Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері



Дата08.02.2022
өлшемі344,96 Kb.
#124948
Байланысты:
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері

Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері

Орындаған:Серікқызы Сабина

Тексерген:Кукузова Г.Қ

Жоспар

  • Сұраныс;
  • Ұсыныс;
  • Қисық сызығы;

Сұраныс

  • Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.
  • Сұраныс заңы:
  • А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
  • ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.

Сұраныс қисығы,Сұраныс деңгейі

  • – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.
  • Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.
  • Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.
  • Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.
  • Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
  • а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді
  • ә) бағалық емес факторлар.
  • Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
  • - Тұрғындардың ақшалай табыстары;
  • - Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;
  • - Тұтынушының талғамы мен талғауы;
  • - Жинақталған мүлік;
  • - Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;
  • - Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.

Ұсыныс

  • -белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.

Ұсыныс қисығы,Ұсыныс деңгейі

  • Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
  • Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
  • Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
  • Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
  • а) баға;
  • ә) бағалық емес факторлар.

Бағалық емес факторлар әсері

Сұраныс қисығы


5
2
1
5
Тауар бағасы төмендеген сайын сұраныс арта түседі.
Тауар бағасы азайған сайын сұраныс азая түседі

Ұсыныс қисығы


Баға,Р
Q
P-баға
Q-тауар көлемі

Экономикаға шолу: Қазақстанда 17 мыңнан аса кәсіпорын жабылды

  • Жыл басынан бері елде 17 мыңнан аса кәсіпорын жабылған. Бұл былтырмен салыстырғанда 35 процентке көп. Басым бөлігі сауда және көлік жөндеу салаларында. Статистика бюросының хабарлауынша, 6 мың кәсіпорын қызметін тоқтатқан, деп хабарлайды Хабар 24. Сондай-ақ құрылыс саласында 2178, кәсіби және ғылыми техникалық бағыттарда 1138 компания қызметін тоқтатқан. Жаппай жабылу көрсеткіші, әсіресе, қонақүй және тамақтандыру салаларында айтарлықтай жоғары. Былтырмен салыстырғанда олардың саны 87,7 процентке көбейген. Сондай-ақ қаржы және сақтандыру, ақпарат және байланыс салаларында жағдай мәз емес. Жалпы, мамандардың есебінше, бұл жағдай экономиканың 19 сегменттің 17-сінде байқалады.
  • ӘЛЕМДЕ МЕТАЛЛ ҚЫМБАТТАДЫ
  • Энергетикалық дағдарыс металдың биржадағы бағасына айтарлықтай әсер етті. Кейбір материалдардың құны қазірдің өзінде көпжылдық максимумге жеткен. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды. Лондон металл биржасының дерегі бойынша, қазан айында мыс 10 мың долларға қымбаттаған. Мұндай жағдай кейінгі он жылда бірінші рет тіркеліп тұр. Ал мырыштың құны үш жарым мың долларға өскен. Соңғы рет оның бағасы 2008 жылы қаржы дағдарысы кезінде көтерілген. Мамандардың пайымынша, бұған әлемде металға деген жоғары сұраныс пен жеткізіп берудегі қиындықтар әсер еткен. Ал оның зардабын өндірушілер тартып отыр. Мәселен, әлемдегі ең ірі мырыш жеткізушілерінің бірі – Настар Еуропадағы үш зауытта өндіріс көлемін екі есе қысқартатынын мәлімдеді. Қазір Лондон металл биржасындағы қоймаларда мыс қоры 1974 жылдан бері алғаш рет рекордық деңгейде азайды. Қыркүйек айында олардың көлемі 200 мың тонна болса, бүгінде небары 14 мың тоннасы қалған. Голдман Сакс сарапшылары жағдай жыл соңына дейін оңалмайтынын, ал келер жылы қор тіптен таусылуы мүмкін дегенді айтады.
  • АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ Елде бір аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 0,2 процентке қымбаттап шыға келді. Соның ішінде орамжапырақтың бағасы 3,5 процентке, жұмыртқа 1,6 процентке өскен. Әсіресе Алматы, Түркістан және Атырау облыстарында қымбатшылық байқалады. Жағдайды реттеу жолдары Асқар Маминнің қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Оған сәйкес, өңірлерде әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің тағы 273 мың тоннасы сатып алынған. Премьер-министр аймақ басшыларына бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыруды тапсырды. Айта кетейік, өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны көпе-көрнеу өсірген нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне 4 ескерту жасады. Нұр-Сұлтан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар түрі бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 дерегі анықталған. Ал талапты орындамаған Тараз қант зауытына қатысты тергеу тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет