Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Филология» факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
ҚБ 210 тобының студенті
Бийшенбек Оралайдың
үздіксіз оқу сараманының
Есебі
Мен,Бийшенбек Оралай Болысбекқызы ,2023 жылдың 01.09.23 – 15.12.23 аралығында Маңғыстау облысы, Шетпе ауылының М.Атымов атындағы жалпы орта мектебінде үздіксіз педогогикалық сараманнан өттім. Мен өзіме бекітілген 5 «А»сынып оқушыларымен, сынып жетекшісі . Сыныпта барлығ Айтбаева. М.Д. Сыныпта 16 оқушы бар , оның ішінде 6 қыз бала және 10 ер бала оқиды. Алғашқы күннен ақ оқушылармен тез тіл табысып кеттім.
Практика барасында маған бекітілген 5 «А» сыныбының сабақтарына қатыстым.Сабақ өткізу барысында әдіс- тәсілдерімен танысып өзіме керегін түртіп отырдым. Сыныптың сабағына қатысып, оқушылардың оқу үлгерімін, сабаққа қатысуын, үй тапсырмаларын орындауын бақыладым. Практика барысында балалардыбақылап, өзіме керек бағыт-бағдар алдым. Оқушылардың міндеттері мен құқықтарымен толықтай таныстым. Балалардың сабақ барысында жасаған жұмыстары арқылы өзіме қажетті қорытынды жасадым.
Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттерімен, құқықтарымен таныстым. Сарамандық машық кезінде көптеген тәжірибе алдым, соның ішінде сабаққа қалай дайындалу керектігін, сабақты өткізу ерекшеліктерін, пән мұғалімінің өзіндік ерекше әдіс-тәсілдерін көре отырып, өзіме түйгенім мол.
Студент – машықкер:___________Бийшенбек О.Б
Сыныпқа мінездеме үлгісімен таныстыру
Сыныпқа мінездеме
Сынып – 5 А
Ұлты – қазақ- 16
Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талапты балдырған, үлгі аламыз жақсыдан!»
Оқушы саны – 16
Ұл – 10
Қыз – 6
Мекерия Атымов атындағы №6 орта мектебінің білім беретін мектебінің а-сыныбында 16 оқушы бар, оның 10-ы ұл, 6-і қыз бала.. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Рахметова Айжұлдыз (оқуға қабілетті, ашық мінезді, белсенді), сынып белсенділері Қалдығұл Нұртілек мен Базарбай Берекет, Төреханоа Бауыржан. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға,сабақтарға белсене қатысады. Сынып белсенділері – оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және редколегия мүшелері де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы.Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды. Қосымша сабақтардың өздерінде қалдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Түсінбеген сұрақтарын біліп алуға тырысады. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі.
Педагог-психолог: Айтбаева. М.Д
Практикант: Бийшенбек Оралай
Достарыңызбен бөлісу: |