12.Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері:патристика және схоластика
Христиан ілімінің негізгі ережелері діни философияда және теологияда басқарушы бекітулер формасын алады. Христиан дүниетанымының негізгі идеясы болып Құдай идеясы табылады. Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (Ш-VI ғ.ғ.). Негізгі өкілдері: Клемент Александрийский, Амворсий Майландский (340-397 ж.ж.), Августин Блаженный (354-430 ж.ж.) т.б. Ш-ІV ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық, немесе адамдық табиғаты туралы) ал 323ж. ұлы император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» т.б. Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі философиядағы ілім «схоластика» (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: 1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғ.ғ 2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІ ғ.) 3. Құлдырау кезеңі (ХIV-ХV ғ.ғ.)
Достарыңызбен бөлісу: |