2. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның білім мен ғылымның дамуы.(1946-1960)



бет14/40
Дата08.02.2022
өлшемі315,54 Kb.
#120892
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
модуль тарих
0001e485-169b67a3
35.Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның білім мен ғылымның дамуы.(1946-1960)
1947 жылғы 16 қарашада БКП (б) ОК «Қазақ ССР-де жоғары және орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл маңызды шешім болатын, өйткені соғыс жылдарында КСРО ауылдық елді мекендердегі міндетті жетіжылдық және қалалық жерлердегі онжылдық білім беруді кідірткен болатын. Ол кезде жеңіске жету үшін буыны қатаймаған балалардың көмегі де қажет болғандықтан, білім беруге екінші кезекте мән берілді. Соғыс бітісімен еліміз өткеннің қарымын қайтаруды бастады: біртіндеп мектептерге қаржы бөлініп, оларды техникалық құрал-жабдықтармен және қажетті заттармен қамтамасыз ету басталды. Политехникалық білім құнды болып, оның алғашқы бастаулары мектеп қабырғасында беріле бастады.
Білім беру саласына бөлінген зейін өз жемістерін бере бастады: егер 1948 жылы мектепте білім алмаған балалар саны 200 мыңды құраса, келесі онжылдықта бұл сан 16 мыңға дейін төмендеді. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-де халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады. Соған сәйкес 1962-1963 жылдары мектептер 8 жылдық білім беруге көше бастады. Еңбек политехникалық мектептері 11 жылдық білім беруге көшті. Совет мемлекетіне қажетті мамандыққа түскендерге қолдау көрсетілді. Еңбек етуші жастардың мектептері ашылды. Осы кездері педагогикалық білім өте танымал болып, педагогтар мәртебесі КСРО-да өте жоғары болып, мұғалімдер зор құрметке ие болды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білім алғандар саны 11 есе өсті. Тың игеру жылдарында КСРО-да ауыл шаруашылық-техникалық білім беру жүйесі қызмет етті.
Оның үстіне, Кеңес одағының барлық түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеруге адамдар легі ағыла бастады. 70-ші жылдары жалпы орта білім беруге көшуге үлкен көңіл бөле бастады. Ал 80-ші жылдардың басында жалпы орта білім міндетті сипатқа ие болды. 1984 жылы жаңа мектеп реформасында материалдық-техникалық базаның сапасына баса көңіл бөліне бастады; оқушылар 1-ші сыныпқа 6 жастан бара бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс тілінде оқытатын мектептер басым болды. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны әжептәуір қысқарып қалды. Шағын деревнялар мен ауылдарда мектептер жабылып немесе біріктіріле бастады.
Кейбір мектептер орыс және қазақ тілдерінде біріктіріп оқытты. 80-ші жылдардың ортасында Қазақстанда 55 жоғары оқу орны және 246 арнайы орта білім беру мекемелері болды. Оларда 200-ге жуық түрлі мамандықты ұсынды. Соғыстан соң Қазақ КСР-інің жағдайы мәз емес еді, бірақ қарапайым халықтың қажырлы еңбегінің арқасында өмір сапасы біртіндеп арта бастады. Мектептерге, арнайы оқу орындарында және жоғары оқу орындарына үлкен көңіл бөліне бастады, өйткені елдің әрі қарайғы тағдыры дәл осы жас ұрпақтың қолында болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет