Аниондар анализі. Аниондардың жіктелуі. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Аниондардың сараптамасы.
2. Аниондардың жіктелуі. Топтарға жалпы сипаттама. Топтық реагенттер.
3. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш аниондар
Дәрістің қысқаша мазмұны: Аниондар теріс зарядты бөлшектерден, атомдар немесе әртүрлі элементтердің атом топтарының жиынтықтарынан тұрады. Бұл бөлшектер бір немесе бірнеше атомдардан тұруы мүмкін. Жалпы аниондарға тән катиондар сияқты нақты топшалар жоқ, бірақ аниондардың барий және күміс тұздарының ерігіштігіне байланысты және тотығу-тотықсыздану реакцияларына байланысты жіктелуін сапалық анализде пайдаланады.Аниондардың барий және күміс тұздарымен нашар еритін қосылыстар түзуі бойынша жіктелуі. Аниондардың тотығу-тотықсыздану қаситеттеріне негізделген жіктелуі.
Аниондарға теріс зарядты бөлшектер, атомдар немесе әр түрлі элементтердің атом топтарының жиынтықтарынан тұратынын бейорганикалық химия курсынан білеміз. Бұл бөлшектер бір немесе бірнеше теріс зарядты болуы мүмкін. Аниондардың катиондардан айырмашылығы, олар күрделі құрамды, бірнеше атомдардан тұруы мүмкін.
Жалпы аниондарға тән катиондар сияқтыжіктелуі жоқ. Қазіргі кезде жиі қолданылатын жүйе бойынша аниондардың барий және күміс тұздарының ерігіштігіне байланысты үш топқа бөледі.