28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
Қазақ философиясының бастау бұлағы ежелден негізделіп, өзінің кейбір тарихи шектеулеріне қарамастан ұлтымыздың жарасымды дамуына, философиялық ой-сананың өсуіне гуманистік рух, рухани мол азық берді. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ежелгі философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы өзінің көл-көсір молдығымен де, тарихи деректілігімен де, дүниетанымдық әрекеттілігімен де халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алды. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары неізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызща әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба мәдеиет пайда болған соң бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер –бәрі де өздері өмір сүрген заманның обьективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейді, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар – арнайы реализм, білімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа карсыкүресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні т.б. еді. Осы аталған қөзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа және білімділікке, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының өзінше ерекшелігі деп айтуға болады. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды. Екінші кезең XX ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Үшінші кезең ХХ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шыңдары, жіберілген методологиялық, теориялық және концептуалды қателіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |