2. ДӘріс тезистері


-дәріс. Тақырыбы: Қоғамдық өндірістің нысандары.тауарлы өндіріс. Ақша



бет9/25
Дата07.02.2022
өлшемі116,53 Kb.
#86169
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
общий лекция экономика
общий лекция экономика
5-дәріс. Тақырыбы: Қоғамдық өндірістің нысандары.тауарлы өндіріс. Ақша

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен үлгілері.
2.Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы.
3.Тауарлы шаруашылығының: мәні, пайда, бөлу жағдайлары мен себептері.
4.Тауар айырбасы. Еңбек құн теориясы тауардың қасиеттері туралы. Құн заңы.
5. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қоғамдық өндірістің екі формасы бар: натуралды және тауарлы. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолыңмен жасау жатады. Ол өндіріс күшінің әлсіз дамуы мен өндірген өнімге қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігінмен сипатта. Біріншісі қандай да бір болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Ал екіншісі болса тарихи сипатқа ие, ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болды. Өзінің өрленуіне басымдылық жағдайға жетті, кейін анағүрлым жетілген формаға ороын беріп, құлдырауға түсті. Сондықтан натуралды – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа жеткізуге ұмтылған. Басым форма ретінде натуралды шаруашылық тарихтың өлшеп берген жолын өтеп берді. Алайда өндіріс тұтынушы принципі бойынша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементін қазіргі заманғы қоғамның макро, микро деңгейлерінде көрінеді.
Микродеңгей - натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсеткен бау-бақша жеріндегі жұмыс мысал бола алады.
Макродеңгей - бір ғана елдің шегінде өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады.
Тауарлы - өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірілген тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық. Тауарлы шарушылықтың пайда болуының шарты – нақты бір өнімді шығаруға өндірістің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі үшл кезеңнен тұрады:
1) мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасында ұдайы айырбастың пайда болуына жағдай жасады.
2) қол өнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды.
3) сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
Тауар сату және сатып алу үшін өндірістен өнім тауардың екі түрі бар: тұтыну құны және айырбас.
Тұтыну - адамның, қоғамның қандай да болмасын бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас - тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті.
Құн заңы тауар өндірілетін тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңы іс-әрекетінің мәні мынада: тауарды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан құн заңы тауарлы өнімнің ең мәнді сипатын көрсетеді. Ал тауар-ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға - құн заңының көрінісі.
Еңбек өнімдерінен бастап, қүн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Құн заңы әрекет етуге тек нарықтық бәсеке арқылы көрінеді.
Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның атқаратын қызметтері:
- құн өлшемі;
- айналыс құралы;
- төлем құралы;
- қордану (қазына жинау);
- әлемдік (валюта);
Ақша айналыс құралы қызметін тауар ақша тауар (Т-А-Т) формасы бойынша тауарды делделдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл форма екі актіге бөлінеді.
1. сату тауар ақша;
2. сатып алу тауар ақша;
Ақша айналысы – төлем құралы мен айналыс құралы қызметін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет