2. ДӘріс тезистері



бет27/27
Дата08.11.2019
өлшемі1,14 Mb.
#51332
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Лекции по МПФ
ОБЯЗАННОСТИ

Орта мектептің физика курсында электромагниттік өріс ұғымын қалыптастыру базалық курста басталып, бағытты мектептің жоғарғы кластарында аяқталады. Базалық курста электромагниттік құбылыстар жайындағы элементар мағұлыматтарды ендіру кезінде электр және магнит өрістер жайындағы алғашқы түсініктер беріледі, ал жоғарғы класта электромагниттік құбылыстарды сандық зерттеу жүргізеді, электромагниттік өрістің жеке жағдайларын, олардың қасиеттері мен сипаттамаларын қарастырады, электромагнитік өріс ұғымы енгізеді; электромагниттік толқындарды меңгеру кезінде еркін электромагниттік өріс ұғымы енгізіледі, толқындық оптика мен кванттық физиканы меңгеру кезінде электромагниттік өріс жайындағы түсініктері кеңейтіледі және жалпыланады.

Әдетте электр өрісі ұғымын электростатикалық құбылыстарды меңгеру кезінде енгізеді және тыныштықтағы зарядтармен байланыстырады, ал магнит өрісі ұғымын тұрақты токты меңгеру кезінде енгізеді және токпен немесе қозғалыстағы зарядтармен байланыстырады. Электромагниттік өріс ұғымын электродинамика бөлімінің әртүрлі бөлімдерінде енгізуге болады: қозғалыстағы зарядтардың магнит өрісін меңгеру кезінде, электромагниттік тербелістер мен толқындарды меңгеру кезінде. Электромагниттік өріс ұғымын электродинамика бөлімінің басында енгізген пайдалы.

Оқу материалын оқытуды бастағанда электродинамикаға кіріспеде, оқушыларда бар білімге сүйеніп, электромагниттік өріс жайындағы алғашқы мағұлыматтарды енгізеді. Электромагниттік құбылыстарды меңгергеннен кейін электромагниттік өріс жайындағы білімдерін тереңдетіп, кеңейтеді. Электромагниттік өріс ұғымы енгізуге болатын кейбір әдістемелерді қарастырайық. Оқушылардың физиканың базалық курсында алған электромагниттік құбылыстар жөніндегі негізгі мағұлыматтар жайындағы білімдерін жалпылап, қайталағаннан кейін, электродинамиканың ерекшелеіктерін анықтайды, ньютондық механикамен электродинамиканы салыстырады. Механикада өзара әсерлесуші денелердің қашықтығына, немесе олардың салыстырмалы жылдамдықтарына байланысты болатын тартылыс күшін, серпімділік күшін және үйкеліс күшін меңгергендерін оқушылардың есіне салады.

Сосын параллель токтардың әсерлесуі бойынша тәжірибені бақылауды ұсынады (сурет). Бұл электромагниттік әсерлесудің типтік мысалы бола алады. Оқушылар өткізгіштердің әсерлесуін қадағалайды, өткізгіштер арасындағы d қашықтық пен өткізгіштегі электрондардың салыстырмалы жылдамдықтары өзгермейтіндіктен, тартылу немесе тебілу күштерінің пайда болу себебін түсіндіре алмайды. Яғни, механикада болмаған күштер пайда болды, бұл күштер электромагниттік әсерлесу күштері болып табылады. Бұл жағдайда әрбір өткізгіштің маңында магнит өрісі туды деп айтады. Бір өткізгіштің магнит өрісі тогы бар басқа өткізгішке қандай да бір күшпен әсер етеді. Немесе керісінше.

Сосын әсерлесудің берілуі жайында сұрақ қозғайды. Ньютондық механика алыстан әсер ету принципіне сүйенеді.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. «Электромагниттік өріс» ұғымын қалыптастыру

  2. «Электромагниттік тербелістер» ұғымын қалыптастыру

  3. «Электромагнитік толқындар» ұғымдарын меңгерту әдістемесі

1

№14 дәріс

14 дәріс. Арнайы салыстырымлық теориясының элементтері.

Мектепте кванттық физиканы оқып-үйренуәдістемесі.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері.

2. Эйнштейннiң салыстырмалылық принципi. Майкельсон тәжiрибесi

3.Эйнштейн постулаттары. Ара қашықтықтың және бiр мезгiлдiлiктiң салыстырмалылығы
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Арнайы салыстырмалы теорияның постулаттары. Арнайы салыстырмалы теорияның негізін қалаушы –А. Эйнштейн. Бұл теорияның негізіне, Ньютонның классикалық механикасындағы  сияқты, кеңістік пен уақыттың біртектілігі алынған.  Сондықтан арнайы салыстырмалық теория кеңістік пен уақыттың физикалық теориясы ретінде қаралды. Арнайы салыстырмалы теорияның қағидалары ретінде 1905 жылы А. Эйнштейн тұжырымдаған екі  постулат алынады:  1.  Салыстырмалы принцип. Табиғаттағы кез-келген физикалық құбылыс барлық инерциялық жүйеде бірдей өтеді.  2.   Жылдамдықтың инварианттық принципі. Бос кеңістіктегі (ваккумдегі)  жарық жылдамдығы жарық көзі мен жарық қабылдағыштың қозғалысына тәуелсіз тұрақты шама.   Табиғаттың іргелі қасиеттерін сипаттайтын А. Эйнштейннің 2-ші постулаты тәжірибеден алынған қорытындыларға негізделген. Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.           

 Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады: Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905). Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы. Бозе Эйнштейн кванттық статистика. Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.

Кез-келген дененiң қозғалысы жөнiнде оны басқа денелермен салыстыра отырып ғана айтуға болады. Әдетте бұл басқа денелермен қандай да бiр санақ жүйесiн байланыстырады да, қозғалысты осы санақ жүйесiне қатысты қарастырады. Механикадағы Ньютонның заңдары орынды болатын санақ жүйелерiн инерциалды санақ жүйелерi деп атайды. Берiлген инерциалды санақ жүйесiне қатысты бiрқалыпты түзусызықты қозғалып бара жатқан кез-келген басқа санақ жүйесi де инерциалды болады, яғни ол жүйелерде де Ньютон заңдары орынды. Барлық инерциалдық жүйелерiнде механикалық құбылыстар бiрдей болып өтедi. Бұл тұжырым Галилейдiң салыстырмалылық принципi деп аталады. Математикалық тұрғыдан алғанда бұл принцип механика заңдарының кез-келген инерциалды санақ жүйесiнде бiрдей теңдеумен сипатталатынын көрсетедi.

Екiншi жағынан бұл тұжырым жылдамдықтарды қосудың классикалық заңына қарама-қайшы келедi. Оны мынадай мысалдың көмегiмен көрсетуге болады: Жерден u жылдамдықпен ғарыш кемесi ұшып шықсын делiк. Бiраз уақыттан соң ғарыш кемесiнiң жылдамдығының бағытында жарық сәулесiн жiберелiк. Оның Жерге қатысты жылдамдығы c, онда жылдамдықтарды қосудың классикалық заңына әйкес оның ғарыш кемесiне қатысты жылдамдығы v = с - u болуы тиiс. Яғни, жарықтың вакуумдағы жылдамдығының мәнi бiз оны қандай координат жүйесiнде өлшегенiмiзге байланысты болып шығады. Ал бұл максвелл теориясынан шығатын қортындыға қарама-қайшы.

 Бұл тұжырымның дұрыс, иә бұрыс екенiне көз жеткiзетiн нақтылы жауапты тек арнайы жасалған тәжiрибе ғана беруi тиiс едi. Мұндай тәжiрибе жасалды. Ол Майкельсон және Морли тәжiрибесi. Бұл тәжiрибе жарық жылдамдығының барлық инерциалдық жүйелерде бiрдей екенiн көреттi.

Арнаулы салыстырмалылық теориясының басты қағидалары ретінде Эйнштейн екі постулаты, принципті алды, оларды тұтастай тәжірибелік деректерге (оның ішінде бірінші кезекте Майкельсон тәжірибесі): 1) Салыстрымалық принципі; 2) жарық жылдамдығының жарық көзінің жылдамдығына тәуелсіздігі.

БІРІНШІ ПОСТУЛАТ.Галилейдің салыстырмалық принципі кез келген физикалық процестерге жалпылау болып табылады: барлық физикалық құбылыстар ьарлық инерциалық санақ жүйелерінде бірдей өтеді: табиғаттың барлық заңдары және оларды сипаттайтын теңдеулер инвариантты болады, яғни олар бір инерциалдық санақ жүйесінен екіншісіне өткен кезде өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда, барлық инерциалдық санақ жүйелері өзлерінің физикалық қасиеттері бойынша эквивалентті (бір- бірінен ажырытылмайды); тәжірибенің көмегімен олардың біреуін қалғандарының ішінен бөліп қарауға болмайды.

ЕКІНШІ ПОСТУЛАТ.Жарық жылдамдығы вакуумде жарық көзінің қозғалысына тәуелсіз және барлық бағыттарда да бірдей болады деген тоқтам болып табылады. Бұл дегеніміз, жарық жылдамдығы вакуумде барлық санақ жүйелерінде бірдей болады дегенді білдіреді. Сонымен, жарық жылдамдығы табиғатта ерекше орын алады екен. Бір санақ жүйесінен екіншісіне өткенде өзгеріп отыратын барлық жылдамдықтардай емес , жарық жылдамдығы бостықта инвариантты шама болып табылады. Мұндай жылдамдықтың болуының кеңістік пен уақыт жайлы көзқарастарды түпкілікті өзгеретіндігін алда көреміз.

    Эйнштейннің постулаттарынан сонымен қатар вакуумдегі жарық жылдамдығының шектік болып табылатындығы да шығады: ешқандай сигнал, бір дененің екінші денеге ешқандай әсері вакуумдегі жарық жылдамдығынан артық жылдамдықпен тарала алмайды. Осы жылдамдықпен, шектілік сипаты жарық жылдамдығының барлық санақ жүйелерінде бірдей болатындығын түсіндіреді. Шынында да, салыстырмалық принципі бойынша табиғат заңдары  барлық инерциалық санақ жүйелерінде бірдей болу керек. Кез келген сигналдың жылдамдығының шектік міннен артық бола алмайтындығы табиғат заңы болып табылады. Демек, жылдамдықтың шектік- жарықтың вакуумдегі жылдамдығының - мәні де барлық инерциалдық санақ жүйелерінде бірдей болу керек. Сонымен, Эйнштейн постулаттары бойынша табиғаттағы денелер қозғалысының барлық мүмкін жылдамдықтарының және өзара әрекеттесулердің таралуларының мәні с шамасымен шектелген екен. Осы арқылы классикалық механиканың алыстан әсерлесу принципі тұғырдан түсті.  Дербес салыстырмалық теориясының түгел мазмұны оның осы екі постулатынан шығады. қазіргі кезде Эйнштейннің екі постулаты да, олардан шығатын барлық салдар тәжірибелік материалдардың барлық жиынтығымен дәлелденіп отыр.  


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1. Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері.

2. Эйнштейннiң салыстырмалылық принципi. Майкельсон тәжiрибесi

3.Эйнштейн постулаттары. Ара қашықтықтың және бiр мезгiлдiлiктiң салыстырмалылығы



1

№15 дәріс

№ 15дәріс. Қорытынды сабақ

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):



1.Бақылау жұмысы

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет