2. ДӘріс тезистері



бет21/27
Дата08.11.2019
өлшемі1,14 Mb.
#51332
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
Лекции по МПФ
ОБЯЗАННОСТИ

.

Осы тұста массаның аддитивтілігі – тұтас дененің массасы оны құрайтын бөліктердің массаларының қосындысына тең екендігін – талқылауға болады.

  1. массаның өлшем бірлігін анықтау. Массаның бір өлшем бірлігімен (1кг) оқушылар 7-класта танысқан болатын. Тағы да оны анықтай түсу керек. Халықаралық конгресс 1889 ж. массаның халықаралық бірлігі ретінде платина мен иридийдің қоспасынан дайындалған цилиндрдің массасын алу жөнінде шешім қабылдады, оны 1 килограмм деп атады. Ол эталон қазір Франциядағы халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросында сақтаулы, кейбір елдерге оның көшірмесі берілген. Массаның өлшем бірлігінің ендірілуіне байланысты оқушыларды халықаралық бірліктер жүйесімен таныстыру қажет. Массаның еелік және үлестік бірліктері жөніндегі мәселе айтылады.

  2. Массаны өлшеу тәсілдерін талқылау. Масса ұғымының анықтамасы толық болуы үшін оны өлшеу әдісі белгілі болуы тиіс. Ондай әдістің екі түрі бар.

а) біріншісі – кез келген дененің массасын , оның масса эталонымен өзара әсерлесу кезіндегі алатын үдеуін масса эталонының алатын үдеуімен салыстыру нәтижесінде анықтауға негізделген. Жоғарыда айтылған тұжырымымыз бойынша:

немесе масса бірлігі.


Бұл әдісті әдетте динамикалық әдіс деп атайды.

ә) екіншісі – оны статикалық деп атайды – рычагты таразылармен өлшеу әдісі. Бұл әдіс кейінгі «Табиғаттағы күштер» тақырыбын өткенде толық айтылады. Дегенмен бұл жерде ол туралы қысқаша мағұлымат беріп кеткен жөн.

Динамикалық әдісті микро- және макрооъектілердің массаларын анықтау үшін, ал статикалық әдісті күнделікті тұрмыста пайдаланатындығымызды ескерту орынды. Белгілі дененің массасын екі түрлі әдіспен өлшегенде бірдей қорытынды алатындығымызды айтуды ұмытпау керек.

б) масса ұғымының классикалық механикада қолданылу шекарасы. Бұл мәселені, тек динамика заңдарын оқып біткеннен кейін, классикалық механиканың қолданылу шекарасын түсіндірумен ұштастырған дұрыс.



Күш. Ньютонның екінші және үшінші заңы. Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Күш туралы алғашқы мағұлыматты оқушылар 7-класта алған болатын. Ол тұста мәселе тек сапа жағынан ғана қарастырылды. Ал 9-класта оқушылар дене үдеуді басқа денелердің әсерінен алатындығын ғана біліп қоймай, сонымен қатар ол әсердің сандық өлшемін, немесе күшті, қалай анықтауға болатындығын білуі тиіс. Ондай сандық өлшемді табу үшін алғашқы көрсетілетін тәжірибелер белгілі бір күштің массасы әртүрлі денелерге жасайтын әсерін зерттеуге арналған болуы керек.



Бірдей күшпен әсер жасағанда массасы әртүрлі денелердің әртүрлі үдеу алатындығын сапа жағынан мынадай тәжірибе көмегімен көрсетуге болады: массасы әртүрлі шариктер горизонталь қойылған науамен еркін қозғала алатындай болуы керек; белгілі дәрежеде деформацияланған серіппе ретінде ойыншық пистолеттердің серіппесін пайдаланамыз; науаның бір шетіне қойылған шариктерді бірінен кейін бірін пистолетпен атқылап, олардың алатын үдеулерінің денелер массасына тәуелді екендігін, массасы үдкен шариктердің алатын үдеуі аз, ал массасы аз шариктердің алатын үдеуі көп болатындығына оқушылардың нахарын аударамыз. Бұл тәжірибенің көмегімен массасы мен алатын үдеулерінің көбейтіндісі барлық шариктер үшін бірдей болатындығын дәлелдеу қиын, өйткені олардың алатын үдеулерін өлшеу мүмкін емес, бірақ бірдей күшпен әсер жасағанда денелердің алтын үдеуі мен массасы арасындағы қандй да бір байланыстың бар екендігі жөнінде сапалық қорытынды ғана жасауға болады.

Мәселені сандық тұрғыдан зерттеу үшін шеңбер бойымен қозғалған дененің алатын үдеуін анықтауға болатындығын пайдаланамыз (сурет).



Бұл тәжірибені физика кабинетіндегі центрден тепкіш машинамен дискіні айналдыру арқылы көрсетеміз. Дискінің үстіне масштабты білте тақтайша орналастырылған және оның бетімен серіппе арқылы айналу осінің тұсына бекітліген каток еркін қозғалады. Массалары белгілі екі каток дайындау керек. Катоктарды кезекпен серіппеге жалғастырып дискіні айналдырғанда, серіппені бірдей ұзындыққа ұзару үшін дискінің бір өлшем уақыт ішінде неше айналым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет