардың көмегімен мұғалімнің өзі дайындауына болады: жергілікті жер өсімдіктерінің жиынтығы; жергілікті жер бунакденелілерінің жиынтығы; пайдалы қазбалар гербарий; шөп өсімдіктерінің жиынтығы; ерте гүлдейтін өсімдіктер жиынтығы; топырақ, түрлерінің үлгісі т.б.
Жоғары сыныптарға арналған өндірістік жиынтықтарды (коллекцияларды) пайдалануға болады: "Торф", "Мұнай", "Әктас", "Таскөмір", "Гранит" т.б. пайдалы қазбаларға арналған дайын жиынтықтар болады.
Бейнелі картиналардың үлкен кіші түрлері: жыл мезгілдері бойынша "Қыс", "Көктем", "Жаз", "Күз" бұлардың көбі орыс тілінде болғанмен сабақта пайдалануға мол мүмкіндік бар; жабайы андар; жыл құстары; үй жануарлары; үй құстары т.б үлкен қағазға түсірілген көрнекі картиналар. Сол сияқты орыс тілінде шығарылған "Жыра" (Овраг), "Төбелер" (Холм), "Дала" (Степ), "Шел" (Пустыня), "Арам шөптер" (Сорные растения), "Бақша" (Бахча), "Ағаштар", "Бұталар", "Шөп өсімдіктері". Сонымен қоса, кез-келген кішкене бейнелі суреттерді (ашық қаттар, жеке жануарлардың не өсімдіктердің суреті т.б.) таратып берілетін материалдар ретінде пайдалануға болады.
Кейде бір ғана жануарлардың тіршілігіне арналған бейнелі картиналар болады: қасқыр бөлтіріктері арасында; түлкінің тіршілігіне арналған, не кұстардың т.б. андардың жеке-жеке тіршілік ерекшелігін бейнелейтін картиналар.
Тәжірибе жасауға керекті құралдар: май шам; түрлі шыны ыдыстар; темір таба; ыдыстарды орнататын орыдық; топсаяхатқа шыққанда керекті материалдар (күрекше, сантиметрлік өлшеуіш, түсбағдар, жеңіл және жұқа тақтай, сызғыш т.б.).
Ең керекті материалдық база - бұл мектеп маңындағы үлескінің болуы. Кез келген мектептің жанынан тәжірибе жасайтын, түрлі өсімдіктер отырғызатын жерді белгілеп алуға болады. Бұл үлескіде тек бастауыш сыныптың оқушылары ғана емес, бүкіл орта мектептің оқушылары біріге отырып жұмыс істесе, сонан төменгі сынып оқушылары үйренеді. Бірақ бұл жұмысқа бастауыш сынып мұғалімі мен биологиялық пәндердің мұғалімдері біріге отырып жұмыс жасауға тиісті.
Оқушылардың өздері жасаған түрлі моделдер (Жер бедері, таулар, жыралар, өзен, көлдер т.б), муляждар (көкөністер, жеміс-жидектер) тұлыптар, суреттер т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |