§2 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбасшылары Жоспары



Дата06.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#79742
Байланысты:
powerpointbase.com-853

§2-3.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбасшылары

Жоспары


Хандар
1
Батырлар
2
Билер
3
I.Хандар
Тәуке хан(1680-1715/18жж.) – Жәңгір ханның баласы, Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиын болған кезде қазақ елін билеген хан. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Қиын қыстау кезенде қазақ елінің басын қосу үшін, атақты билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен біріге отырып, XVIII ғасырдың бас кезінде “Жеті жарғы” атты заңдар жинағын жасады.Елдегі билікті нығайту үшін, сұлтандардың билігін қысқартып, билерге сенім артады. Ыдырап бара жатқан үш жүздің басын қосу үшін билікті елге атағы шыққан билерге берді. Ұлы жүзді Төле, Орта жүзді Қазыбек, Кіші жүзге Әйтеке билік құрды. Тәуке хан билік еткен кезеңді – “Алтын ғасыр” деп атайды.
Тәуке хан
Әбілқайыр хан(1693-1748жж.)- Кіші жүздің ханы, қазақ жасақтарының қолбасшысы – бас сардары.1726 жылы өткен Ордабасыдағы жиында үш жүздің өкілдері кеңесіп, бас сардарлыққа тағайындалды.1727 жылы Бұланты өзенінің бойында Қарасиыр деген жерде қалмақтарға ойсырата соққы береді.Бұл жер тарихта Қалмаққырылған деген атпен қалды.1729/30 жылы қазақтардың біріккен қолы тағы да жеңіске жетіп, жауды аңырата жеңген жер Аңырақай деген атқа ие болды.
Әбілқайыр хан
Абылай хан(1711-1781жж.) – Түркістан билеушісі Көркем Уәлидің ұлы. Шын аты – Әбілмансұр. Қайратты да намысқой Әбілмансұр қатысқан алғашқы шайқас- 1731 жылғы Қанжығалы Бөгенбай бастаған жоңғарларға қарсы соғыс. Осы соғыста Әбілмансұр ерен ерлік көрсетіп, Қалдан Сереннің баласы Шарышты жекпе-жекте басын шауып өлтіреді.Қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Төле, Қазыбек, Әйтеке билер және Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай,Шапырашты Наурызбай, т.б. атақты батырларды жанына түгелдей жинайды. Абылай билік еткен кезеңде жоңғарлардаң сақтану үшін, көршілес Ресей патшалығымен де, Қытаймен де татулықты сақтаудың жолын қарастырды.
Абылай хан
Сұрақтар
  • Төле, Қазыбек, Әйтекемен бірлесе отырып, 18 ғасырдың басында қазақ заңдарының жиынтығын жасаған кім?

  • 2. Қазақ жасақтарының қолбасшысы - бас сардары?
    3. 1727 жылы қазақ жасағының қалмақтарға ойсырата соққы берген жері?
    4. Әбілмансұрдың билік еткен жылдары?
    5. Абылай хан қатысқан ең алғашқы шайқас?
    6. <<Шарышпен ешкім шыкпаса, өзім шығамын>>, деп хабар берген бас қолбасшы?
    7. Абылай ханның жанына жиналған қазақ батырлары?
    8. Абылай сұлтан туралы Ш.Уәлихановтың пікірі?
    9. Бүкілқазақтық құрылтайлар шақырылган тарихи орындар?
    10. Абылайдың тұсында қазақ хандығын еріксіз мойындаган елдер?
    11. Көшпелі елдің өмірінде басты орын алатын өнерге айрықша мән берген хан?
    12.Ақылды ақсақал және дана кеңесші ретінде танылған кім?
    13.Бұрын тек Орынборда ғана жасалған сауда түрі
    14.Абылайдың хандық билігінің күшейген уақыты?
    15.Абылайды тек орта жүз ханы етіп бекіткен кім?

Жылдар сөйлейді
1726 -
1730 -
1731 -
1711-1781 -
1770 -
300 -
1693-1748 -
1680-1718 -

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет