32.Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
Абай-Басында Ғабул-Жаппар, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабағымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың үлы ақындары Низами, Сағди, Фердауси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады. Оқуының соңында Абай мұсылманшамен бірге Семейдегі «Приходская школадан» үш ай орысша білім алады. Құнанбай он үш жастағы Абайды өз қасына алдырып, ел басқаруға даярлайды. Кейін Абай болыстық жолды, даланың билік жолын да көреді. ҚоңырКөкшеге болыс болған Абай 1878 жылдары бұл қызметін тастап кетеді. 1884 жылы қырыққа таяған, Абай бұл кезде нағыз білімді,озық ойлы, көп мағлұматты кісіге айналады. 1895 жылдан бастап Әбдірахман өлімінен кейін, Оспан қазасынан соң Абай өзгеше бағыт алады. Абай өмірдің мәңгі емес екені, ал діннің мәңгіліктігіне, өміршеңдігіне ден қояды. «Лай суға май бітпес», «Өлсе өлер» атты жырларда осыны көрсетеді.
...Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,
Өзіне құмар қылған оның әмірі,-
Деп жаратушыға бас иген, нақ мұсылман қалпын айтады.
Өмірі еңкейген, батар шақта 1902-1903 жылдары Абаай қайта исламға, мұсылманшылыққа кетеді.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөзге еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас.
Амантү оқымаған кісі бар ма?
Үәктүбиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлықпен ол сіздерге, сіз де оларға...-деп толғай отырып: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар һақ» - дейді. Демек, Абай жан жұбанышын, пенделік сұрақтарының жауабын ислам ілімінен тапқан. Әл-Фараби, әл-Кинди, Әбу-Али-Сина, Ибн-Рашид секілді философтары бар араб ой ғылымы, діні Абайға да әсер еткен. Абай ислам дінінен ізгілікті, бұған дейін ешкім терең қарамаған имандылықты іздейді.
Қазақтың классикалық поэзиясының асқар шыңы болып саналатын – Абайдың мұрасы мол. Соның ішінде моральдық-философиялық, қоғамдық-саяси және кейіптік-сатиралық ой толғаулары болып табылатын «Қара сөздері» маңызды орын алады. Солардың ішінде Алла мен адам жайлы айтылған тұстары көп. Мысалы: «Біреулер Құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан Құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді». (Абайдың оныншы қара сөзі). «Иман деген – Алла табарака уа Тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әртүрлі бізге Пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәллам арқылы жіберген жарлығына, білгендеріне мойын ұсынып, инанмақ». (Он үшінші сөз). «Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып тұрып жүрсек болғаны дейді». (Он алтыншы сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |