1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі.
Бұрын болған және қазіргі көптеген мемлекеттерді тану үшін оларды түрлі негіздер бойынша жіктейді. Солардың ішіндегі ерекше түрі этатикалық және құқықтық мемлекеттерге жіктеу. Оның негізі мемлекеттің құқыққа қатысынан, сонымен қатар қоғамды мемлекеттік басқарудағы пайдаланылатын нысандар мен әдістер жүйесіндегі құқықтың алатын орнынан тұрады.
Этатикалық мемлекеттер өздерінің қызметтеріндегі міндетті түрде орындауға есептелген қатаң және императивті өнімнің басымдылығымен есептеледі. Сонымен бірге аталмыш субьектілердің бостандығы мен дербестігі, мемлекетке қатысты автономдығы барынша шектелген. Бұнымен басқа ерекшелік байланысқан – мемлекет экономика саласынын, әлеуметтік қарым – қатынастарды, азаматтардың жеке өмірін өзіне бағындыруға, оларды тікелей басқаруға , маңызы төмен және ұсақ мәселелерге араласуға ұмтылады. Жеке адам мен қоғамдық қатынастардың басқа да субьектілерінің құқытарын, бостандығын және мүдделерін қамтамассызщ ету мен кепілдік беру қажеттілігін ескеретін құқықтың нысандар мен әдістерді қалайды. Құқықтың мемлекеттерге барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке адамдар арасындағы өзара қарым- қатынасқа араласу жат нәрсе болып табылады. Олар қоғамдық қатынастарға қатысушыларға едәуір автономия мен олрадың құқытың статусын бекітуге жағдай жасап, оның сақталуын қадағалайды.
Мемлекетттердің аталмыш екі тобының арасында аралық үлгідегі түрлі мемлекеттер бар, оларда бірінші және екінші топтардың сипаттары үздіксіз үйлеседі. Олардың кейбіреуінің сипаты, табиғаты мен бағытына қарай эстатикалық мемлекеттерге анағұрлым жақын болады, әйтсе де бөлек құқықтық қағидаларды ұстануға тырысады. Басқалары құқықтық мемлекеттерге жақындайды, олай да этатиум белгілерін жоғалтпайды.
Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің барлық түрлері эстатикалық мемлекетке жатады. Құқықтық мемлекеттерге батыс пен шығыстың өркениетті және өте жоғары дамыған елдері жатады. Одақтық республика ретінде құрамына Қазақстанда кірген бұрынғы кеңес мемлекеті құқықтық емес, этатикалық мемлекеттің типтік үлгісі болады. Онда конституция, заңдар және басқа да нормативті – құқықтың актілері өздерінің мәні бойынша партия органдарының актілерінен төмен болып , өздеріне лайықты орынға ие бола алмады, бұл мемлекетті басқарудың әміршіл- бұйрықшыл әдістері басым болды. Типтік мемлекет үнемі өз азаматтарына қатысты заңсыздық пен әлімжеттікке жол берді, ал 30-50 жылдары жазықсызадамдар ауқымы мен қатыгездігі жағынан бұрын-соңды болмаған жаппай саяси құғын-сүргенге ұшыратты. Қазіргі кезеңдегі басқарудағы құқықтың басымдылығы туралы идеялар ықпалының өсуіне байланысты конституцияда және басқа да заң кесімдерінде өздерін құқықтық мемлекетке жататынын жариялайтын елдердің саны ұздіксіз көбеюде. Алайда бұл декларацияларды сол елдердің әр қайсындағы шынай ахуалмен салыстыру қажет. Өйткені көбінесе мемлекеттің өзін- өзі сипаттауы іс жүзіндегі сипаттамадан өзгеше болады.
Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік –құқықтық процестердің ұзақ дамуының заңды салдары басқарудың, озық , прогрессивті және тиімді институттарын тиісті түрде екшеу мен мұқият таңдау нәтижесі болды. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтың нысандарының әкімшіл -әміршіл нысандардан артықшылығын теориялық тұрғыда пайымдау себеп болды. Құқықтық мемлекеттің теориялық көздері түбірімен өткен дәуірде деп айтуға болады. Ежелгі озық ойшылдардың өздері құқықтың зор пазитивті ролін есепке алмай, мемлекеттің құрылымы берік, тұрақты және сенімді бола алмайды деген пікір айтқан. Құқық мемлекеттік басқарушылардың зорлық –зомбылығынна қасры тұратын балама ретінде қарастырылды: заң әлдекімнің билігі астында болмауы керек, өйткені ол барлық органдардың лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттеріне бағыт беруге негізделген. Осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің біртұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның қалыптастырушылар Дж. Локк, И.Кант, В.Гумбольд, Г. Елинек, К.Шмитт және басқалар. Дегенмен және мәселер бойынша бұл ойшылдарыдың белгілі бір айырмашылықтары бар, бірақ басты мәселеде олардың көзқарастары бірдей - мемлекеттің өзі құқықтық өнімді бұлжытпай орындау керек және соны қоғамдық қатынсақа қатысушылардың бәрінен талап етуі керек дегенді мойындайды.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының бірқатар елдердің қызметінде жүзеге асырылуы консервативтік күштердің қарсыласуына тап болды және олармен күресте жеңе отырып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтің барлық жақтарының жаңаруына ұласты: бүкіл мемлекеттік жүйенің құрылуы және қызмет ету қағидалары демократияланды, және адам статусы шынайы мазмұнға ие болды, құқықтың құндылықтары басты мәнге ие болды, қызметтері біртіндеп реттеле бастаған шенеуніктердің зорлық-зомбылығы азая бастады.
Енігі кезде әлемде этатикалық мемлекеттер саны азаюы есебінен құқықтық мемлекеттер саны өсе береді деуге болады. Алайда бұл жеңіл-желпі пайымдауға болмайтын жалпы даму тенденциясы. Өйткені түрлі елдердегі әлеуметтік – саяси күштердің іс жүзіндегі ара қатынасына қарай жоғарыда сөз болған деамудың жалпы тенденциясына жатпайтын болжауы қиын бетбұрыстар болуы ықтимал. Мысалы, кейбір елдер құқықтық мемлекет деңгеіне қол жеткізгеннен кейін тоталитарлық немесе авторитарлық режимдерді орнату бағытына ауытқуы мұмкін. Ал жалпы алғанда прогресс кейін бұрылмайды.
1.3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс.
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы – өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі. Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет – бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, теңдік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын басынушылықты, күшейтуді жояды. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процесінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен, оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық, гуманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
Құқықтық мемлекет – бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азамааттарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
1. Барлық қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне тәртіп жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң – жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Заң қоғам өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге, маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілейді, қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде, заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда «жетілдірмейді», «түзетпейді», «ауыстырмайды». Сонымен бірге, құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тыйым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.
Құқытық мемлекеттің негізгі – конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актілері конституцияға қарама-қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы – құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет – конституциялық мемлекет.
2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің «араласпауы» міндеттілігі, адамдардың өз құқығын сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзылса, ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді және бір деңгейдегі бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылады: «тұлғаға тыйым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі».
Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғамның әр түрлі жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық бостандығы, өзінің әр қыйлы мазмұндарына байланысты жеке адамның субъективтік құқығымен іске асырылады. Ондағы ең маңыздысы – жеке адамның құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке адамның дербес құқығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылу, сотпен қорғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
3. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай мөлшердегі өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі, мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, ол жағдай әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутатардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтық не болмаса, мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану, құқықтық сипатта болуы қажет, жеке адамның бостандық деңгейін бүлдірмеу, болған құқық бұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құқықтық сипаттама – қоғамдағы құқықтың объективті құрылуының маңызды бөлігі, мемлекет еріктілігінің нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау – ең алдымен, мемлекеттің және барлық адамдардың да заңды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығын, құқықтық мемлекетте көре аламыз.
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен қызметінің негізгі принциптеріне биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір жағынан заң шығарушы өкіметтің мәртебесі (жоғарылығын) белгілейді, ал екінші жағынан – орындаушы және сот басқарылуының бірлігін көрсетеді. Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті пайдасына пайдалануға және құқықпен қатынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және басқа қызметтерді орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы ұйымдастыру – құқықтық тәсілдерімен қолдану табады және бірігіп жұмыс істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгіледі, сондықтан, сайып келгенде, құқықтық ұйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің нысандарын белгіледі. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі) заң қабылдаушы органдардың маңыздылығы, олардың қабылдайтын заңдарының жоғарғы заңдалық күшін қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген құқық нормаларына жалпы міндеттілік сипат береді.
Бірақ, заң қабылдаудағы өкіметтің жоғарылығы абсолюттік сипатта болады. Оның қимылы құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, адалдық және еркіндік идеяларымен шектеледі. Ол халықтың және арнайы конституциялық органдардың бақылауында болады, соның көмегімен заңдар күшінің конституцияға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
Атқарушы үкімет өзінің органдары арқылы құқық нормаларын іске асыруымен шұғылданады. Оның қызметі заңға негізделуімен бірге, заң көлемінде іске асырылуы қажет. Орындаушы органдар және мемлекеттік лауазым иелері заңмен белгіленбеген, азаматтардың және ұйымдардың жаңа құқығын, міндеттерін белгілейтін жалпы бірдей нормативті актілерді қабылдауға құқығы жоқ. Орындаушы биліктің тежелінуі мемлекеттің өкілетті органдарының алдындағы есеп беретіндігімен жауапкершілігінің арқасында іске асырылады. Құқықтық мемлекетте әр азамат қандай болмасын орындаушы үкімет органдарының, лауазым иелерінің заңсыз әрекеттерін сотқа шығым жасау арқылы шешеді.
Сот билігі, құқықтық мемлекеттің құқықтық негізін, қоғамдық өмірді әр түрлі қылмыстан, оны кім істесе де, қорғау үшін құрылған. Әділ сот билігі құқықтық мемлекетте, тек сот органдары арқылы іске асырылады. Ешқандай орган, сот қызметін орындай алмайды. Сот өзінің құқық қорғау қызметінде, тек заңға сүйенеді, құқықпен және заң шығарушы, орындаушы биліктен және үкімет органдарының субъективтік ықпалынан тәуелсіз болады.
Тәуелсіздік және заңдылық, әділ сот – азаматтардың құқығының еркіндігінің кепілі, тұтас алғанда құқықтық мемлекеттілік те жатады. Бір жағынан, сот заң шығаратын өкіметпен орындайтын үкіметтің қызметтерін өзіне иемдене алмайды, екінші жағынан, оның маңызды мақсаты, ол органдардың нормативті актілеріне құқықтық бақылау жасау болып табылады. Сот органдары, сонымен, құқықтық қағидалардың бұзылуына жол бермейтін тежеушілік фактор ретінде көрінеді, әсіресе конституциялық заң шығарушы, орындаушы мемлекеттік органдар жағынан, шын мәнісіндегі, өкіметтің бөлініп басқаруын қамтамасыз етеді.
Басқа мемлекеттерде конституциялық, құқықтық бақылау функциясын, конституциялық соттар орындайды. Өздерінің сондай қызметтерімен, заң шығарушы органдардың құқықтық-шығармашылық қызметінің үстемдігіне конституциялық кепілдік жасайды. Біздің Қазақстан мемлекетінде ондай қызметті Жоғарғы Сот органдары орындайды. Ал екі ғасырдан бері АҚШ-тың конституциясы өзінің беделін және өз кезеңінің ықпалды дамуын қамтамасыз етіп келеді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамысы осында. Онда мемлекеттік қоғамның ұзақ даму процесінде пайда болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталған. Адамзат өмірінің табиғи дамуындағы процесс, іс жүзіндегі құқықтық мемлекеттің құрылуына, оның теориясына жаңалықтар қосатындығына күмән жоқ.
Құқықтық мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:
Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);
Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формалды – заң жағы);
Бірінші принцип – Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-баптың 2-тармағында мынандай сөздермен бекіген. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Құқықтық ғылымға, қазіргі кезде, табиғи түрінде мойындалатыны азаматтық (жекелеген), саяси, экономикалық, әлеуметтік және жеке адамның мәдениеті, ол «Адам құқығының 1948 жылғы жалпыға бірдей Деклорациясында» және басқа да халықаралық актілерде бар.
Басқа негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану арқылы жүргізіледі:
биліктің заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу мақсатын теріс пайдалануға жол бермеу;
Федерализм көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізеді;
Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);
Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі;
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әр түрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан заңдардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру кіреді.
ІІ. Құқықтық мемлекеттің белгілері.
Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей – адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы – мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық мемлекет деп атайды.
Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян – ІV ғ. б.э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі.
Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне оқымыстылармен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөніндегі дұрыс емес ережелерге: табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті «халықтың жұмысы» құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу, жеке және көпшілік құқық жатады. Жаңа кезеңде, табиғи доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады, екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.
Континенталдық Еуропада құқықтық мемлекет тұжырымдамасы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттардың жоқ кезінде өтті.
Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н.Макиавелли, тирандармен күресушілер Э.Боэсси т.с.с.) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиғи құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Олардың егеменді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы, еркіндік тирандарға қарсы тұрудағы арналған халықтың құқығы, табиғи теңдік және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.
Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді – құқықтың принциптерінің артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Гроций болды. Оның ойы бойынша жақсылықтың және мемлекеттің тағайынды болуы жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек – деген ой, И.Кантқа жатады. Халық егемендігінің қағидаларына сай, негізгі маңыздылығы, атқарушы биліктің, заң шығарушыдан айырылғандығын және оның қызметін тежейтін принципті белгілегеніне, яғни халық өзі туралы өзі шешім қабылдай алмайды, заң шығарушы халық жөнінде шешім қабылдай алады. И.Канттың мына ойына құлақ салуға болады: заңның құқыққа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа мәжбүрлеуге мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды. Р.Фон Моль бірінші рет, құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа кейіпті конституцияда бекітілген азаматтардың құқығы және бостандығы бар индивидтердің, сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке жатқызды.
Осы күнгі анық түсініктемелердің біріне жататындар:
Құқықтық мемлекет – көпшілік-саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретіндегі оның қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылығы, құқықтың шындығы және индивидтердің еркіндігі, биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.
Бірінші белгінің мәні, құқық пен заңды айырып көрсеткенінде. Қандай жағдайларда да ондай бөлінгіштік болғанмен олардың негізгі мақсаттары – заңның, әр түрлі нормативті актілердің және басқа да жалпы билік қызметтерінің бір-біріне сай келуін қамтамасыз ету. Тек құқық, заң шығарушыдан тәуелсіз әлеуметтік феномен, жалпылама өлшем және еркіндіктің тең деңгейі ретінде жалпы биліктің әр түрлі қызметіне, теңдік және адалдық принциптеріне қызмет етеді. Құқық пен заңды салыстырғанда көрсетілген өлшем жоғалады және жалпы билік өзі шығарған негізінде (құқыққа сай келмейтін) заңдылықты сақтау түрлеріне сай емес зорлық-зомбылық жасауы мүмкін. Сонымен қатар, жалпы билік ондай «заңдармен» байланысты емес, олардың билікке бағынушыларға ғана маңызы бар. Еліміздің тарихы ондай мысалдарға бай екенін айта кету қажет. Мысалы ХХ ғасырдың 30 жылдарында заңдылықты бекіту ұранына байланысты Кеңес үкіметі азаматтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке адамдардың құқына шабуыл басталды. Мемлекеттік билікті жүргізу тәртібіне корпоративтік элементтері кіргізіліп, азаматтардың жекелеген қоғамдық ұйымдары реформаланды, яғни, кәсіптік одақтар еңбек халық комиссариатына қосылды. 1933 жылы кәсіподақтардың атқарушы органдарымен еңбек ақының мөлшерін белгілеу туралы, ұжымдық келісім-шарт жасалуына тыйым салынды. 1931 жылғы қабылданған заң бойынша, жұмыстан кешіккендер, белгіленген уақытында келмей қалғандар жұмыстан шығарылған және баспанасынан айырылатын болған. Ондай адамдардың жұмыстары сот органдарына жіберілмей әкімшілік органдары арқылы шешілген. 1934 жылы көне объективті мойнына жүктеу принципі қолданылған (бұл Хаммурапидің 1150ж. заңына жатады): сотталған (сатқын ретінде) адамдардың отбасылары сайлауға қатынасу құқығынан айырылған және 5 жылға жер аударылған. 1934 жылғы заң бойынша 10 күннің ішінде террорлық қылмыс тергеліп, сот мәжілісіне бір күн қалғанда ғана айыптау қорытындысы берілген, сот процесінде ондай істер айыпталушымен куәларсыз-ақ шешілген, кешірім сұрау мүмкіндігі жойылған, айыптының арыз жазуына тыйым салынып, орындалуы (ату) тездетілген. 1935 жылғы заңдар бойынша көптеген қылмыстар үшін жауапкершілік 12 жастан басталған. 1937 жылы қуғын-сүргін өзінің ең шыңына жетті, құқық деформацияға түсіп, шын мәнісінде жұмыс істемеген. Қуғын-сүргінді жүргізетін мемлекет аппараты тәсілімен және пайдаланатын құралдарымен орта ғасырдағы инквизицияға ұқсаған. Тергеудегі адамдарды ресми түрде жауап беруі үшін қинауға рұқсат берілген. Оның барлығы заңды орындау үшін жасалған. Құрылып жатқан қоғамдағы құқықсыздық, өмір сүруге арналған құқықты жою, өркениетті қоғамның болуына, дамуына өте қауіпті. Құқықтық мемлекеттің екінші белгісі, құқықтық сипатта болып (құқықтық нысанды) индивидтердің қарым-қатынасын және жалпы билікті қолдайды. Теңдікті мойындау, сонымен бірге индивидтердің еркіндіктері мен құқықтарын және олардың құқықтық кепілділігін бекіту – жалпы биліктің және оның агенттерінің міндеті. Құқық және еркіндік және оларды шын қорғауға мемлекеттің көнуі, қайырымдылығы емес, бекітілген және құқықтық қабілеттілігі ретінде адамға және азаматқа тән нәрсе.
Адамның құқығы туралы түсінік ХYІІ-ХYІІІ ғасырларда құрылды. Бірінші рет адам құқығы Вирджинидің құқық Декларациясына кірді. Бұл бір-жарым айдай (15 мамыр 1776ж.) АҚШ-тың тәуелсіздік Декларациясынан ерте қабылданған болатын. Одан кейін олар АҚШ-тың Конституциясына және «Билле о правах» және атағы белгілі адам және азаматтар құқығы туралы француздар Декларациясына 1789 ж. кірді.
Жоғарыдағы құжатттардың авторлары және басқа да зерттеушілер адам құқығын көне оқымыстылармен құрылған табиғи құқықпен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша адам табиғаттан жаралған және адамның мынадай табиғи құқықтары: өмір сүру құқығы, меншіктілік, жеке басының дербестігі, еркін жүру құқығы. Олардың ойынша бұл табиғи құқықтар адамдармен бірге жаралған, өзгермейтін жеке адамнан бөлінбейтін құқықтар. Әрине, қандай жағдайда болмасын адам құқығын ертедегі тарихтан бөліп зерттеуге болмайды.
Жаңа уақыттың ғалымдары, философтары және заңгерлері адам құқығы проблемаларын зерттеуде көп жетістіктерге жетті. ХІХ ғасырдың аяғында жаңа жағдайларға сай, адам құқығы туралы гуманистік тұжырымдама құрылып, индивидтердің қорғалуын тек ұлттық не болмаса әлеуметтік белгілері арқылы шешпей, жәй ғана адам екендігін есептеп шешу кіргізілді. Құқықтың дамуы және еркіндік, өзінің нәтижесінде адамға халықаралық дәреже берілуіне жеткізді. БҰҰ-ның жарғысы алғашқы рет, сол деңгейде адам құқығын сыйлау қажет екендігін жариялады және оны қорғайтын мүмкіншілікті көрсетті. 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Жарғысының қажетті жерлерін дамыта отырып, маңызды халықаралық құжат – Адам құқығының жалпы декларациясын қабылдады. Онда адам туралы жалпы идеялар жазылып, соған жетуге барлық елдердің талаптануының қажет екендігі көрсетілген. Адам құқығының Декларациясында, негізгі еркіндіктер түсіндіріліп талданған. Сонымен, адам құқығын халықаралық деңгейде қабылдау жолында маңызды қадамдар жасалды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 1966 жылы қабылданған екі пактіде (Экономика туралы пакт, әлеуметтік және мәдени, азаматтық және саяси құқықтар пактілері) мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастықта әрқайсылары өздерін қамтамасыз ету үшін, көрсетілген белгілі құқықтарды пайдалану қажеттігі белгіленді.
Кейінгі жылдары адам проблемасы біздің елімізде үлкен әлеуметтік, саяси және адамгершілік маңыздылыққа ие болуда. Өзекті мақсат – Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды барлық мемлекеттік органдардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету.
Тарих тәжірибесі көрсеткендей, сот реформасы – ең тиімді және құқық пен бостандықтың кепілі. Ол мақсат үшін кең түрде, барлық өркениетті өмірдегі жалпы соттар, арнайы соттар біздің Қазақстанда да пайдаланылады. Адам құқығын қорғайтын мемлекеттік органдар да бар. Көптеген халықаралық органдар адам құқығын қорғауды, қамтамасыз етуге құрылған: БҰҰ-ның адам құқығы туралы комиссиясы, адам құқығы туралы комитет, адам құқығы туралы Еуропалық комиссия, Адам құқығы туралы Еуропалық сот.
Жалпы биліктің ұйымдастыру – құқықтық құрамы, құқықтық талаптарға сай болуы қажет және оларды орындауға бейімделуі қажет. Осындай құқықтық мемлекеттің үшінші белгісі, ол басқа екі компоненттердің іске асуын қамтамасыз етеді. Мұндағы маңыздысы, әр түрлі құрылымдардың құқығы биліктегі бір адамға шоғырлануына мүмкіндік бермеуі қажет (мысалы тоталитарлық кеңес мемлекеті және басқа да бұрынғы социалистік мемлекеттердегідей). Ондай мақсатқа билікті бөлу қағидалары – ертедегі мәдениеттің ұлы жетістерінің біріне жатады және Ертедегі Грецияда, Римде сыннан өткен. Платон мен Аристотельдің саяси құрылыммен басқару нысандарын талдағанда, сол принциптерді Ағарту кезеңінде негізделуге жағдай жасалды. Осындай ойды, жаңа уақытта бірінші рет Дж.Локк айтқан болатын. Ол билік құдіретін, заң шығарушыға және атқарушыға бөлді, олардың міндетіне сай және әскери жағын жатқызды. Локктың идеясын Монтескье дамытты, оны осы күнгі түсінушілікке жеткізді. Оған тағы да, әр түрлі билікті тежеу жүйесі жатады, себебі онсыз бөліну жүйесі жұмыс істемес еді.
Аристотель өзінің «Политике» деген ғылыми еңбегінде мемлекеттік құрылымдағы, «үш элементті» көрсетті: заң шығаруға – жиналған орган, магистратура және сот органдары. Одан екі ғасыр өткеннен кейін Полибий «Жалпы тарих» еңбегінді, ондай басқару нысанының артықшылығын атап өтті және бұл элементтердің бір-біріне қарсы тұрып, өздерін-өздері тежейтіндігін тұжырымдады.
Билікті бөлу қағидасы, теориялық және күнделіктілік жағынан барлық демократиялық мемлекеттермен қабылданды. Дәстүрлік кеңестер идеологиясы бұл қағиданы мойындамады, себебі олар мынандай жағдайларға сүйенді: «елдегі билік халық сайлаған Кеңестерге қарайды», яғни «маркстік-лениндік теория биліктің бөлінуін мемлекеттің таптық табиғатына қарсылық ретінде қабылдамады. Дегенмен 20 жылдардың басында белгілі заңгер-ғалым А.М.Рейснер бірінші рет, осыған былай көңіл аударған: «кеңес депуттары мен атқарушы орын ығыстырылуда». Кейіннен шын мәнісінде, атқарушы орындар партиялық аппаратпен ығыстырылды.
Қазір билікті бөлу қағидасы бізде, Қазақстан Республикасының Конституциясымен жүзеге асырылады.
Ондай билік үшеу: заң шығарушы билік (заң шығаратын органдар), атқарушы билік (орындаушы органдар), сот билігі (сот органдары). Билікке бөліну мемлекеттік биліктің бірлігін бұзбауға тиіс. Сол мақсатта қызмет істейтін институт – мемлекет басшысы (мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті), барлық үш билік бірдей және бір-бірінен тепе-теңдікте болып бірін-бірі тежейді, бір биліктің асып кетуіне жол берілмейді. Атқарушы билік «өзінің табиғатына байланысты» басым болуға ерекше бейім, оған көптеген деректер (фактілер) көмек береді: өзімен құрылған бюрократтық аппаратқа сүйену, мәжбүрлеу органдарының оның бақылауында болғандығы, ақпаратты пайдалану т.с.с. Сайып келген жағдайда, атқарушы билік авторитарлыққа, ал заң шығарушылар, атқарушы және сот органдарын өзіне бағындырып – тоталитарлыққа айналулары мүмкін. Сондықтан, мемлекеттік биліктердің жеке болғанының маңызы, ондай биліктердің, тек бір органға жиналуына мүмкіндік бермейді. Бұл проблема тарихи дәстүрлеріне, мәдениетіне және басқа жағдайларына сай әр елде, әр түрлі шешіледі.
Мысалы, АҚШ-тың Конституциясында және Конституциялық қызметінде биліктерді тежеу және бірін-бір тең ұстау, қалай реттелгеніне көңіл аударайық.
Конституция Конгреске (парламентке) заң шығару билігін белгілі деңгейде бекітіп береді. Бірақ Конституцияда Конгрестің дінді белгілеу, не болмаса еркімен дінді уағыздауға тыйым салу, сөз және басылым еркіндігін тежейтін заңдарды шығаруға келісім берілмейді. Конгрестің өзінде (Сенат және өкілеттік Палатасы) бір-бірімен қатынасында, төменгі палаталардың уақыт өзгерісіне байланысты өзгеріп тұратын жағдайлары үшін, олардың шешімдеріне тежеушілік жүргізеді. Сонымен қатар, лауазымды адамдардың құқық бұзғандығы үшін жауапқа тарту, өкілеттік Палатаға жатады. Президенттің Конгресті таратуға, заң шығаруға құқығы жоқ, бірақ заң жобасын және Конгрестің шешімін тоқтатуға құқығы бар, соның негізінде ол заңдарды өзінің ойына сай қайта қарауға жібере алады. Заң жобасы ең алдымен Конгресте көпшілік дауыспен қабылданады, ал Президенттің ветосы көпшілік дауыспен тоқтатылуы мүмкін. Өз жағынан, Конгресс әкімшілік актіге вето жасауға және Президентке не болмаса, министірлерге, олардың шығарған актілерін жоюға нұсқау беруге құқығы бар.
Биліктің бөлініп істейтін қызметтерінің белгілі кепілі болатын бағыныштылық және үкіметтің құрылу тәртібі. Соған байланысты президенттік және парламенттік басқару нысандарына бөлінеді.
Билікті бөлу қағидасының мемлекеттік құрылымға нақтылы сіңісу деңгейі – құқықтық сипаттағы көрсеткіш, ал оның нақтылы қызмет істеу – құқықтық мемлекетке қажетті жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |