2. Диплом жұмысының (жоба) тақырыбына қойылатын талаптар


Диплом жұмысты (жобасын) қорғау тәртібі



бет7/10
Дата14.12.2021
өлшемі41,54 Kb.
#127103
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Академиялық жазу Осөж Сөж тапсырмасы 14-15апта Абылұлы Мағжан Иско-303

7. Диплом жұмысты (жобасын) қорғау тәртібі

1. Дипломдық жұмысты қорғау академияның 2018 жылғы 9 қарашадағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары» ережесіне сәйкес өткізіледі.

2. Дипломдық жұмысты қорғау Мемлекеттік аттестациялық комиссиясы мүшелерінің қатысуымен (жартысынан кем болмауы керек) ашық отырысында өткізіледі. Дипломдық жұмысты қоғау бітіруші кафедараның оқытушылары,студенттері және т.б. қатысуымен көпшілік алдында өтеді. Қорғауға ғылыми жетекшісі мен дипломдық жұмысты жазғанда ізденістер жасалынған базадағы ұйым өкілдері шақырылады және басқа да қызығушылық танытқандар қатыса алады.

3.Дипломдық жұмысты қорғау жұмыстарының ұзақтығы бір студентке 50 минуттан аспауы керек.

4.Диплом жұмысын қорғау кезінде студент мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында 15 минуттан артық баяндама жасамауы керек

5. Дипломдық жұмысты қорғау кезінде кез келген адам сұрақтар қойып немесе сөйлеу түрінде талқылауға қатыса алады.

6.Талқыланғаннан кейін комиссияның хатшысы пікірді және рецензияны оқиды (егер ғылыми жетекшісі өзі қатысқан жағдайда өзі оқиды). Егер пікірде немесе рецензияда а түсініктемелер болса, студент олардың мәні туралы негізді түсіндірме беруі керек.

7.Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорытындысы негізінде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау жүргізіледі. Бұл теориялық, ғылыми және тәжірибелік сабақтардың деңгейін, ғылыми кеңесшінің пікірі мен рецензенттің берген бағасын еске ала отырып бағаланады..

8. Диплом жұмысыты қорғау нәтижелері әрбір студентке жеке аттестациялық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және олар өткізілетін күні жарияланады.

9. Білім алушыға МАК шешімімен "бакалавр" дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом (дипломға қосымшасымен) ақысыз беріледі.

10. Транскрипте барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), кәсіптік тәжірибе түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

11. Емтихандарды А, А - "өте жақсы", В-, В, В+ С- "жақсы" деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом беріледі.

12. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған білім алушы үздік диплом алу құқығынан айырылады.

13. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы бакалавриат студенттерін қорытынды аттестаттау жөнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде академияның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.

14.Жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен білім алушыға қорытынды аттестаттау нәтижесі негізінде академия ректорының білім алушыларды шығару туралы бұйрығымен өнер бакалавры академиялық дәрежесі тағайындалады немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік беріледі.

15. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген академияны

бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы және білім беру ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

16. Білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған білім алушыға № 289 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша білімі аяқталмаған азаматтарға берілетін анықтама беріле отырып, академия ректорының бұйрығымен академиядан шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет