2 клиникалық есеп



Дата26.05.2022
өлшемі14,46 Kb.
#145189
Байланысты:
2 есеп Акушер


2 клиникалық есеп
Жүкті А. есімді әйел, 25 жаста, ауруханаға гестациялық 39-40 аптамен 3 сағат ішінде іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну шағымымен түсті.
Аурудың анамнезі: іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну 3 сағат бойы мазалайды.
Өмір анамнезі: етеккірі 14 жастан бастап, 4-5 күннен 24-25 күн сайын келіп отырған. қалыпты, ауыртпалықсыз келеді. 23 жастан бастап жыныстық қатынаста. Жүктілік - 2 - қазіргі; жедел босану - 1, асқынусыз. Басынын өткен аурулар: 2 жыл ішінде – орташа анемия. Бұл жүктілік қалыпты анемия фонында өтті, анемияға қарсы препараттар қабылдаған (Hb-103 г / л).
Объективті: Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі мен көрінетін шырышты қабаттар қалыпты. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ентігу жоқ. Жүрек тондары айқын, ырғақты. Пульс минутына 76, АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр үлкейген жоқ. Дәреті тұрақты. Зәр шығаруы бос, ауырсыну сезімсіз.
Акушерлік жағдай:10 минутта, 35 секундта 2-3 контракция, орташа күш. Іші жүктілік мерзіміне сай көлемі ұлғайған. Іштің айналымы 102 см, жатыр түбінің биіктігі 35 см. Ұрықтың жағдайы ұзынша. ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 140 соққыға дейін
Айнадағы тексеру: жатыр мойны мен қынаптың шырышты қабаты таза, шырышты бөлініс бар.
Қынаптық зерттеу: жатыр мойны жамбас осі бойымен орналасқан, жұмсарған, тегістелген, жатыр ернуі 5 см ашылған. Қағанақ суы бүтін, толтырылған.
Тапсырма:
1. Клиникалық диагноз қою
2. Жатыр мойнының ашылу фазасын анықтау
3. Ұрықтың позициясын және түрін анықтау
4. ҰБС анықтау
5. Жүктілікті жүргізу жоспарын құру
Жауабы:
1.Жүктілік 39-40 апта. Босану 1 кезеңі (жатыр мойнының ашылу кезеңі)
2. Жатыр мойнының ашылу кезеңінің белсенді фазасы. Оны жатыр ернеуінің ашылу деңгейіен анықтадық.(жатыр ернеуі 5 см ашылған). Белсенді фазасы енді басталып жатыр себебі қағанақ суы бүтін.Белсенді фазаның соңында қағанақ суы жарылады.
3. Ұрық позициясы және түрін анықтау үшін толық мәліметтер берілмеген. Яғни ұрық арқасының жатыр сол жағына не оң жағына қарап орналасқанын және жатырдың алдыңғы не артқы қабырғасына қарап орналасқаны туралы мәлімет болу керек.
4. Ұрықтың болжамды дене салмағын Жорданио бойынша ПВП=ВДМ*ОЖ формуласымен анықтаймыз.
ВДМ=35см
ОЖ=102см
ҰБС=35*102=3570гр
5. Жалпы жағдайы (көңіл-күйі, пульс, АҚ, терісінің жəне кілегей қабықтарының түсі) үнемі бақылауда ұстайды.
Жатыр жəне босану жолдарының күйі - сыртқы акушерлік тексеру:
Іш айналымы мен жатыр түбінің биіктігін өлшеу; жатыр пальпациясы: жатырдың консистенциясы, жергілікті ауырсынуы, төменгі сегменті мен жұмыр жалғамаларының жағдайына жəне контракционды сақинаның орналасуына көңіл бөледі;
Қынапты жəне жатыр мойнын тексеру, қағанақ көпіршігін тексеру, ұрықтың қай бөлігімен келіп тұрғанын анықтау: позициясын, түрін, қондырылуын, босану механизмін анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет