Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі неге тәуелді?
2. Күшті немесе әлсіз электролиттер деп нені айтады?
3. Диссоциациялану константасы мен коэффициенті арасында қандай байланыс бар?
4. Активтілік коэффициенті және иондық күш деген не?
5. 25оС температурада 0,1М Н2S ерітіндісіндегі (диссоциацияның екінші сатысын ескермей) Н+ ионының концентрациясының мәні неге тең? Жауабы: [H+] = 7,6 ∙ 10-5 моль/л.
6. Бір литр ерітіндіде 2,5608 сірке қышқылы бар. Сутек ионының концентра-циясын және қышқылдың диссоциациялану дәрежесін есептеңіз (25оС-та КСН3СООН = 1,8 ∙ 10-5)? Жауабы: [H+] = 0,0008 моль/л, α = 0,02 (2%).
7. 0,056 моль/л NH4OH және 0,1 моль/л NH4Cl бар ерітіндінің рН нешеге тең? Жауабы: рН = 9,0
8. 1л ерітіндіде әрқайсысы 0,05 моль стронций нитраты Sr(NO3)2, калий хлориді KCl және сірке қышқылы CH3COOH бар ерітіндінің иондық күші нешеге тең? Жауабы: 0,20.