2. ДӘріс тезистері


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет12/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)
Әлеуметтану тест, ТЖБ 4 қазақ тілі - Хожаназар Бекарыс, Қазақ тілі (2), Қазақ тілі (2), Биология тест жауаптары, Аскери дайындык жауаптары (1), abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy, Ббб, 81369, ҚМЖ үлгі, Острый аппендицит, OVP, 7 тема Маннапов, рубежка задачи биологич
Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Дәрумендер, жіктелуі, зат алмасудағырөлі.

  2. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоздардың анықтамасы? Бұл құбылыстардың себебі?

  3. Майда ерігіш дәрумендер (А, Д, Е,К).

  4. Суда ерігішдәрумендер.

  5. Провитаминдердің анықтамасы (мысалкелтіріндер)?

  6. В1дәруменінің жетіспеушілігі қаңқа бұлшық еттері қызметінің қандай бұзылушылығына әкепсоғады?

  7. Д дәруменін мөлшерден тыс немесе жеткіліксіз қоректенудің салдарықандай?

  8. Тағамдық өнімдер – дәрумендеркөзі.

  9. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданғанда организмнің дәрумендерге қажеттілігі.

2

8

Тақырыбы:Сыртқы қоршаған ортаның ерекше жағдайларындағы спорттық жұмысқа қабілеттіліктің физиологиялық негіздері.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. 1. Адам ағзасына орта биіктік факторлары әсерінің физиологиялық механизмдері.

  2. 2. Орта биіктікке жедел және ұзақ бейімделудің механизмдері.

  3. 3. Кері (таудан жазыққа түскен кездегі) бейімделудің ерекшеліктері.

  4. 4. Ауаның температурасының және ылғалдылығының спорттық жұмысқа қабілеттілікке әсері

  5. А) жоғары температура және ылғалдылық жағдайындағы спорттық жұмысқа қабілеттілік.

  6. В) Төменгі температура жағдайындағы спорттық жұмысқа қабілеттілік.

  7. 5. Аймақтық-климаттық белдеудіктердің ауысуы кезіндегі спорттық жұмысқа қабілеттілік.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Орта биіктіктің адам ағзасына әсер етуінің физиологиялық механизмдері. Тауға көтерілгенде биіктіктің үш түрлі деңгейі анықталады: 1) төменгі биіктік – теңіз деңгейінене 1000м биіктікке дейін; 2) орта биіктік – 1000-3000 м биіктік аралығында; 3) жоғары биіктік – 3000м-ден жоғары. Спортшылардың негізгі шынығулары және жарыстар 3000м биіктікке дейінгі деңгейде жүргізіледі; яғни орта биіктікте өтеді. Тауда адамға орта биіктік факторлары әсер етеді. Бұл факторлар барометрлік қысымның, парциалдік қысымның, әсіресе оттегінің қысымының, температураның, ауаның ылғылдылығының төмендігімен; оның жоғары йондалуымен, жоғары күн сәулесі радиациясымен және гравитация күшінің азаюымен сипатталады.
Тауда адам ағзасының функционалді күйіне әсер ететін негізгі фактор – ылғалды ауаның құрамындағы оттегінің парциалді қысымының төмендеуі болып табылады, ал ол өз кезегінде патологиялық күй- гипоксияға әкеп соғуы мүмкін. Гипоксия дегеніміз – ұлпалардағы оттегі мөлшерінің төмендеуі. Оттегі біршама жетіспегенде адам ағзасында тау ауыруы деп аталатын патологиялық күй туындайды. Тау ауруының субъективті белгілеріне – адамның басының ауруы, басының айналуы жатады, бұл кезде мұрыннан қан кетіп, адамның тынысы тарылып, жүрегі айнып, құсып, есінен танып қалуы мүмкін. 2. Орта биіктікке жедел және ұзақ бейімделудің механизмі. Гипоксияның адам ағзасына әсерінің физиологиялық механизмі оттегі жетіспеуін жеңуге бағытталған бейімделулі сипатты болып келеді.
Жедел бейімделу тыныс алу және қан айналым мүшелерінің қызметінің күшеюімен; эритроциттердің, гемоглобиннің мөлшерлерінің; айналымдағы қанның көлемінің және оның оттектік сыйымдылығының артуымен айқындалады. Осы аталған өзгерістердің барлығы жүруі үшін уақыт қажет. 2000-2500 м биіктікте жедел бейімделу үшін қажетті минималді уақыт – 7-10 күн.
Ұзақ бейімделуге 1500-3000м биіктікте кем дегенде 4-6 апта болу қажет. Бұл мерзім шамамен берілген, өйткені көпшілік жағдай адамның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты.
Ағзаның қызып кетуінің алдын алу үш түрлі физиологиялық процестермен жүзеге асады: 1) терідегі қан ағымы күшейеді, ол жылудың ядродан дененің сыртқы бетіне өтуін және тер бездерін сумен қамтамасыз етеді; 2) тер бөлінуі және оның булануы күшейеді. Мұндай жағдайда сағатына 2л-ге дейін тер бөлінуі мүмкін. Қалыпты жағдайда, тыныштық күйде 0,5-0,6 л тер бөлінеді; 3) қуат жұмсалуы азаяды, ал ол жылу өнімдерінің кемуіне әкеп соғады.
Төменгі температура жағдайында АҮФ қуаты негізінен жылу өндіруге жұмсалады да, бұлшық ет қызметін қамтамасыз етуге аз қалады. Төменгі температураға бейімделу механизмі жылу өндірілуінің артуымен және жылу бөлінуінің төмендеуімен жүреді.
Жылу бөлінуінің азаюы бірқатар процестердің есебінен жүреді:1) тері қан тамырлары тарылады; 2)дененің температуралық қабығының жылуды оқшаулау қасиеті артады; 3) қанның қайтуы терң веналардың бойымен жүреді де, жылу бөлінуі төмендейді.Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1. Адам ағзасына орта биіктік факторлары әсерінің физиологиялық механизмдері.
2. Орта биіктікке жедел және ұзақ бейімделудің механизмдері.
3. Кері (таудан жазыққа түскен кездегі) бейімделудің ерекшеліктері.
4. Ауаның температурасының және ылғалдылығының спорттық жұмысқа қабілеттілікке әсері
А) жоғары температура және ылғалдылық жағдайындағы спорттық жұмысқа қабілеттілік.
В) Төменгі температура жағдайындағы спорттық жұмысқа қабілеттілік.
5. Аймақтық-климаттық белдеудіктердің ауысуы кезіндегі спорттық жұмысқа қабілеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет