31. ХІХ ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы.
Ш.Уәлиханов Т. Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен зейін қоя танысты. Кейде Шоқан өз мақалалары мен жазбаларында соларға сілтеме жасады. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастады. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, замандастарынан өресі анағұрлым биік адам болып шықты. «Шоқан нағыз плебейлік ортаға түсті.Плебейлік ортада өмір сүру Шоқанның демократиялық идеяларының қалыптасуына, сірә, әсер етпей тұра алмаған болуы керек», - деп жазады Г.Н. Потанин. Жас зерттеушінің қырғыз халқының атақты эпикалық жыры «Манасқа» алғаш рет көңіл бөліп, оның бірінші ғылыми жазбасын жасап, ішінара орыс тіліне аударуының ерекше маңызы болды. Ол жырға тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан сараптама жасап, аты аңызға айналған бас кейіпкері - Манас образына және қырғыз фольклорының басқа кейіпкерлеріне талдау жасайды. «Қырғыздардың, - деп жазды Ш. Уәлиханов, - ноғайлы дәуіріне жататын «Манас» атты жалғыз жыры бар. «Манас» - қара қырғыздардың барлық мифтер, ертегі, аңыз-әңгімелерінің бір кезеңге және бір адамның - Манас батырдың төңірегіне топтастырылған энциклопедиялық жинағы. Жас Ш. Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелелері «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар жайлы жазбалар» атты тамаша сапар -очерктерінде баяндалған.
Абай Құнанбаев. Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. Ыбырай Алтынсарин.
Қазақ зиялыларының бірі-Ыбырай Алтынсарин,өз халқының атап айтарлық ірі тұлғасы.Ол қазақ өлкесіне үлкен өзгерістер алып келген білімді,парасатты,көзі ашық адам. 1860 жылы Батыс Қазақстан өлкесіне қазақ балалары үшін төрт бастауыш мектеп ашады.Соның ішінде Торғай қаласындағы мектепке мұғалім болып тағайындалады.1861-1863 жылдары Торғай қаласына бір сыныптық мектеп ашуды көздеп,іргетасын қалайды.ол араб-татар әріптерінің қазақ тіліне араласпауын көздеп оыс алфавитін пайдалана отырып қазақ тілінде оқу құралдарын жазады.1876 жылы Ыбырай Қазан,Петербург қалаларына барып орыстың ұлы педагогтері К.Д.Ушинский,Л.Н.Толстой оқулықтарымен танысып,олардың оқу жүйесін үйренді.1879 жылы бастауыш оқу құралын жазып,бастырып шығарды.1883 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралын жазып,қазан қаласында араб әрпімен бастырып шығарады.ыбырайдың бұл кітапты жазып шығуына екі түрлі себеп болады.Бірінші қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін,екіншіден қазақтың жазба тілінен татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеу үшін.Бұл сахараға күтпеген,тосын жаңалық болды.Өйткені ол кездерде қыздарға арналған мектеп болмайтын және қыздардың білім алуына рұқсат етілмейтін,себебі ол келешек ана деп есептелетін. Ыбырай - қазақ балалары үшін ұлы ұстаз. Ол қазақ балалары үшін нешеме мектептер ашып,өмірінің бағытын осы жолға арнап өмір сүрген қамқоршы. Ыбырайдың бар арманы қазақ балаларының сауатын ашып, білімді ұрпақ тәрбиелеу болатын. Оның ең алғашқы ұстаздық жолы өзі ашқан мектептердің бірі Торғай қаласындағы мектепке мұғалім болудан басталды. Ол ұстаздардың ұстазы,балалардың жанашыры болды. Ол балаларды «Кел,балалар оқылық!» деп оқуға,білімге шақырды.оқысаңдар іздегендерің алдарыңнан табылады, мақсаттарыңа жетесіңдер деп үндеу айтады. Мұны оның:
...Оқысаңыз,балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар - дегені дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |