2. ДӘріс тезистері


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет14/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)
Әлеуметтану тест, ТЖБ 4 қазақ тілі - Хожаназар Бекарыс, Қазақ тілі (2), Қазақ тілі (2), Биология тест жауаптары, Аскери дайындык жауаптары (1), abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy, Ббб, 81369, ҚМЖ үлгі, Острый аппендицит, OVP, 7 тема Маннапов, рубежка задачи биологич
Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Ферменттер: химиялық табиғаты және биологиялықрөлі.

  2. Ферменттердіңклассификациясы.

  3. Гормондар, биологиялық ролі.

  4. Гормондардың түрлері және организмге әсері.

Гормондардың жалпы қасиеттері.

2

9



Тақырыбы: Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Әйел ағзасының морфофункционалді ерекшеліктері.
2. Әйелдердің қимыл аппаратының және денелік дамуының физиологиялық ерекшеліктері.
3. Әйелдердің анаэробты және аэробты жұмысқа қабілеттіліктері.
4. Биологиялық циклдің әйелдің жұмысқа қабілеттілігіне әсері.
5. Шынығу процестерін биологиялық циклдің кезеңдерін жекелей ескере отырып жүргізу.Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Әйелдердің қаңқасы біршама нәзік, денесінің ұзындығы мен салмағы біршама аз, бұлшық ет-сіңір аппараттарының күші аз, иықтары қушиған, жамбастары кең және ерлермен салыстырғанда төмен орналасқан, осыған орай ауртпалық орталығы төмен орналасқан, тұрақты болып келеді, тұлғасы аяқтарына қарағанда ұзын, май ұлпалары қалың, бұлшық еттерінің (әсіресе мойын, арқа, саусақ) күші аз болып келеді.
Әйелдерде дене сапаларының айқындалу ерекшеліктері арнайы болып келеді. Әйелдердің күші ерлерден төмен, өйткені олардың бұлшық ет салмағы аз және бұлшық ет талшықтары жіңішке. Бұлшық еттері әйелдердің дене салмағының 30-35%-ын (ерлерде – 40-45-ын) құрайды. Максимальды ерікті күш – қолдікі-40-70%, аяқтікі – 70-80%. Шапшаңдық әйелдерде ерлерден 10-15%-ға төмен. Әйелдерде уақыттың көбі ағзаға түскен ақпаратты талдауға жұмсалады, сонды0тан оларда ұзақ орындалатын аэробты сипатты циклді жұмыстарға деген төзімділік жақсы жетілген. Бұл үлкен май қорларымен және олардың қуат көзі ретінде жұмсалуымен байланысты. Ептілік пен иілгіштік 8-11 жастың өзінде жақсы айқындалады.
3. Маргарий тесті, қандағы сүт қышқылының концентрациясы, максимальды оттектік борыш арқылы бағаланатын анаэробты мүмкіндіктер әйелдерде ерлермен салыстырғанда 25-50%-ға төмен. Оттегінің максимальды қолданылуымен (ОМҚ) бағаланатын әйелдердің аэробты мүмкіндіктері орта есеппен ерлерден 25-30%-ға төмен. Жоғары дәрежелі спортшыларда ОМҚ орташа есеппен 3,5-4,5 л/мин-1 немесе 60-70 мл/кг-1/мин-1.
4. Ағзаның функционалді күйінің,спорттық жұмысқа қабілеттіліктің, дене сапаларының өзгерістері әйелдерде овариалді-менструалді циклге (ОМЦ) байланысты. Бұл циклдің ұзақтығы – 21-36 күн. Орта есеппен 60% әйелдерде – 28 күн. Бүкіл цикл 5 кезеңге бөлінеді: І кезең – менструалді кезең (1-3 күн, кейде 7 күнге дейін); ІІ – постменструалді кезең (4-12-ші күн); ІІІ – овуляторлы кезең (13-14-ші күн); ІУ – постовуляторлы кезең (15-25-ші күндер); У – менструация алдыңғы күн (26-28-ші күндер).
ОМЦ-ң І,ІІІ,У кезеңдерінде әсіресе байқау қажет. Арнайы микроцикл кезеңдері бар, олар етеккірден 1-2 күн алдын және етеккір кезеңі. Шынықтыру мезоцикліне ОМЦ-28 күн болған кездегі 3 қалыпты микроцикл және 1 арнайы микроцикл кіреді (А.С.Солодкрв, Е.Б.Сологуб,20005, 37 сурет). Арнайы микроцикл кезеңінде жүктеменің жалпы көлемін азайту ұсынылады. Көбіне қолмен орындалатын жаттығуларды орындаған дұрыс. Статикалық жүктемелерді, зорығумен орындалатын күшті қажет ететін жаттығуларды орындауға болмайды. Жамбас және құрсақ бұлшық еттеріне статикалық және динамикалық жүктеме түсіруге болмайды. Жүктіліктің алғашқы 3 айында шынығуға болады. Жүктіліктің екінші жартысында шынығу тоқтатылып, нәрестені емізуді қойғаннан кейін ғана қайта жалғастыруға болады.Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1. Әйел ағзасының морфофункционалді ерекшеліктері.
2. Әйелдердің қимыл аппаратының және денелік дамуының физиологиялық ерекшеліктері.
3. Әйелдердің анаэробты және аэробты жұмысқа қабілеттіліктері.
4. Биологиялық циклдің әйелдің жұмысқа қабілеттілігіне әсері.
5. Шынығу процестерін биологиялық циклдің кезеңдерін жекелей ескере отырып жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет