ШАҚЫЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Ochotonidae)
Тұқымдаста тек қана Ochotona туысының 20-25 түрі Азия, Солтүстік Америка тропикалық емес, таулы, далалы аумақтарында тарлған. Ресейде оның 5 түрі мекендейді. Әдетте, олар топтасып, өте сирек жеке, тіршілік етеді. Азияны мекендейтін шақылдақтар айырмашылықтарын қояндардан едеуір қысқа құлақтарынен, біраз ғана ұзын аяқтарынен, сырттан көрінбейтін құйрық бастамасынан, тек әр қатарда 5 (алтының орнындағы) күрек тістері бар тіс жүйесінен көруге болады. Жоғарғы күрек тістері өте жалпақ, терең науашығы болады, сондықтан олар екі ұшымен аяқталады, төменгісі кіші, өте қатты иілген. Шақылдақтар көлемдері едеуір кішкентай. Дене ұзындығы 25 см. Құлағы дөңгелек тәрізді, қысқа, олардың ұзындығы кейбір түрлерінде бас ұзындығының жартысынан аспайды. Артқы аяқтары ұзындығына қарағанда алдыңғысынан көп айырмашылығы жоқ. Құйрығы болмайды. Мұртшалары (вибриссы) қояндарға қарағанда ұзын, кейбір түрлерінде дене ұзындығының үштен біріне тең. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп тұрады: жазда қоңыр, сары я қызыл қошқыл-сұр, жирен немесе қоңыр, қыста көбінесе сұр немесе сары я қызыл қошқыл-сұр. Жыныстық жағынан аталығы мен аналығы 8 - 11 айда жетіледі. Табан мен саусақтарының төменгі жағында түк щеткасы болады, бірақ бірталай түрлерінде саусақ ұлтаны жалаңаш келеді. Жыныстық жетілуі 8-11 айға келеді. Жылына 2-4 ұрпақ береді, ол наурыз, сәуір-тамыз айларында өтеді. Буаздық мерзімі 1 ай шамасы, 2-13 көжектен әкеледі. Олар Еуропаның оңтүстік-шығысында, солтүстік Американың солтүстік-батыс бөлімдерінде мекендейді. Біздің елдің аймағында оның 5-8 түрлері (дала, алтай, моңғол, қалқанқұлақты, қызыл), оның ішіндегі дала түрі орынбор мен қазақстан далаларын, дауp түрі – Тува, оңтүстік Забайкалье далаларын мекендейді. Республикамыздың барлық аймақтарындағы далалы, шөлейтті, шөлді, кейде тіпті таулы аймақтарға дейін таралған. Тастар мен қорымдар арасындағы қуыстар мен жырықшаларда, кеміргіштердің бос індерінде тұрақты тіршілік етеді. Бұлардың дыбыс беру қабілеті өте жақсы жетілген. Күндіз белсенді, қысқы ұйқыға жатпайды. Өсімдіктердің 100-ге жуық түрімен қоректенеді. Қысқа қарай азық қорын жинайды, өсімдіктерді кептіріп, кейде салмағы 27 кг шөмелей салады (шөмелейші деп аталады).
Шақылдақтар тұқымдасы (Ochotonidae)
Қалқанқұлақ шақылдақ
(Ochotona roylei)
|
Дала шақылдағы
(Ochotana pusilla)
|
Моңғол немесе Палласова шақылдағы (Ochotona pallas)
|
Даурлік шақылдақ
(Ochotonadaurica)
|
Тибеттік шақылдақ
(Ochotonadaurica)
|
Алтай шақылдағы
(Ochotana alpine)
|
Үнділік немесе ройла шақылдағы (Ochotona roylei)
|
Американдық шақылдақ
(Ochotona princeps)
|
Дала шақылдағының (Ochotana pusilla ) ұзындығы 153-210 мм, салмағы 95-280 г. Құйрығы сыртынан көрінбейді. Аяқтары қысқа, табандары қою қалың түктермен жабылған, олар саусақтарды да жауып тұрады, табан ұзындығы 25-36 мм. Тырнақтары жіңішке, қысқа, маусымға орай өзгеріп отырады. Құлақтары дөнгелек, қара-қоңыр түсті, ұзындығы шамамен 17-22 мм. Оның жазғы үлбірінің түсі қою-қоңырдан сары я қызыл қошқылға және қуқыл-сарғылт түрлі түсті қоңыр-сұрға дейін құбылады. Барлық дерлік Еуропа, Азия, Ресей, Қазақстан жерлерінде таралған. Азық мөлшері алуан түрлі, оған әртүрлі шөптер, жапырақтар, бұталардың жас өркендері, гүлдер, жемістер, тұқымдар кіреді. Буаздық мерзімі 22-24 күн. Аналықтары жылына әдетте екі рет көбейеді де, 6-12 көжектен әкеледі.
Монғол немесе палласов шақылдағы денесінің ұзындығы 20-25 см, құлақтары қысқа 20-26 мм, бірақ даур шақылдағынан ұзын келеді. Түгінің түсі жазда сарғыш-сары я қызыл қошқыл, қыста сұр, қоңырқай реңді. Буаздығы орташа 25 күн жүреді, жылына 2-3 рет ұрпақ әкеледі. Орташа 6-9, кейде 12 күшігі болады.
Даур шақылдағы (Ochotona dauurica) денесінің ұзындығы шамамен 180-195 мм. Табанының ұзындығы 29-31 мм, құлақтары қысқа 16-25 мм. Ерінінің шеттері мен танауының ұшы ақшыл түктермен жамылған. Жазда үлбірінің түсі қоңыр, қыста біркелкі сұр қуқыл-сарғылт реңді. Олардың буаздық мерзімі шамамен 25 күнге жуық. Аналықтары ұрпақтарын іннің ішіндегі арнайы орналасқан жеке ұяда туады. Ұясында 3-8 ұрпағы болады.
Алтай немесе альпы шақылдағы (Ochotona alpina) денесінің ұзындығы 17,5-25,1 см, салмағы 160-350 г. Құлақтары едеуір үлкен, домалақ, ұзындығы шамамен бас ұзындығының жартысына тең 1,8-2,6 см. Құлақ қалқанының шетінен жіңішке ақшыл көмкөрме өтеді. Жазда үлбірінің түсі ақшыл сары-сұрдан қоңыр сары түске және қоңыр-сары я қызыл қошқыл және қоңыр-сұр түске дейін құбылады. Қыста үлбірі күлді сұр немесе қою ұзына бойына тараған қоңыр-сұр түсті келеді. Олар Шығыс Сібірдің оңтүстігінде, Монғолияда, Алтайда және т.б. жерлерде таралған. Тіршілік етуі күндіз жүреді. Ыстық күндері таңертен (сағат 5-тен 10-ға дейін), кешкі және бұлтты күндері күні бойы белсенді болады. Қыста белсенділігі төмендейді. Азық мөлшеріне әртүрлі өсімдіктер, әрі олармен бірге саңырауқұлақтар және қыналар кіреді. Буаздық мерзімі шамамен 30 күнге созылады. Екі жыныстыңда жас дарақтары көбеюге екі жасында бастайды. Тіршілігінің ең ұзақтығы 6 жыл.
Бақылау сұрақтары:
1.Шақылдақтардың түрлерін атаңыз.
2. Шақылдақтар қояндардан қандай белгілерімен ерекшеленеді?
3. Қояндар тұқымдасына сипаттама беріңіз.
4. Қояндар мен шақылдақтар тұқымдасында көбеюі мен өсуі қалай жүреді?
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы
3 - тақырып. Тиін тұқымдасы (Sciuridae)
Дәріс жоспары:
Кемірушілер отрядына сипаттама
Тиіндер тұқымдасына сипатама
ТИІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Жүйелеуінде 48 туыстары 2 тұқымдас астына: тиіндер мен ұшарларға біріктірілген. Тиіндер түрлері саны бойынша (280) тек тышқантәрізділер тұқымдасынан ғана кем түседі. Тиіндер тұқымдасы: нағыз тиіндер (Scwrinae), суырлар (Marmotinae), борша тышқандар, саршұнақтар, ұшарлар тұқымдасы астынан тұрады. Қазақстанда тұқымдас асты өкілдерінің барлық түрлері таралған. Бұл тұқымдасқа кіретін өкілдерінің көлемі орташа, ірі, дене ұзындығы 70 см, оның салмағы 9 кг болады.
Түрлері
|
Атауы
|
Тиіндер тұқымдасы (Sciuridae)
|
Аса ірі тиін түрі (Ratufa)
|
Үлкен құйрықты тиін
|
Ratufa macroura
|
Үнді алып тиін
|
Ratufa indica
|
Екі түсті тиін
|
Ratufa bicolor
|
Ақ сары түс тиін
|
Ratufa affinis
|
Ергежейлі тиін түрі (Microsciurus)
|
Орталық Америка ергежейлі тиін
|
Microsciurus alfari
|
Амазон тиіні
|
Microsciurus flaviventer
|
Батыс ережелі тиін
|
Microsciurus mimulus
|
Сантадер тиіні
|
Icrosciurus santanderensis
|
Тиін түрі (Sciurus)
|
Парсы тиін
|
Sciurus anomalus
|
Аризон сүр тиін
|
Sciurus arizonensis
|
Кәдімгі тиін
|
Sciurus vulgaris
|
Ергежейлі тиін
|
Sciurus microsciurus
|
Қызыл тиін
|
Sciurus tamiasciurus
|
Лағыл тиін
|
Sciurus rubrisciurus
|
Пальмалы тиін
|
Sciurus funambulus
|
Бұталы тиін
|
Sciurus рaraxerus
|
Жалынды тиін
|
Sciurus flammifer
|
Сүр- сары тиін
|
Sciurus griseoflavus
|
Боливия тиіні
|
Sciurus ignitus
|
Жапон тиіні
|
Sciurus lis
|
Шұбар тиін
|
Sciurus variegatoides
|
Ұшар түрі
|
Солтүстік Азия ұшар
|
Pteromys
|
Қара ұшар
|
Aeromys
|
Қытай ұшар
|
Aeretes
|
Жүнаяқты ұшар
|
Belomys
|
Тасты ұшар
|
Eupetaurus
|
Солтүстік Америка ұшар
|
Glaucomys
|
Индонезиялық ұшар
|
Lomys
|
Аса ірі ұшар
|
Petaurista
|
Ергежейлі ұшар
|
Petinomys
|
Сүрғылтау ұшар
|
Pteromyscus
|
Борша тышқан
|
Eutamias sibiricus
|
Ұзынқұйрықты саршұнақ
|
Citellus undulates
|
Реликті саршунақ
|
Citellus relictus
|
Кіші саршунақ
|
Citellus pygmaeus
|
Құмдық саршунақ
|
Citellus fulvus
|
Үлкен саршұнақ
|
Citellus major
|
Қызылмұрт саршұнақ
|
Citellus erythrogenus
|
Тараққұйрық
|
Spermophilopsis Leptodactylus
|
Дала суыры
|
Marmota bobac
|
Көк суыры
|
Marmota menzbieri
|
Достарыңызбен бөлісу: |