2. ДӘріс тезистері


Тақырыбы:Ферменттер, гормондар



бет13/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)

Тақырыбы:Ферменттер, гормондар


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Ферменттердің организм тіршілігі үшін маңызы.

  2. Ферменттердің құрылысы мен қасиеттері.

  3. Ферменттердің жіктелуі.

  4. Гормондар, жалпы сипаттамасы.

  5. Гормондардың организмдегі зат алмасуды реттеудегі ролі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ферменттер- жоғарғы дәрежеде маманданған қарапайым және күрделі белоктар, жасушада жүретін химиялық реакциялардың жылдамдығын тездететін биологиялық катализаторлар. Адам ағзасында зат алмасу процесінің негізін құрайтын барлық химиялық реакциялар олардың жүру жылдамдығын тездететін ерекше заттар. Ферменттер немесе энзимдер қызметінің аркасында салыстырмалы белгілі бір температурада, қысымда, сол ортаның белсендіреакциясында өте тез өтеді. Ферменттер жасуша цитоплазмасында, жасушааралық құрылымдарда (ядро, митохондрий, рибосомалар, лизосомалар т.б.) және жасуша мембранасында кездеседі. Қазіргі кезде белгілі ферменттердің бәрі химиялық табиғаты жағынан белоктар. Ферменттердің көпшілігінде ақуыздардан басқа құрамында бейақуыз табиғатты белсенді зат – коферментболады. Көп жағдайда ферменттерде кофермент ретінде витаминдер мен микроэлементтерсаналады.
Ферменттердің жалпы қасиеттері: жоғары катализаторлықбелсенділігі; қызметтердің ерекше бөлінуі; белсенділіктің температурағабайланыстылығы; олардың белсенділігінің ортаның реакциясынабайланыстылығы.
Ферменттердің аталуы үшін үш түрлі номенклатура пайдаланылады: тривиальді, рационалды және жүйелі. Тривиальді номенклатура ферменттердің қызметтік атауы, олар ферменттердің арнайы әсерін көрсетеді. Мысалы, асқорыту жүйесінде белоктарды ыдырататын пепсин және трипсин тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездететін ферменттер тобы цитохромдар деп аталады т.б. Рационалды номенклатура бойынша ферменттердің атауы олар әсер ететін химиялык заттардың атауына "аза" деген жалғау тіркеледі. Мысалы, крахмалды ыдырататын фермент амилаза, майларды ыдырататын липаза, сахароза ыдырататын сахараза, АҮФ қышқылын ыдырататын АҮФ - аза т.б. Халықаралық жүйелі бірлік бойынша жүйелі номенклатура ферменттердің атауы оларәсер ететін субстраттың атымен жэнс әсер ететін реакция түріне "аза" жалгауы тіркеледі. Мысалы, сүт қышқылын тотықтыру реакциясына лактатдегидрогеназа ферменті қатысады. Ферменттер молекулаларының құрылысына қарай
2 топка бөлінеді: 1) тек қана белоктардан хұратын бір компонентті ферменттер; 2) молекулаларының құрамына белоктан басқа простетикалық топ деп аталатын белоксыз заттар кіретін екі компонентті ферменттер. Бір компонентті ферменттерде аминқышқылдарының әртүрлі функционалды топтары осы белсенді орталық қызметін атқарса, екі компонентті ферменттерде белсенді орталық металл (Ғе,Со,Си,Мп) немесе кіші молекулалы органикалық заттар: витаминдер, нуклеотидтер т.б. болуы мүмкін. Күрделі ферменттер апофермент деп аталатын белокты бөлімнен және белоксыз - кофактордан тұрады. Фермент кұрамындағы кофакторлар әртүрлі органикалық заттар және олардың туындылары, минералды заттар болуы мүмкін.Ферменттер белсенділігі өте жоғары болгандыктан, кейбір химиялық реакциялардын жылдамдығы миллион рет артады. Ферменттер субстратқа, сондай-ақ химиялық байланыстың түріне талғаушылық көрсетеді.Ферменттердің талгаушылық касиетінің шамасы түрліше болады. Мысалы,сахараза ферменті тек дисахарид сахарозаға әсер етіп, оны ыдыратса, липаза ферменті күрделі эфир байланысына әсер етіп, барлық майларды ыдыратады.
Гормондар (грек. гормо – іске қосамын, қозғаймын) - ішкі секрециялық бездердің өнімдері. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметтін реттеуге қатысады. Гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлеледенген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-астам гормондар бары белгілі. Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын асты және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде жартылай ішкі секрециялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда қанның қысымын артыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі. Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер өзінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Ішкі секрециялық безедрдің гомондары, олардың қызметі. Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон - өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге әсер етеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пиктограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде, екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни белгілі бір қашықтықта тұрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет