2. ДӘріс тезистері


-дәріс. Тақырыбы: Сұраныс пен Ұсыныс теориясының негіздері



бет11/25
Дата07.02.2022
өлшемі116,53 Kb.
#86169
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
общий лекция экономика

7-дәріс. Тақырыбы: Сұраныс пен Ұсыныс теориясының негіздері

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1.Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар. 2.Ұсыныс заңы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар.
3.Икемділік.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілелеттілігі бар тұтыныс.
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азайады, яғни сұраныс деңгейі төмен болады және керісінше, баға төмен болған сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.
Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық.
Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді.
Сұраныс қызметі – сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішіндегі ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады.
Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді:

    1. тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);

    2. ұнайтын және басымдық беретін нәрселердің өзгеруі;

    3. Бағаны және тапшылықты күту;

    4. Жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;

    5. Субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының төмендеуі;

    6. Сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б.

Барлық сатушылар нарықта ең жоғарығы баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға ұмтылады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденцияның болуы бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға , өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ұсыныс-тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы.
Ұсыныс Сұранысды өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырылады; ал, Сұраныс болса, тауар Ұсынысының көлемі мен құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы өндіріледі.
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады.
Ұсыныс қисығы - өндірушілердің дәл осы уақыттыа түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық.
Ұсыныс қызметі ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді.

  1. өндіріс ресурс факторларының бағасы;

  2. технология;

  3. нарықтық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;

  4. салықтар мен субсидиялар көлемі;

  5. сатушылар көлемі.

Нарықты дамыту барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі іске асырылады. Бұлкезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл атқарады.
Тепе-теңдік баға - бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепе тең бағаны құру – белгілі бір уақыт санын қажет ететін процесс. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тез өзара бейімделуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет