2. ДӘріс тезистері


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет2/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1.Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиясы, оның мақсаты және міндеттері.
2.Дене тәрбиесі және спорт түрлері физиологиясының дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.
3.Дене жүктемелеріне бейімделу. Бейімделудің - жедел, өтпелі, ұзақ, тозу кезеңдері.
4.Бейімделу құны


Тақырыбы: Кіріспе. Адам ағзасындағы зат алмасуының жалпы заңдылықтары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Биохимия - тірі ағзаның химиялық құрамы және тіршілік әрекеті негізіне жататын химиялық процестер туралы ғылым. Спорт биохимиясы нәтижелерін дене шынықтыру және спорттық шынығу процесінде пайдалану.
2. Биохимияның дене шынықтыру және спорт бойынша мамандарды дайындау үшін маңызы. „Дене шынықтыру және спорт биохимиясы" ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
3. Зат алмасу туралы түсінік. Зат және қуат алмасуы - барлық биологиялық қызметтердің негізі.
4.Ассимиляция (анаболизм) және диссимиляция (катаболизм), олардың өзара байланысы, адамның жасына, тамақтануына, қызметтік белсенділігіне тәуелділігі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Биохимия – тірі ағзаның химиялық құрамы, олардағы болатын және тіршіліктерінің негізі болып саналатын химиялық және энергетикалық үрдістері жайлы ғылым. „Дене шынықтыру және спорт биохимиясы" - биохимияның бір бөлімі.
Спорт биохимиясы пәнінің мақсаты: Дене шынықтыру және спорт жаттықтырушылары баклаврларына организм тіршілігінің химиялық үрдістері мен организмде дене шынықтырумен, спортпен шұғылданғанда байқалатын биохимиялық өзгерістер туралы білім беру.
Міндеттері:
1) Білім алушыларды адам организміндегі зат алмасудың биохимиялық негіздерімен таныстыру;
2) Организмдегі энергия алмасуының ерекшеліктері мен олардың химиялық үрдістермен байланысын түсіндіру;
3) Спортшы организмінің жүйелі денелік жүктемелерге бейімделуінің биохимиялық үрдістері туралы мәліметтер беру;
4) Білім алушыны биохимиялық зерттеулердің нәтежиелерін бағалап, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану барысында организмнің функциональдық мүмкіншіліктерін анықтауда қолдануға үйрету;
5) Спорт биохимиясы пәнінен алған білімдерін дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды ғылыми тұрғыдан тиімді ұйымдастыруда пайдалануға үйрету.
Спорт биохимиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы:химия, физика және биофизика; анатомия мен спорт морфологиясы негіздері; жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы, физиология және жекеленген спорт түрінің физиологиялық негіздері; психология және педагогика.
Зат алмасуы (метаболизм) – организмнің тіршілігі үшін қажетті энергия және қоректік заттармен қамтамасыз етуге бағыттылған күрделі физиологиялық және химиялық үрдістер.
Анаболизм және катаболизм – организмдегі зат алмасуында бір мезетте, бір біріне қарама-қарсы әрі бір бірімен тығыз байланысты үздіксіз жүріп жататын үрдістер.
Катаболизм (диссимиляция) – күрделі заттардың қарапайым заттарға ыдырап, олардың тотығу үрдістеріне қатысып, ыдырау өнімдерінің организмнен сыртқа шығарылуы.Катаболизм барысында энергия бөлінеді.
Анаболизм (ассимиляция) – қарапайым заттардан күрделі заттардың синтезделіп, организмнің өсуі мен дамуы және тіршілігі үшін қолдану үрдістері. Анаболизм барысында энергия жұмсалады.
Организмге қажет энергия көзі болып қоректік заттар: ақуыздар, майлар және көмірсулар табылады.Организмнің энергия шығындары: 1.реттелмейтін энергия шығындары – негізгі алмасу мен тағамның арнайы-динамикалық әсеріне жұмсалады. 2.реттелетін энергия шығындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет