Жақында өткізген, өздеріне ұнаған және сәтті өтті деп санайтын бір жаттығу туралы ойлау.
Оны музыкалық тұрғыдан көрсету.
Талқылау:
Жаттығуда белсенді оқудың қандай аспектілері қолданылады?
Осы жаттығудың тиімділігі/ оқу тәжірибесінің сәттілігі неге байланысты?
2-күн, 3-сабақ. Белсенді оқу жаттығуын бағамдау
Шағын топтарда
Музыка сабақтарында қолдануға болатын белсенді оқу тұжырымдамасына негізделген жаттығу түрлерінің тізімін жасау.
Жеке
Оқу бағдарламасынан немесе оқу жоспарынан оқу мақсатын таңдап, белсенді оқу элементтерін қамтитын ширату жаттығуларын таңдау
Оқу жоспары мен оқу мақсатына сәйкес белсенді оқуға арналған ширату жаттығуы туралы әріптестерімен бөлісу
2-күн, 4-сабақ. Бағамдауға арналған жаттығу: белсенді оқу және ойлау сипаты
Белсенді оқу философиясы басқалармен тиімді және жағымды түрде ықпалдасатын тәсілдерді қарастыру.
Кедергілер мен қолдау көрсететін факторларды анықтай отырып, жеке тұлға ретінде және мұғалім ретінде оқу әрекеті туралы өз ойлары мен сезімдерін зерделеу.
Мұғалімдердің белсенді оқу қағидатын түсінуін бағамдау.
Мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасына деген көзқарасын бағамдау.
2-күн, 4-сабақ. Бағамдауға арналған жаттығу: Белсенді оқу
Жеке
1-сынып оқушыларына лайықты, оқушыларды белсенді оқуға ынталандыратын жаттығу әзірлейді. Төмендегі мәселелердің бірі назарға алынуы тиіс :
Балалар қарапайым музыка жазуға талпынады
(ән шығару/импровизация);
Ән айту;
Музыкалық аспаптарда ойнау;
Белсенді тыңдау арқылы сын тұрғысынан атсалысу;
Нақты музыкалық дағдыларды дамыту.
Өзінің жаттығуын шағын топқа көрсетеді.
2-күн, 4-сабақ. Бағамдауға арналған жаттығу: Ойлау сипаты
0-ден 10-ға дейінгі шәкіл бойынша, тыңдаушылар өнерге тарту жолымен музыканы оқыту туралы пікірді қаншалықты қолдайтынын білдіреді.
Талқылау. «Музыка" пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының философиясы және тәсілдері туралы өзіңіздің түсінігіңізді қолданыңыз.