2. ДӘрістер 1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы



бет1/11
Дата15.09.2017
өлшемі8,56 Mb.
#33700
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

042-18-22 1.8/03-2015

2015ж. №

Страница из





2. ДӘРІСТЕР
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

1 - тақырып. Кіріспе

Дәріс жоспары:

«Жануарлар систематикасы» пәні.

Пәннің мақсаты және міндеттері.

Жүйелеу (систематика) қазіргі жануарлар әлемінің алуан түрілілігін анықтай отырып, жануарлар түрлеріне сипаттама беріп, олардың туыстық байланыстарын анықтайды және осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отрядқа, классқа және типке біріктіріп жүйені құрайды.

Адамзат жануарлар жүйелеуін өте ерте заманнан бастаған. Жіктеуге (топтастыруға, классификацияға) деген қажеттелік – адамның танымдық қызметінде маңызды болып табылады.

Қазіргі жүйелеуге Карл Линнейдің Табиғат жүйесі (Systema Naturae) бастама болды. Оның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық категориялардың иерархиясы (сатылары) көрсетілген. Біз қазіргі уақытқа дейін Карл Линнейдің биноминальды номенклатурасымен (жинағымен) қатар, оның ұсынған көптеген ғылыми атауларында қолданудамыз. Ол сипаттаған жануарлардың 4000 түрінің кейбіреуі, оның жіктеген топтары өзгерседе, осы топтардың өздері сақталуда.

XVIII ғасырдың соңында А.Жюссье тұқымдас категориясын енгізсе, XIX ғасырдың басында Ж.Кювье жануарлардың түрі туралы ұғым қалыптастырды. Осының нәтижесінде, XX ғасыр басында жүйелеуде мына жеті негізгі таксономиялық категория қалыптасты:


Таксономиялық категория

Қазақша атаулары

Латынша атаулары

патшалығы (царство)

regnum

тип

phylum

топ (класс)

classis

отряд

ordo

тұқымдас (семейство)

familia

туыс (род)

genus

түр (вид)

species

Классификациямен жүздеген систематиктер жұмыс жүргізседе, нақты ережелер мен терминологияны белгілеу қажеттілігі туындады. Қазір жануарлар патшалығын бөлетін ең үлкен топты (таксон) тип деп атайды. Әрбір типті класқа, отрядқа, тұқымдасқа, туысқа және түрге (кейде аралық категорияларды да бөледі, мысалы тип тармағы, тұқымдас үсті және т.б.) бөледі. Жоғарыдан төменгі иерархиялық топқа дейін өту барысында бір таксонға жататын жануарлардың арасындағы туыстық дәреже арта түседі. Барлық жануарлар бір түр негізінде белгілері бойынша өте ұқсас және шағылысу кезінде күйлі ұрпақ береді.



Жануарлар систематикасында мына жалпы биологиялық ғылымдар: морфология, анатомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы, ішкі макро-микроскопиялық құрылысы), физиология және биохимия (оның қызметтік қасиеті), эмбриология (жеке даму заңдылықтары, ішкі, сыртқы даму себепшарттары - факторлар), генетика (өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен, басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысы, популяциялық экология, биоценология), этология (жануарлардың мінез-құлқы) жиі қолданылады.

Қазақстан табиғатының әртүрлілігі, әрі ол толық зерттелмегендіктен еліміздің жерінде әр түрлі жануарлар әлемі кең таралған. Қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүтқоректілердің 692 түрі (оның 13-і қосмекенділер, немесе амфибиялар, бауырымен жорғалаушылар – рептилийлер; 473 - құстар және 155 аңдар - сүтқоректілер) және 140 түрі балықтар. Мұндай жануарлар түрі мен молдығы Қазақстаннан басқа еш мемлекетте жоқ. Республикамызды мекендейтін осы сүтқоректілердің 155 түрінің практикадағы маңызы зор. Аң кәсібінде жануарлардың 72 түрі ауланады, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшәт, кара күзендер ерекше қымбат тері береді. Аңдардың басқа түрлерінің терілері мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп және 100 мыңдап, миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспийлік итбалық т.б.).

Кәсіптік аң терісі «еркін» шет елдік валютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, аң терісін тегіннен «жұмсақ алтын» деп атамаған. Жергілікті фаунаның көптеген аңдары (қарлы барс, гепард, қарақал-қарақұлақ, құлан, арқар, марал, ақбөкен-жезкиік және т.б.) мемлекет ішіндегі зоологиялық шет елге шығаруда және зоосауда да аса құнды шикізат.

Қазақстан аңдарының бай фаунасы –үй жануарларының жаңа түрлері мен тұқымдарын шығаруда өте ірі және құнды генофонд болып табылады. Өткен ғасырда оңтүстік Алтайда кермарал, марал аталықтарының сүйіктенбеген мүйізінен алынатын дәрілік зат – пантыны алу мақсатымен жабайы маралдарды қолға үйрету, жаңа марал шаруашылықтарын ашуға жеткізді.

Сүтқоректілер 3 отрядының өкілдері (жәндік қоректілер, жарқанаттар, жыртқыштар) ауыл, орман шаруашылықтарына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына зиянды кемірушілер мен жәндіктерді жойып, белгілі пайдасын тигізуде. Олардың кейбір ішкі ағзалары, дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында, порфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, шет елге шығарады, маралдың жыныс мүшелерін, құйрығын, марал, жезкиіктің сүйіктенбеген мүйіздерін – панта, аюдың, борсықтың, суырдың, саршұнақтың майларын әзірлеп, шет елге шығарады. Қазақстаннан жыл сайын белгілі бір мөлшерде марал пантасы және киіктің мүйізі шет елге шығарылады.

Республиканың халық шаруашылығына сүтқоректілер зор пайдасы мен бірге, кейбір түрлері көп экономикалық шығынға да ұшыратуда. Ауыл шаруашылығына ерекше зиян тигізетіндерге, көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман), сұр қасқырлар жатады. Саршұнақтар жайылымға аса зиянын тигізуде. Бір гектарда орташа бірлігі бойынша кіші саршұнақтардың 20-30 келсе, онда олар азық қорының жартысына жуығын жояды. Кемірушілер орман шаруашылы, егістікті қорғайтын орман жолақтары, бақтар және жүзім егісіне зор экономикалық шығын әкеледі. Кемірушілер, әсіресе құм тышқандары, су егеуқұйрықтары, ондатралар, саршұнақтар індерін темір жол, шоссе, т.б. бойына салып, оларды бұзады.

Үлкен кері әсерін тигізетін сүтқоректілерге, адам, үй жануарларына қауіпті жұқпалы аурулар мен ішек құрттары инфазиялары пайда болатын, әрі оларды тарататын түрлері жатады. Мысалы, бактериялық аурулардың жабайы сүтқоректілер мен үй жануарларына тән мына ауруларды: қылау, пастереллез, листереллез, сібір жарасы - топалаң (қойда), жамандат (жылқыда), қараталақ (ірі қарада), ақшелек, қарабез (түйеде), түйнеме, күйдіргі (адамда), бруцеллез, туляремия, туберкулез, кеміргіштер обасы, маңқа және басқаларды атауға болады.

«Жануарлар систематикасының» мақсаты – жануарлар әлемі, оның дамуы, негізгі ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру болып табылады.

Сұрақтар:



  1. Жануарлар системетикасы нені оқытады?

  2. Қандай отряд, тұқымдас, түрлерді қарастырады?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

2 - тақырып. Қоянтәрізділер тұқымдасы (Leporidae)
Дәріс жоспары:

Қоянтәрізділер отрядына сипаттама.

Қоянтәрізділер отрядының систематикасы.

Қоян тәрізділер отряды қазір екі тұқымдастан, шақылдақтар және қояндар тұқымдастары бар 12 туыстан тұрады. Қоян тәрізділер тұқымдасы (Leporidae) 10 туыс (45 түр) қосып, 3 негізгі топты біріктіреді: 1) кәдімгі қояндар (Leporidae) шамамен 20 түр, 2) үй қояны (Oryctoladini) шамамен 15 түр, 3) қатты түкті немесе ежелгі қояндар (Pentaladini) шамамен 10 түр.



Қоян тәрізділер тұқымдасы ең ірі отряд өкілдерінен тұрады, дене ұзындығы 30- 69 см жетеді. Кеміргіштерден басты ерекшелігі сол, олардың үстіңгі жақтарында бір емес екі жұп күрек тістері болады. Онымен бірге, сол және оң қатары күрек тістері арасындағы сүйекті таңдайының түрі жіңішке көлденең өткілше тәрізді келеді. Қоян тәрізділерде ауыз тістері болмайды, күрек тістері азу тістерінен негізгі, тістері жоқ кеңістікпен (диастема) бөлінген. Құлақтары ұзын, ланцет тәріздес, басына жабысқан, олар көз аймағына жетеді. Алдыңғы аяқтары қысқа, саусақтарымен жүреді, артқы аяқтары керісінше ұзын, табан дерлік, сондықтан секіріп жүгіреді. Табаны қалың қылды түктермен жабылған, жастықша келген табаны жалаңаш болмайды. Азу тістерінің түбірі ашық, сондықтан әр уақытта өсуде болады. Үлбірі жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес, дегенменде фетр (қоян жүнінен басылған материал) өндірісінде, өте сирек тауар ретінде жүреді. Тұқымдас құрамына 13 құрып кеткен, 9 қазіргі түрлер енеді. Олар өте өсіп-өңгіш, жылына бірнеше рет ұялайды да, әрқайсысында 5-10 көжегі болады. Антарктида мен Мадагаскардан басқа бүкіл жер шарына тараған. Жаңа Зеландия, Австралия, Американың оңтүстік бөлімінде, мұхит аралдарының бірталайында, әрі Қазақстанның шығысында, Тарбағатай мен Алатауда оларды адам жерсіндірген. Мекен ету орны әралуан – тайга орманынан орманды, қыр даласына дейін. Қысы-жазы қоян қалың бұталары немесе көп шөмшекте, жиі терең орман ішінде аялдай береді. Қоянның қоректенуі жыл мезгіліне орай әртүрлі болады. Жазда түрлі шөптесін өсімдіктерді жейді де, бұршақ, қырықбуын, саңырауқұлақтардыны ұнатады. Қыста негізі азығына ұсақ бұташалар, жаңғақтар және т.б. жатады.


Түрлері

Атауы

Ақ қоян

Lepus timidus 

Ор қоян

Lepus europaeus

Құм қоян

Lepus tolai

Жапон қояны

Lepus brachyurus

Маньчжур қояны

Lepus mandschuricus

Қылтанды қоян 

Caprolagus

Жолақты қоян

Nesolagus

Үй қояны

Oryctolagus

Өрмелеуші қоян

Pentalagus

Африкаляқ қоян 

Poelagus

Ергейжелі қоян

Brachylagus

Онтүстік африкалық қоян 

Pronolagus

Американдық қоян 

Sylvilagus

Флорида қояны

Floridanus

Дала қояны

Аudubonii

Мексика қояны

Сunicularis



Шақылдақтар тұқымдасы (Ochotonaidae)

Қалқанқұлақ шақылдақ

Ochotona roylei

Дауыр шақылдағы

Ochotona daurica

Дала немесе кіші шақылдақ

Ochotana pusilla

Алтай шақылдағы

Ochotana alpine

Монгол, Палласова шақылдағы

Ochotona pallas

Американдық шақылдақ

Ochotona princeps

Дене тұрқы 25-74 см. Аналығы жылына екі рет 6 көжектен әкеледі. Қояндар 12 жылдай өмір сүреді. Әдетте жеке жүргенде дыбыс шығармайды. Жылдамдығы сағатына 70 шақырым. Халық шаруашылығында терісін, жүнін, түбітін және етін дайындайды.Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ.

Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашуы жүреді; б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қорытылады.

Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн. Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылшықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес. Түрдің көп бөлігінің аналығы жылына бірнеше ұрпақ әкеледі. Балаларының саны 2- ден 8 - ге дейін, тіпті 15 көжекке дейін құбылып өзгереді. Інде тұратындарының балалары жалаңаш және соқыр, әлсіз болып туады. Ал жақсы тұрағы жоқтары көреген, денесі түкті тіптен туа сала қозғалысқа бейім болып туады. Буаз болу мерзімі 26 – 55 күнге дейін. Жыныстық жетілуі 10 аптадан 2 жасқа дейін. Қоян жаулары көптеген жыртқыш құстар және сүт қоректілер. Антрактида мен Мадагаскардан басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстик Американың онтүстик бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.



Ақ қоян (Lepus timidus) ересектерінің дене ұзындығы 44-65 см, кейде 74 см-ге жетеді, салмағы 1,6 - 4,5 кг. Ең ірілері Батыс Сібір тундрасында (ормансыз мүк басқан далада 5,5 кг дейін), ең ұсақтары Якутия мен Қиыр Шығысты (3 кг) мекендейді. Құлақтары ұзын (7,5-10 см), бірақ ор қоян құлағынан қысқа болады. Құйрығы тұтасынан ақ түсті, біршама қысқа және домалақ , ұзындығы 5-10,8 см. Табандары жалпақ , қалың түктенген. Ол Скандинавия, солтүстік Польша, Ресей, Қазақстан, солтүстік-батыс Монғолия, солтүстік-шығыс Қитай және Жапонияның ормансыз мүк басқан даласын, орманды, жартылай ормансыз даласын мекендейді. Ымырт түскенде және түнде шығатын жануар. Таң алдында, кешке таман өте белсенді болады. Бұл өсімдік қоректі, қоректенуі жыл мезгілінде айқын байқалатын жануар. Көктемде , жазда өсімдіктің жасыл бөліктерімен қоректенеді. Ұядағы көжектер саны аналықтың мекен ету ортасына, жасына, физиологиялық күйіне байланысты болады. Көжектері 1-ден 11-ге дейін жетеді, ал тайга, тундра қояндары ұясында орташа 7 көжектен, ортаңғы және оңтүстік аймақта таралғандарда 2-ден 5-ке дейін болады. Үлбірі фетр (жүнінен басылған материал) өндірісінде, өте сирек тауар ретінде жүреді.

Жапондық қоян (Lepus brachyurus) дене бітімі ақ қоянға ұқсас, салмағы шамамен 2,5 кг. Түгінің түсі ақшыл қызыл-қоңыр түстен қою қоңыр-сұр түске дейін құбылып, басы, аяғы ақ түсті болады. Жапонияның Хонсю, Сикоку, Садо , Оки және т.б. аралдарында кең тараған. Жыныстық жетілу жасы 10 ай. Аналықтары көжектерін жылына 3 - 5 рет сәуір - тамыз айлары аралығында туады.

Маньчжур қояны (Lepus mandschuricus) үй қоянына ұқсас, құлақтары мен артқы аяқтары біршама қысқа болады. Түсі қою қоңыр-сары я қызыл қошқыл түсті қара «ағынды» суреттей, бұл бейне жазда және қыста бірдей байқалады. Бұл аң Қытай, Кореяның шығыс, солтүстік-шығысындағы жалпақ жапырақты ормандарын, Ресейдің Приморье, Приамурье маңдарын мекендейді. Оның жаз мезгіліндегі негізгі мөлшері (рацион) әртүрлі шөптесін өсімдіктерден, қыста бұталардың бұтақтары мен қабықтарынан тұрады. Тәуліктің қараңғы уақытында ол белсенді, күндіз шөпшек астында, тастар арасындағы қуыстарда, кейде ағаштардың төменгі қуыстарында, ал қыста қар астындағы індерінде болады. Жылына 2 – 3 рет көжек әкеледі.

Ор қоян (Lepus europaeus) денесінің ұзындығы 57-68 см; салмағы 4-6 кг, кейде 7 кг жетеді. Дене бітімі нәзік. Оның ақ қояннан айырмашылығы өте ұзын құлақтарынан (9,4-14 см), ұзын сына тәрізді құйрығынан (7,2-14 см), үстіңгі бөлігінің қара немесе қара-қоңыр түсінен көрінеді. Көзі қызыл-қоңыр түсті. Артқы аяқтарыда ақ қояндікінен ұзынырақ, бірақ табандары қысқа және жіңішке. Түсі жазда сары я қызыл қошқыл-сұр, қоңыр, қызыл-қоңыр, сарғыш, сары я қызыл қошқыл-жирен, әртүрлі түсті болады. Түп түбіті ұштарынан құралған ірі қара шұбарлық тән. Көзінің айналасында ақ сақинашалар болады. Құлақтарының ұштары жыл бойы қара болады. Қыста алынған үлбірі жазға қарағанда ақшыл келеді. Ор қоян Еуропа, Азия, Солтүстік Африка, Ирландия, Шотландия, Финляндия, Қазақстанның ежелгі дала жануары. Жаз мезгілінде ол өсімдіктермен, ағаш пен бұталардың жас тармақтарымен қоректенеді. Қыста, ақ қояндай емес, тұқымдармен, шөп қалдықтарымен қоректене береді. Жылына 2-3 рет көжек береді. Буаздық мерзімі 45-48 күн, 1-5 көжек туады.

Құм қоян (Lepus tolai) басы мен денесінің ұзындығы 40-48 см, құйрығының ұзындығы 5,0-тен 7,5 см дейін, құлақтары 81-110 мм. Денесі сымбатты, басы кішкентай. Үлбірінің түсі арқасында қою сары немесе қара араласқан құм түстес. Құрсақ бөлімі сарғыш ақ түсті. Құлақ негізі жалпақ, ұшы қара - қоңыр. Ауғанстан, Қытай, Монғолия, Пакистан, Қазақстан аймақтарында кең таралған. Жайылымдарда, шөлді, шөлейтті және дала аумақтарында бұталы өскіндерде мекен етеді. Жылына 1-3 рет көбейеді де, 3-тен 10-ға дейін көжек әкеледі.

Жабайы немесе еуропалық қоян (Oryctolagus cuniculus) денесінің ұзындығы 31-45 см, салмағы 1,3-2,5 кг. Құлағының ұзындығы 6-7,2 см. Табандары түсіңкі, тырнақтары ұзын және тік орналасқан. Денесінің үстіңгі түсі әдетте қоңыр-сұр, кейде жирендеу. Құйрығының ұшы қара немесе сұр түсті. Арқасында, қылшық түктер ұшынан құралған қою қоңыр түсті жолақ байқалады. Дене бүйірлеріндегі күңгірт ақшыл жолақ сан аумағында жалпақ дақ болып аяқталады. Құрсағы ақ немесе ақшыл-сұр түсті. Қазіргі уақытта жабайы қояндар Батыс және Орталық Еуропа, Скандинавия, оңтүстік Украина, Қырым, солтүстік Африка көптеген облысын мекендейді. Бұлардың 8-10 ересек дарақтары мен топтасып өмір сүреді. Буаздық мерзімі 28-33 күн. Ұядағы көжектер саны 2-ден 12-ге жетеді.
Қоян тұқымдастары (Leporidae)


Ақ қоян



(Lepus timdus)



Маньчжур қояны

(Lepus mandschuricus)




Құм қоян

(Lepus tolai)




Жапондық қоян

(Lepus brachyurus)





Ор қоян

(Lepus europaeus)



Жабайы қоян

(Oryctolagus cuniculus)




Еуро қояны

(Oryctolagus cuniculus)





Шиншилла

(Chinchilla)





Калифорниялық қояны

(Sylvilagus bachmani)




Ергейжелі қоян

(Orictolagis cuniculus)






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет