2. ДӘріс тезистері


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет9/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Липидтердіңклассификациясы.

  2. Липидтер, қарапайым және араластриглицериттер.

  3. Липоидтер.

  4. Майдықорыту.

  5. Майдың аралықалмасуы.

  6. Тіндегі майлардыңыдырауы.

  7. Бейтарап майлардың гидролизі.

  8. Жоғары май қышқылдары(ЖМҚ).

Майлардыңсинтезі.

2

5

Тақырыбы:Белоктар (ақуыздар) және амин қышқыларының алмасуы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Ақуыздардың биологиялық рөлі.

  2. Ақуыздардыңқорытылуы.

  3. Ақуыздар мен амин қышқылдарының аралықалмасуы.

  4. Амин қышқылдары ыдырауының соңғыөнімдері.

  5. Азоттықбаланс.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ақуыздар – амин қышқылдарынан құралған жоғары молекулалы заттар. Ақуыздардың құрамына көміртек, сутек, азот, күкірт, сонымен қатар фосфор, J, Fe, Cu, Br, Mn және т.б. аз мөлшерде кіреді.
Ақуыздардың қатысуымен тітіркену, бұлшық еттердің қысқаруы, ас қорыту, өсу мүмкіншілігі, көбею, қозғалу сияқты функциялар жүзеге асады. Организмде атқаратын қызметтері:

    • ағзадағыбарлықүрдістерақуыздар – химиялықүрдістердіңкатализаторы – ферменттерарқылыжүреді;

    • тіреуішқызметі – ақуыздаршеміршектердің, терінің, қаңқаныңнегізіболыптабылады;

    • реттеушілік – заталмасудыңреттеушісігормондар – ақуыздар (инсулин, глюкагон, вазрпрессинжәнет.б.);

    • тасымалдаушы – тасымалдаушыларақуызтабиғаттыболады (гемоглабинО2тасымалдайды, Na, K-АТФазамембраналықпотенциалдыреттейдіжәнет.б.);

    • қорғаушы – ақуыздар иммунитеттіңнегізі;

    • қысқартушы – бұлшық еттердің қысқаруы актин және миозин ақуыздары арқылы іскеасады;

    • ағзаның өсуі мен көбеюі күрделі ақуыздар – нуклеопротеиннің болуынабайланысты.

Ақуыздардың толық ыдырауы кезінде амин қышқылдарыпайда болады. Адам ағзасында 20 амин қышқылы болады. Амин қышқылдарының бір бөлігі ағзада, басқа амин қышқылдарынан синтезделуі мүмкін, сондықтан олар ауыстырмалыдеп аталады. Ағзада синтезделмейтін, тек аспен бірге ғана түсетін амин қышқылдар ауыстырылмайтын деп аталады.
Ақуыздарды қарапайым – протеиндер(гидролиз кезінде тек амин қышқылдары ғана пайда болады) және күрделі – протеидтер (амин қышқылдарымен бірге ақуыздық емес заттар – простетикалық топ пайда болады) деп бөледі. Маңызды күрделі ақуыздарға амин қышқылдарынан басқа ақуыздық емес компонетті ақуыздар жатады: нуклеопротеид (+нуклеин қышқылдары), фосфопротеидтер (+фосфор қышқылының қалдықтары), глюкопротеидтер (+глюкоза), липопротеидтер (+липидтер), хромопротеидтер (+пигменттер), металпротеидтер (+метал).
Ақуыздар ас қорыту жолына түскен кезде оларға протеологиялық ферменттер тобының әсері салдарынан төмен молекулалы полипептид- терге және амин қышқылдарына ыдырайды. Амин қышқылдары қанға сіңгеннен кейін тін (аралық) алмасуына түседі, онда ол әртүрлі тіндердің жаңаруында және ақуыз табиғатты белсенді заттардың (ферментер, гормондар) синтезінде қызмет атқарады. Ағзада 1 г ақуыз қышқылданған кезде 4,1 ккал энергия босатылады және 0,413 г су пайда болады. Ақуыздар мен амин қышқылдарының аралық алмасуы. Асқазан- нан қақпалық тамыр жолдарының қан ағымына енетін амин қышқылдары бауырда бір бөлігі қалып қояды, онда олар әртүрлі айналуға шалдығады. Бауыр биохимиялық реакциялардың көбісі іске асатын маңызды мүше болып саналады. Амин қышқылдарының айтарлықтай көлемі ешбір өзгеріссіз бауыр арқылы өтеді және қан ағымына түседі, одан дененің барлық мүшелері мен тіндеріне жеткізіледі. Ағзада үнемі амин қышқылдарынан ақуыздардың синтезі және олардың ыдырауы болып отырады.
Амин қышқылдарынан ақуыз молекулаларының синтезі энергияны пайдаланумен қатар жүріп отырады, яғни эндотермиялық үрдіс болып табылады. Ақуыздардың синтезі жасушаның протоплазмалық құрылымдарында – рибосомаларда жүреді, олардың құрамында ақуыздан құралған, рибонуклеин қышқылдарымен (РНҚ) байланысқан, әртүрлі нуклеиндерден құралған рибонуклеопротеид ақуыздары болады. Нуклеидтердің қосылу реті жасуша ядросында болатын және ақуыздың құрылымы жайында тұқымдық ақпараты болатын ДНК әсерімен РНҚ синтезі кезінде анықталады.
Ақуыздардың толық ыдырауы кезінде соңғы өнімдер пайда болады: су, көмірқышқыл газ, күкірт қышқылы, көптеген азоттық және басқа заттар. Олар ағзадан, көбінесе, бауыр арқылы немесе дем алу кезінде өкпе арқылы шығады. Адамның бауырмен шығарылатын азоттық заттарына аммияк (тәулігіне 0,9 г жуық тұз құрамындағы аммоний ионы), мочевина (25-35 г), креатинин (2 г дейін), зәр қышқылы (0,7 г дейін) және басқалар жатады. Олармен бірге 18 г дейін азот бөлінеді.
Азоттық баланс туралы ұғым. Әртүрлі ақуыздарда азоттың орташа шамамен 16% құрайтын бірдей құрамы ақуыз алмасуының мөлшерлік бағалауын азот алмасуын зерттеумен алмастыруға мүмкіндік береді. Ақуыздардың жалпы алмасуын зерттеу үшін азот құрамын қабылданатын тағамда және шығарылымдарда (зәр және нәжіс) анықтайды және олардың қатынасын салыстырады.
Тағаммен бірге алынған азот пен шығарылымдардағы азотты бір уақыт аралығында салыстырғанда үш түрлі нәтиже алуғаболады:
азоттық тепе-теңдік; оң азоттық тепе-теңдік, теріс азоттық. Оң азоттық тепе-теңдік жас ағзаның өсуі кезінде немесе физикалық жаттығу үрісінің белгілі кезеңінде, әсіресе бұрын физикалық жаттығулармен айналыспаған тұлғаларда дене бұлшық еті көлемінің өсуі кезінде байқалады. Екі жағдайда да ақуыздар жетіліп келе жатқан тіндерде қалады, сондықтан түсетін ақуыз азотының мөлшері шығатын азот мөлшерінен көп болады. Оң азоттық тепе-теңдік ауыр аурудан жазылған кезде немесе жеткіліксіз, сонымен қатар сапасыз тамақтанудан кейін (мысалы, тамақта ақуыз құрамы жеткіліксіз болған кезде) болады. Теріс азоттық тепе-теңдік аштық кезінде, ауру кезінде, әсіресе, дене температурасы жоғары болған кезде немесе кәрілік кезінде, ағза тіндерінде ақуыздардың ыдырауы болатын кезде байқалады. Осы кезде ақуыздардың неғұрлым көзге көрінерлік ыдырауы бұлшық еттерде болады, бұлшық ет көлемінің көрінерлік азаюы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет