2. Диплом жұмысының (жоба) тақырыбына қойылатын талаптар


Дипломдық жұмысты қорғай алмай қалған тұлғалар



бет8/10
Дата14.12.2021
өлшемі41,54 Kb.
#127103
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Академиялық жазу Осөж Сөж тапсырмасы 14-15апта Абылұлы Мағжан Иско-303

8.Дипломдық жұмысты қорғай алмай қалған тұлғалар

1. Дипломдық жұмысты қорғауға дәлелді себеппен келмеген білім алушы МАК төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен МАК-тың басқа отырысы болған күні емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды.

2. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін МАК-қа ұсынылған денсаулық жағдайы туралы құжаттар қарастырылмайды.

3. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

4. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

5. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау барысында диплом жұмысы "қанағаттанарлықсыз" деп есептелгенде, МАК сол жұмысты пысықтап қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жұмысты (жобаны) жаңа тақырыппен әзірлеуге мүмкіндік береді. МАКтың бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.

6. Дипломдық жұмысты қорғай алмай қалған тұлғалар келесі оқу жылында, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешікпей, академия ректорының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.

7. Дипломдық жұмысты қорғауға қайта жіберу ректордың бұйрығымен ресімделеді.

8. Білім алушыны қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.

9. Рецензия

1.Бітіріп шығарушы кафедра қорғауға жіберген дипломдық жұмыс (жоба) рецензия алуға жіберіледі. Пікір берушілердің тізімдері кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша академия ректорының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі) көрсетіліп тиісті құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

2.Рецензия берушілер ретінде академияның және басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушыларымен қатар өндіріс, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері тартылады.

3.Рецензия беруші зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін, жаңашылдығы мен практикалық маңызыдылығын, маман даярлау саласына, дәрежесі мен біліктілігіне сәйкестігін, зерттеудің өз бетінше орындалуын, қорытындылар мен ұсыныстардың баржоғын, мәселенің шешілу дәрежесін, зерттеудің толық орындалуын көрсетіп дипломдық жұмысқа пікір жазады. Рецензияда баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы көрсетіліп, академиялық дәрежесі мен біліктілікті тағайындау туралы қорытынды шығарылады. (қосымша Г)



10.Пікір

1. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғауға шыға алады.

2. Егер ғылыми жетекші "қорғауға жіберілмейді" деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушының дипломдық жұмысы (жобаны) қорғауға жіберілмейді.

3.Білім алушы рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда дипломдық жұмыс (жобаны) қорғауға жіберіледі.

4.Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің қалауымен қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қорғалады.

5.Дипломдық жұмыс (жоба) заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық

коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктер негізінде мультимедиялық көрсетілім түріндегі электрондық ресурстарды пайдалану арқылы қорғалуы мүмкін. (қосымша Д).

11.Апелляция

1. Білім алушы қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция беруіне болады.

12. Апелляция өткізу үшін ректордың бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет