6.Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі
1.Дипломдық жұмыс (жоба) кіші қорғаудан өту үшін түлек шығаратын кафедраға
ұсынылады.
2.Дипломдық жұмысты (жобаны) кіші қорғау процесінде студенттер мен ғылыми
жетекшілердің (қажет жағдайда - ғылыми кеңесшінің) қатысуымен кафедраның ашық
отырысында өтеді. Кіші қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді .
3.Қорытынды аттестаттау басталуына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК-қа ұсынылады:
1) студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы ректордың бұйрығы;
2) оқытудың барлық кезеңіндегі студенттер үлгерімінің орта салмақ баға өлшемдері GPA есептелген транскрипт;
4. Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК-қа ұсынылады:
1) дипломдық жұмыс (жобаның) ғылыми жетекшісінің "қорғауға жіберіледі" немесе "қорғауға жіберілмейді" деген дәлелді қорытындысы берілген пікірі;
2) қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың (жобаның) жан-жақты мінездемесі және білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы көрсетілген дәлелді қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша "бакалавр" дәрежесін немесе біліктілігін беру мүмкіндігі туралы рецензия;
3) бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);
4) дипломдық жұмысты (жобаны) плагиаттық мәніне қатысты тексеруден өткізу туралы анықтама.
Достарыңызбен бөлісу: |