Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Қалыптастырушы бағалау — ауызша мадақтаулар, мұғалімнің қолдауы, көтермелеуі және жылы сөздер.
Жиынтық бағалау — белгілі бір табысқа, мақсатқа көзделген бағалау. Критериалды бағалау-нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс.
Критериалды бағалау жүйесі оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалауға арналған.
Критерийлер бойынша бағалау дегеніміз – бұл оқушының оқу мақсаттарына қаншалықты жақындаған дәрежесін, жетістік деңгейін анықтау.
Бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының бағалануы және сәйкестендірілуі туралы белгі (сипаты).
Дескрипторлар- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс – әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалаудың оқушы үшін пайдасы