2. ДӘріс тезистері


Дәріс 15 Дүниетану сабағында оқушылардың жобалау, зерттеу, рефлексиялық әрекеттерін дамыту



бет26/28
Дата18.11.2022
өлшемі136,83 Kb.
#158806
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Лекция тезистері
Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Курстық жұмыс 403 Рахымберді Аяулым, Әбдіхамит А практиа ж 9, Презентация1, Силлабус Саясаттану 1 курс каз. чётная 2022-2023, 1 лекция ПШ каз, Анализы для экз. 4 ОМ
Дәріс 15 Дүниетану сабағында оқушылардың жобалау, зерттеу, рефлексиялық әрекеттерін дамыту
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Дәрістің мақсаты: СтуденттергеДүниетанусабағында оқушылардың жобалау, зерттеу, рефлексиялық әрекеттерін дамыту жайында мағлұмат беру.
Дәріске керекті құралдар: слайдтар
Дәрістің жоспары:
1.Дүниетанусабағында оқушылардың жобалау әрекетін дамыту.
2. Дүниетанусабағында оқушылардың рефлексиялық әрекетін дамыту.
3. Дүниетанусабағында оқушылардың зерттеу әрекетін дамыту.
Дәрістің барысы:
Жоба – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс түрі. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жобалау әдісі пәндік білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың, қоршаған ортаның, өмірдің заңдылықтарын зерделеуде мәселені өзінше жоба ретінде жоспарлап шешімін табу жолдарын іздестіреді. Бұл әдістің оқу үдерісі барысындағы ерекшелігі оқушының өз жобасын құрып, шығармашылықпен айналысуында.
Жобалау әдісі ең алғаш ХХ ғасырдың басында АҚШ-ының ауылшаруашылық мектептерінде жүзеге асырыла бастаған. Бұл әдістің негізі американдық ғалымдар Д. Дьюи, У. Килпатрик, Э. Торндайк идеяларынан алынған. Кейіннен әлемнің түрлі елдерінде кеңінен танымал болып, қолданысқа ие болды.
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау, әзірлеу» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. [2].
Жоба дегеніміз – осы уақытта жоқ бірақ құрастырылуы, жасалуы тиіс заттың, мазмұнның нақты болжамы, сонымен қатар ол жағдайды немесе мазмұнды міндетті түрде қажетті бағытқа қарай өзгертеді. Жоба – оңтайлы тәсілдердің көмегімен алдын-ала жоспарланған нәтижеге жетуге, нақты проблеманы шешуге бағытталған жұмыс. Жобаның құрылымына жоба нәтижесіне жетудің тәсілі ретінде баяндамалар, рефераттар, зерттеушілік және оқушылардың басқа да өздік шығармашылық жұмыстарының элементтері кіруі мүмкін. Жобалық жұмыс – нәтижесі алдын-ала белгісіз шығармашылық, зерттеушілік мәселелерді шешумен тығыз байланысты жұмыс. Сабақ барысында және сабақтан тыс орындалатын жобалық жұмыстар оқушылардың өз беттерінше ізденулері арқылы зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын, ойлаудың зерттеушілік түрін меңгерулеріне, сонымен қатар оқу барысында белсенділік ұстанымдарын қалыптастыруға, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға жағдай жасайды.
Жоба әдісі дегеніміз – оқытудың жүйесі немесе технология. Бұл технологияны қолдану барысында мұғалім өз жұмысын нақты жоспарлайды, негізінен практикалық білім беретін жобалық тапсырмалар құрастырады және оларды біртіндеп қиындатып отырады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен және өздігінен іздену арқылы практикалық білім мен білікті меңгереді.
Педагогикалық жобалау – бұл педагогикалық іс-әрекетті өзгерту бойынша құндылыққа бағытталған, жан-жақты дәлелденген, талаптарға сай ұйымдастырылған, нақты мақсатты көздейтін кәсіби қызмет.
Ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері сабақтарында жобалық тапсырмаларды пайдаланудың мақсаты – оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттыру, оқу-танымдық білік және дағдыларын қалыптасуына көмектесу, оқу еңбегінің тиімді білік және дағдыларын меңгеру, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау, табиғи нысандарды бақылау мен тәжірибелер жүргізу барысында өздерін үнемі шыңдау арқылы, беттерінше жаңа білім алады, пәндер бойынша жобалық тапсырмаларды орындауға арналған әдебиеттерді зерделеу барысында білімдерін толықтырады және тереңдетеді.
Оқушыларды жобалық және зерттеу әрекетіне үйрету барысында қойылатын міндеттер төмендегідей болуы мүмкін:
– оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту;
– шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
– проблема қою және оны шешудің тәсілдері мен жолдарын табу біліктері мен дағдыларын дамыту;
– оқуға және өздігінен ізденуге ынталандыруға жағдай жасау;
– білім алушылардың өз әрекеттеріне, қабылдаған шешімдеріне жеке (тұлғалық) жауапкершілік сезімін, өзін-өзі бағалаудың негізін қалау;
– тұлғаның бойында коммуникативтік дағдылар қалыптастыру және дамыту;
– білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптыстыру, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Жобалау әдісі оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда, презентация және қорытынды жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Жобалық жұмысты орындау барысында оқушының бойында өз бетінше жұмыс істеуге қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
– өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады;
– таңдаған тақырыбына байланысты мақсат-міндеттер қояды;
– мақсат-міндеттеріне қарай жұмыс жоспарын құрастырады;
– алдына қойған мақсатты жүзеге асыру жолдарын іздестіреді;
– тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтауға, жүйелеуге үйренеді;
– мақсатқа жетуге қатысты орындалатын жұмыстардың әдістерін талдау, салыстыру арқылы, тиімді тәсілді таңдай алады;
– өз ойын, көзқарасын жүйелі, дұрыс және дәлелді жеткізуге дағдыланады;
– өзгелерді тыңдауға үйренеді, олардың айтқандарын ой елегінен өткізіп, сұрақ қоюға, қажет болған жағдайда өз сұрағына жауап беруге және жауабын дәлелдеуге, өз шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге дағдыланады.
Соңғы жылдары отандық білім беру тәжірибесінде болып жатқан өзгерістер мектеп қызметінің бір де бір жағын өзгеріссіз қалдырмады. Білім берудің тұлғаға бағытталған қағидаларын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа әдістері қажет болды. Қазіргі кезде көптеген тәсілдердің ішінен жобалау әдісіне ерекше көңіл бөлінеді. Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін өздігінше құруын, қосымша ақпарат жинауын, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жатады. Оқушы қажетті білімді өзі іздеп-тауып, оларды талдап, сол деректердің негізінде қорытынды шығарып, нәтиже жасауды өз бетінше жүзеге асырады.

Бұл жұмыстарды жұппен немесе топпен орындауға және атқарылатын жұмыстарды топ мүшелері арасында бөлуге болады. Жұмыстардың ара қатынастарын реттейтін келісімдер, бағалау критерийлері, жоба жасау әдістемесі, білімдік істер көлемін өзара дұрыс бөлу және олардың атқаратын міндеттері белгіленеді. Жобалық тапсырмаларды негізінен оқушылардың өздері орындайды, тапсырманы орындаудың уақыты белгіленеді. Алайда жобадағы шешілуі тиіс мәселенің күрделілігі мен ерекшелігіне байланысты, мұғалім бағыттаушы, басқарушы рөлін атқарады.


Білім беру процесінің негізі – сабақ, сабақ барысында оқыту. Білім беру құрылымындағы оқыту дегеніміз мұғалімнің оқушымен тікелей немесе жанама байланыстағы іс-әрекеті. Бірақ бұл байланыс қай түрде болғанына қарамастан, оқыту процесі білім алудың белсенді болуын көздейді. Оқушылардың іс-әрекеті мұғалім тарапынан қамтамасыз етілген, ұйымдастырылған және бақылауға алынған жағдайда, сонымен қатар оқушылардың бойында өз бетінше білім алу дағдысы қалыптасқанда ғана білім алу процесі белсенді бола алады. Жалпы білім беру процесі барысында:

  • мұғалімнің ақпаратты іріктеуі, жүйелеуі, құрылымдауы және оны оқушыларға жеткізе алуы;

  • бұл ақпаратты және онымен жұмыс істеу жолдарын оқушылардың қабылдауы, түсінуі, меңгеруі сабақ және сабақтан тыс өз бетінше білім алуы барысында жүзеге асырылады [3].

Сондықтан да оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудағы мұғалімнің басты мақсаты білімді дайын күйінде беру емес, олардың проблемалық жағдаяттарды шешу, іздеушілік, зерттеушілік, жобалық тапсырмаларды орындау арқылы білімнің басым бөлігін өздіктерінен меңгеруін қамтамасыз ету. Жобалық тапсырмаларды орындау балалардың өзбеттерінше әрекет жасауына, оқуға үйренуіне мүмкіндік береді. Жоба бойынша жұмыс барысында оқушылардың жеке, жұпта, топта, ұжымда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, балалар ақпараттың түрлі көздерінен қажетті деректі таба білуге үйренеді.
Ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық іс-әрекет оқу жылы бойы сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта да ұйымдастырылуы мүмкін. Білім беру үдерісінде жобалық іс-әрекетті қолдану сыныптық-сабақтық оқыту жүйесіне елеулі өзгерістер енгізеді, сонымен қатар жобалық тапсырмалар басқа әдіс-тәсілдермен және технологиялармен қатар қолданылады. Бұл жағдайда оқушылар жаңа материалды меңгеру және күнделікті өмірде (тәжірибеде) қолдану үшін шағын жобалар орындайды. Сонымен бірге сабақтан тыс уақытта орындалатын жобалық іс-әрекетпен айналысқысы келетін оқушыларға арналған жобалық жұмыс сабақ барысында бастау алады және басталған жұмыс сабақтан тыс уақытта аяқталады. Бұл жағдайда жобамен жұмыс істеу балалардың нақты білім саласы бойынша көзқарастарын кеңейтуге және тақырыпты тереңдетіп оқуына мүмкіндік береді.
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің нәтижеге бағытталу идеясы жатыр, практикалық немесе теориялық маңызы бар проблемелерды шешу барысында нәтиже пайда болады.
Жобалық тапсырмаларды орындау алты бөлімнен тұрады:

  1. зерттеуді жоспарлау;

  2. дереккөздермен жұмыс;

  3. экспериментті өткізу;

  4. мәліметтерді өңдеп талдау;

  5. нәтижелерді ұсыну;

  6. жобаны басқару [1].

Аталған бөлімдер тарауларға бөлінген, онда келесі нәтижелер күтіледі: дағды немесе ептілік, білу немесе түсіну (1-кесте). Әр тарауда ұйымдастырылған оқытудың бұл мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушының жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы оларды ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
Жобалау әдісі – пәндік оқу үдерісін ерекшелендіретін кешенді оқыту тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдіс – оқушылардың әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобалық тапсырмалар зерттеушілік, ақпарат жинау, шығармашылық жұмыстарды атқарумен қатар, пәнаралық байланысты жүзеге асыру тұрғысынан да шешіледі. Жобалық тапсырмаларды адам қызметінің саласына байланысты ғылыми-танымдық, коммуникативтік, тәжірибелік-қайтақұрушылық, құндылықты-бағдарлы, көркемөнер-эстетикалық, әлеуметтік, шығармашылық және т.б. болып бөлінеді.
География, биология, химия, физика пәндері бойынша орындалатын жобалық жұмыстардың бірнеше түрі бар:
– зерттеушілік (бұл жобаның нақты құрылымы, эксперименттер жүргізу міндетті болады, жоба ғылыми зерттеуғе ұқсас болуы тиіс) – реферат, баяндама, ғылыми мақала;
– рефераттық-сипаттамалық жобалар негізінен эксперименттік тексеруі жоқ ақпаратты өңдеуге, проблеманы анықтауға бағытталған;
– шығармашылық (шығармашылық іс-әрекетті сипаттау) және бұл қатарды әрі қарай өрбіте беруге болады.
Оқушылардың жобалық жұмыстарының нәтижесі баяндама, реферат, шығарма, плакат және т.б. түрде рәсімделуі мүмкін. Жобаны қорғау сатысында оқушылар өз жобаларын көрсетіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берулері тиіс. Оқушылар пікірталас жүргізуге, жұмыстарын қорғауға, жобаларының басым жақтарын көрсетуге, өз көзқарастарын сақтап қалуға, басқа адамдардың пікірлерін тыңдауға және қорытынды шығаруға үйренеді. Өз жұмыстарын қорғау барысында оқушылар шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, нақты мақсат бойынша жұмыс істей отырып білімдерін тереңдету, яғни мектеп бағдарламасында қамтылмаған тақырыптарды зерделеу мүмкіндігіне ие болады. Жобалық тапсырманы қорытындылау барысындағы шығармашылық үдеріс оқу материалына жаңаша қарауға, өз білімін жүйеге келтіруге жағдай жасайды. Жобаны қорғау ойын, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б. түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Жобаны қорғау үдерісі – мектеп оқушыларының коммуникативтік біліктерін дамытуға қажетті әдіс. Соңғы кездері компьютердің көмегімен презентация жасау жиі қолданылатын болып жүр. Презентация жасау арқылы оқушылар заманауи технологияларды қолдану дағдыларын дамыта отырып, жұмыс барысында қолданған әдіс-тәсілдерді, ақпарат көздерін сипаттайды, кездескен қиындықтар мен проблемалар туралы баяндайды. Өздіктерінен алған білімдерін, біліктерін, шығармашылық әлеуеттерін, іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді. Жобаны қорғау барысындағы оқушының сөзі қысқа және еркін болуы тиіс. Бұл кезеңде жобалық жұмысты одан әрі жалғастыру келешегіне назар аударуды да ұмытпау қажет.
Оқытудың жобалық әдісі нысан, құбылыс, іс-әрекет тәсілі туралы жаңа білім «қалыптастыруға» бағытталғандықтан, мұғалімнің сабақ барысында атқаратын рөлі де өзгеруі тиіс. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін жобалау технологиясын меңгеруі, «тәуелсіз кеңесші» рөлін атқаруы тиіс. Қорытындылай келеДүниетануциклы пәндерінде жобалық іс-әрекетті қолданудың нәтижесінде:

    1. «Мұғалім – оқушы» арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгереді:

– оқушы өз іс-әрекетінің мақсатын анықтайды – мұғалім оған көмектеседі;
– оқушы өзіне жаңа білім ашады – мұғалім білім көздерін ұсынады;
– оқушы эксперимент жүргізеді – мұғалім эксперименттің мүмкін түрлерін және әдістерін ашады, танымдық-еңбек әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі;
– оқушы таңдайды – мұғалім таңдаудың нәтижелерін болжауға көмектеседі;
– оқушы белсенді – мұғалім оқушының белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
– оқушы оқыту субъектісі – мұғалім әріптес;
– оқушы өз іс-әрекеттерінің нәтижесі үшін жауап береді – мұғалім алынған нәтижені бағалауға және іс-әрекетті жетілдіру тәсілдерін анықтауға көмектеседі.

    1. Мұғалім әр түрлі дидактикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндігіне ие.

    2. Жұмыстың орындалу шегіне қарай оқушының пәнге қызығушылығы

артады.

    1. Жобалық жұмыстар балалардың достығын нығайтады, тіл тапқыштық қабілеттерін, топта жұмыс істеу біліктерін және ортақ жұмыс үшін жауапкершіліктерін дамытады.

    2. Жобалық жұмыс өз және достарының тәжірибесі арқылы оқуға мүмкіндік береді.

    3. Өз жұмысының нәтижесін көру оқушыларға үлкен қанағаттану және өз күшіне сену сезімін әкеледі, сондай-ақ өзін-өзі бағалауын жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет