2 курс, 210- топ студенті Бийшенбек Оралайдың «ТӘрбие» іс-тәжірибесі бойынша есебі


Оқушыға мінездеме үлгісімен таныстыру



бет14/14
Дата23.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#198803
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
210-топ Бийшенбек Оралай

Оқушыға мінездеме үлгісімен таныстыру
(тегі, аты, әкеснің аты)
(тегі, аты, әкесінің аты ... қараша ... жылы туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы. 20... жылы ҚР Шымкент қаласы ... жалпы орта білім беретін мектебін жалпы орта білім курсы бойынша бітіріп шықты. Толық, көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Әлеуметтік жағдайы жақсы. (аты) мектепте білім алған жылдары өзін жақсы жағынан көрсете білді. Білімі жақсы. Сабақтардан себепсіз қалмайтын, қоғамдық бағыттағы пәндерге, әсіресе тарих, әдебиет пәндеріне қызығушылығы жоғары. Өзіне тапсырылған істерді жоғары жауапкершілікпен атқаратын. Мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты. Көбіне іс-шаралардың жүргізушісі міндетін атқаратын. Сынып сағаттарында жасаған баяндамалары мазмұндылығымен ерекшеленетін. Сыныпта спорт секторы қызметін атқарған. Грек-рим күресімен айналысады. Спорттың осы түрінен әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Ата-анасымен, бауырларымен қарым-қатынасы өзара сыйластыққа негізделген, оларға ерекше құрметпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен де, мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас орната білді. Ұстаздарын сыйлайды. Мінезі ашық, ұстамды, сабырлы, толерантты, кішіпейіл. Өзге адамдармен тез тіл табысады. Қамқор, көмегі қажет болған адамдарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Оның ашуланған сәттері сирек байқалады. Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді. Мектептің ішкі ережесі талаптарын сақтайтын. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. Сыныпта туындаған қиындықтарды жеңуде дұрыс шешім қабылдайтын. Шығармашылық қиялы дамыған.
Біз, (аты)-ның ұстаздары, оның болашақта жақсы маман болатынына сенім білдіреміз.

Мектеп директоры


Сынып жетекшісі

Оқушыға мінездеме жазу
Мінездеме
А. Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінің 9 «э» сынып оқушысы Ақтанбаев Эльдар Манарбекұлы. Туған күні: 01.11.1992. Мекен жайы: Бажова Лен 345/1-45 үй. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Бойы 162 см, салмағы 54 кг. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулығы жағдайы жақсы. Дәрігердің қойған диагнозы- «Вазом реншит». Көзінің көру жүйесі -«1,0», ұсынылатын ем- ІІ дәрежелі.
Эльдардың анасы Ақтанбаева Раушан Ұлан ауданында «Жұмыспен қамту» орталығында жұмыс істейді. Әкесі Ақтанбаев Манар жұмыссыз. Отбасында екі бала. Эльдардан кіші екінші сыныпта оқитын қарындасы Анель бар.
Эльдар көбінесе ән айту жағына бейімді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Эльдар сынып әкімі болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепте болған «Жігіттің сұлтанына» қатысып, «Толғанай» әнімен, өзінің сегіз қырлы, бір сырлылығымен көзге түсіп «Бірінші» орынды жеңіп алды. Жеңіс күніне арналған шеруде ардагерлерге арнап ән айтты, взвод командирі болып оқушыларды бастап жүрді. Мектептегі «Өнерлі бала» атағына ие болып, алғыс ретінде мектеп соңғы бір аптадағы сабақтардан босатты.
Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология сабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша – екпінді. Эльдар барлық сабақты жақсы оқиды. Тек математика сабағынан қиналады. Соның өзінде сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс жасайды.
Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы — ырықты. Эльдар сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.
Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады.
Эльдардың байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді. Эльдар мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді.
Эльдар кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет