2. ДӘріс тезистері


Кәсіпкерлік түрлерінің сипаттамасы



бет7/37
Дата09.01.2022
өлшемі126,75 Kb.
#110589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
2 сем ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Экономика және бизнес негіздері ДАЖ 20-21 оқу ж. (1)

3 Кәсіпкерлік түрлерінің сипаттамасы

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерік - тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік - бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау - кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.

  • Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;

  • Өндірістің жаңа әдісін енгізу;

  • Жаңа өткізу рыногына шығу;

  • Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;

  • Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мұмкін.
4 Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері

Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі нұсқалары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес. Қарыз капиталын қолдануға болады, алайда қарыз капитал пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.

Меншіктің формасына сәйкес кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

  • индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

  • серіктестік немесе партнерлік;

  • корпорация (акционерлік қоғам).

Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлкі мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі- капиталаның аз мөлшерде болуы.

Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.

Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.

Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады.

Кемшіліктері:

  • шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

  • фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;

  • фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі- акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады.

Корпорацияның артықшылықтары:

  • акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

  • акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқығы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға, қатыспауына болады;

  • басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;

  • корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:

  • акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі- корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі- акция ұстаушы табысының бөлігі деп;

  • экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;

  • меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.

Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет