Әлия: Менде желідегі ақпараттарды оқып отырмын.
Мұғалім сөзі: Міне, көріп отырғанымыздай, еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін ғаламторда отырады. Қазір тіптен бұл актуалды мәселе ретінде де қарастырады. Яғни пайдасы да зияны да баршылық. Олай дейтінім, заман жаңарып, өрістеп жатқан бүгінгі күнде балаларды одан алшақтату мүмкін емес екені жасырын жайт емес. Пайдасы туралы айтар болсақ, уақытты тиімді пайдаланып ғаламтор желілерінен түрлі мәліметтер алуға болады. Қашықтықтан оқытудың да мүмкіндігі бар. Ал енді зиянды жағына тоқталар болсақ, бала денсаулығына, психологиясына кері әсері де аз емес. Уақытпен санаспай ұялы телефонға тәуелді болып қалған жасөспірімдердің тағдыры сіз бен бізді ойландырады. Балалар, ендеше интернет желісінің бізге қаншалықты зиянды және пайдалы екенін ажыратайық. Ажырату үшін «әлеуметтік желі» дегеніміз не? Соны анықтап алайық.
Тақырыпты ашу үшін екі оқушының диалогы арқылы жүргізіледі. Асыл мен Нұрсұлтан бір-бірімен әңгімелеседі. Нұрсұлтан телефонындағы инстаграмм желісінен досының суреттерін көріп отырады.
https://www.youtube.com/watch?v=wvd_INUg3Ik&t=63s
Ортасы
25 минут
Аслан: Әлеуметтік желінің қашан және қалай пайда болғанын бұрын-соңды білмесе, осы бейнероликтен кейін білімінің кеңейгенін айты. Аружан әлеуметтік желінің зиянды жақтарынан қалай қорғануға болатынын түсінгенін айтты.
Бейне репортаждың мақсаты: әлеуметтік желіні қалай пайдаланатынын және ол туралы қаншалықты зиянды, пайдалы ақпарат білетіндерін біліп, сараптама жасау.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың жолдарын және зиянды топтармен немесе пайдасыз ақпаратпен шұғылданбаудың жолдарын, олармен қалай күресу керек екенін толықтай анықтап, өзіндік зерттеу, сараптау процессін жүргізді.
Дәл қазір біздің алдымызда отырған балалар сандық технологияға жақын. Олар бірімізге қарағанда барлық ақпаратты тезірек үйренеді. Сондықтан оларға сабақ берудің әдісі де өзгеруі керек деп ойлаймын. Яғни, сандық технология арқылы тәрбиелеуіміз керек. Мысалы: жазу сауаттылығы, оқу сауаттылығы деген бар. Дәл сол секілді сандық сауаттылық деген де болу керек. Сандық сауаттылық деген компьютерді қалай қосудан бастап, онымен қалай тиімді пайдалану керек соны меңгертуге көмектеседі. Балаға ғаламтор технологиясымен қалай жұмыс істеу керек екендігі туралы ақпаратты балаға дұрыс түсіндіру керек. Мысалыға айталық, үйден шықпай-ақ, 3-4 айдың ішінде Колумбия, Гарвард университетін бітіріп шығуға да болады. Ол үшін сіз арнайы сайттарға немесе әлеуметтік желідегі топтарға тіркелсеңіз, олардың үнемі шығарып отыратын ақпараттарын күнделікті көруге болады.
Сыныптағы 1-2 оқушы көрсетілген видеодан өз ойларын айтады.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, талқылау, сараптау, анықтау процессін жүргізді.