Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл/ 5,6,7,8сынып «Рухы жоғары халықтың тарихы- мәңгілік» 9,10,11 сынып «Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі»
Танымдық сабақ
20.10.2023
4
Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу
Адам құқығы күні /
Оқушылар бойындағы бейәлеуметтік мінез
Психологпен дөңгелек үстел
27.12.2022
Сыныптың тәрбие жұмысы және жоспары үлгісімен таныстыру Тәрбие жұмысының міндеті мен мақсаттары:
1. Оқушылардың білімдерін дамыта отырып тәрбиелеу.
2. Оқушыларды адал болуға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
3. Өз Отанын, табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.
4. Халқымыздың тұрмыс - салт дәстүрге, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
5. Бір - біріне көмек көрсетуге, бірлесе отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу
Тәрбие жұмысының ұйымдастыру принциптері:
1. Сыныпты ұйымшыл болуға үйрету.
2. Қоршаған ортамен қарым – қатынаста болуға, үлгілі және тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының бағыттары:
1. Патриоттық сананы қалыптастыру.
2. Рухани адамгершілік даму
3. Этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу.
4. Экологиялық және эстетикалық тәрбие
5. Құқықтық тәрбие.
6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
7. Жастар инициативасын қолдау
8. Қыздар тәрбиесі
9. Айлық жұмыс жоспары
Сынып сағаты және оның түрлері, құрылымы Сынып сағаты туралы ЕРЕЖЕ Жалпы ереже Сынып сағаты – бұл сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол оқушылардың қоршаған әлемге қарым – қатынас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сағаты – бұл құрамы және құрылымы бойынша тәрбие әрекеттестігінң икемді формасы; бұл сынып жетекші және тәрбиеленушілердің қатынас формасы ұйымда педагог басымдылық рөлді атқарады.
Сынып сағаты оқу сабақтарынң кестесіне қойылады.
Сынып сағаты әрбәр сыныпта апта сайын өткізіледі.
Сынып сағаттың формасын сынып ұжымы сынып жетекшісінің басшылығымен таңдайды.
Сынып жетекшісі сынып сағатын дайындау және өткізуде оның негізгі үйлестірушісі болып табылады және сынып сағаттың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруға жауапты.