2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет22/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылаудың түсінігі жәнекриминалистикалық міндеттері.

  2. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылауға дайындық.

  3. айғақтарды тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген


16 лекция. Тергеу экспериментінің тактикасы.

Мақсаты: Қылмыстық оқиғанын кейбір мән-жайларын осы окиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынак, тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

  1. Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні мен мақсаттары.

  2. Тергеу экспериментінің түрлері.

  3. Тергеу экспериментін жүргізу тәсілдері мен тактикалық жағдайлары.

Тергеу үстінде жасалған кылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр түрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе — акикдт елшемі және дүние танымның кдйнар көзі. Сондықтан тергеу мезгілінде жиналған дәлелдемелердін, және кейбір іске керекті айғақтар-дың ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты кылмыстык іс жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үшін ар-найы тергеу экспериментін жүргізу көрсетілген.

Тергеу эксперименті дегеніміз, ол кылмыстык оқиғанын кейбір мән-жайларын осы окиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынак, тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тер-геу әрекеті.

Бұдан туындайтын негізгі кдғидалар: біріншіден, баскд тер-геу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердін шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін қүбылыс (әрекет) қылмыстык оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, не ұқсас жағдайда арнайы сынак, тәжірибелерін жүргізу аркы-лы өткізіледі. Жүргізілетін сынак тәжірибелердің қорытынды-сынын объективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағ-дайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдын өзін, тексерілетін іс-әрекетті бұлжытпай қайталауға болмайды, себебі ондай жағ-дайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен катар, тәжірибе арқылы болған оқиға толык қайталанбайды, тек онын кейбір негізгі бөлігі, көріністері ғана сынақ тәжірибе жургізу аркылы кайталанады.

Тергеу эксперименті - іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдык әдісті колданудың айрықша бір нысаны. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның баска әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жайттарды сырттай бақылап кана коймайды, сонымен бірге оны бірнеше кайтара бастапкы калпына келтіру аркылы өз болжа-уын ныктай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шек-теу шарттары койылады: тәжірибе адамның денсаулығына нұксан келтірмеуі, онын өміріне катер төндірмеуі тиіс. Соны-мен бірге ол катысушылардын қүкығын бұзбайтындай, оларды корлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент аркылы іс бойынша жинақталған кейбір дәледдемелердін, мәліметтердің шындығы ғана анықталып кой-майды, сонымен катар жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірлену-шінін, куәлардың, айыпкердің жауаптарында, сондай-ак басқа да косымша айғақтарда келтірілген мәліметтердін шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжауларына көз жеткізеді. Яғни, окиғаның калай болғаны, оның мән-жайы, орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Тергеу эксперименті - өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндеттері жағынан езара үштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сиякты тер-геу экспериментінің де басты міндеті — іске катысты кылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, әзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар.

Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі - кейбір кұбылыстын не әрекеттіңайтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жок па, соны анықтау. Мысалы, белгілі бір затты, нәрсені айтылған жағдайда көрсетілген адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір кашыктыққа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның колынан келе ме, коймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жок. па, міне осындай толып жатқан сүрақтар төңірегіндегі шындықты анықтау.

Тергеу экспериментінің екінші түрі — белгілі бір жағдайда (кашықтыкта) болған окиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма, соны анықтау.

Эксперименттін үшінші түрі — із калдыру (сындыру, соғу, аралау, т.б.) сипатын, онын механизмін аныктау. Тергеу экспериментінін бүл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан крими налистикалық сараптаманың кейбір түрлеріне жуыктайды. Алайда, із қалдыру сипатын аныктау үшін ғылыми саралаудың кажеті жок, экспериментті тергеушінін өзі жүзеге асырады.

Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, кажет болған жағдай-ларда, басқа адамдар да шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенін мән-мазмүнына, түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мұндай адам тәжірибе жүзінде жәбірленушіні, айыпталушыны, куәлар алмастырған болса ол тиісінше алмас-тырылатын адамға барлык белгілерімен (бойымен, тұрпатымен, салмағымен, есту, көру кабілетімен, т.б.) міндетті түрде үксауы тиіс.

Тергеуші экспериментінің кұрылымына орай оған дайындық екі кезенде — эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі. 4 Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі дайындық кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағ-дайдың өзгерісін аныктап алу керек. Яғни, бүл кезең — маман-дармен акыддасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айт-қанда технологиялык тәртіпті реттейтін кұжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қай-тара жауап алу кезендері.

Тергеушінін эксперимент өткізетін жерге шыкпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топка бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы калпына келтіру; экспери-мент өткізуге катынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдыктарды дайындау.

а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы калпына келтіру.

Эксперимент болып өткен белгілі бір окиғаны, әрекетті кайта тудыру, сейтіп, істі тексеру барысында акикатты анықтау мак-сатын көздейді. Бүған мұқиятдайындалу аркылы кол жеткізуге болады.

Эксперименттін түрі мен максатына сәйкес ұксас жағдай-лар ретінде - кылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен-жай, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұксас зат-тарды - кылмыс жасалған кезде кодданылғандай материалдар, кұрал-жабдыктар түсініледі.

Ұксас жағдайды эксперименттің түрі мен максатына орай тергеушінің өзі тандайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бүған жеткілікті дәрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нүксан келтіруі мүмкін.

Айталық, эксперимент кезінде нақты окиғаға орай уакыт-тын (тәуліктің, жылдың), ауа-райы жағдайынын, жарыктың, сондай-ақ адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану кабілетінін, бақыланатын объектінің кашықтығының және оның сырткы ерекшелігінің (көлемінің, нысанының т.б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушы-нын калпының (тұруының, отыруының, жатуының), бакылау-шыға кедергі келтіретін жайттардың (мысалы, автокөліктің, по-ездың козғалысы), қабылдаудың үзактығы айрыкша мәнге ие бола алады. Үқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталык, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа-райы, жарық сәйкес келетін нак сондай уақытта қол жеткізуге бола-ды. Мұндайда тергеушіге ұксас жағдайларды колдан жасап бас катырудың қажеті жок, себебі ол табиғи түрде тергеушінің көз алдында болуы керек, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сәтін дөп баса білу. Мүндай әдіс эксперимент кезінде қайсыбір кұбылысты айнытпай санада кабылдап алу мақсатын көздейді.

Жағдайды, оқиға болған жерді түтастай немесе оның жеке-леген элементтерін бүрынғы қалпына келтіру жолымен де ұксас-тыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет