ә) жетілмеген бәсеке.
Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.
Жетілген бәсеке дегеніміз - бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны нарық белгілейді.
Жетілмеген бәсеке дегеніміз - таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.
Жетілген жіне жетілмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:
Бәсеке формалары
|
Фирмалардың саны мен көлемі
|
өнім түрлері
|
Нарыққа ену шарттары
|
Ақпарат алу мүмкіндіктері
|
Жетілген
|
Көптеген кіші фирмалар
|
Біртекті өнім
|
Ешқандай қиындық жоқ
|
Қиындық жоқ
|
Монополиялық
|
Көптеген кіші фирмалар
|
әртүрлі өнім
|
Қиындық жоқ
|
Бірнеше қиындық
|
Олигополия
|
Бірнеше ірі фирмалар
|
Біртекті өнім
|
Жекелеген қиындықтар бар
|
Бірнеше шектеулік
|
монополия
|
Жалғыз фирма
|
Ең жоғары сападағы өнім
|
Кіруге мүмкіндік жоқ
|
шектеулі
|
Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:
а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде өз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.
ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арасындағы бәсеке.
Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:
Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.
Дифференциалды олигополия - бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.
б) Монополия - жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері болуы керек:
а) өнім өндіру масштабы;
ә) құқықтық артықшылығы;
б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);
в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.
Қосымша табыс алу мақсатында, монополия, өзінің нарықтық күшін пайдаланып, бірдей тауарларды әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатады. Әртүрлі бағаларды қолдану баға алалаушылығы деп аталады. Оның 2 түрі бар:
сатылатын өнім бірлігі бойынша алалаушылық;
тұтынушылар арасындағы алалаушылық.
Баға алалаушылығының пайда болуының 3 шарты бар:
а) фирманың күшті монополиялық күші болуы керек, баға белгілеу мен өндірісті бақылайтын;
ә) тауарды қайта сату болмау керек;
б) нарықты сегменттеуге өндірушінің икемі.
Достарыңызбен бөлісу: |