2 курс магистранты Қадырбек Мадина Арманқызының «М.ӘУезовтің зерттеу еңбектерінің Ғылыми-теориялық негізі» атты магистрлік диссертациясына пікір



Дата10.09.2024
өлшемі24,54 Kb.
#204017
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Отзыв Жетекші Мадина


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Педагогикалық институтының 7М02301 – Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасының
2 курс магистранты Қадырбек Мадина Арманқызының
«М.ӘУЕЗОВТІҢ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» атты магистрлік диссертациясына


ПІКІР

Ұлттық әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар, әлемдік құбылыс – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау бүгінгі әуезовтану ғылымының басты мақсатын екені анық. Осы уақытқа дейін М.Әуезовтің прозалық шығармалары мен драматургиясы ғылыми зерттеу жұмыстарының нысанына айналды. Бірнеше кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, монографиялық зерттеу еңбектері басылып шықты.


М.Әуезов мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы, халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын сарқылмайтын қазынасы. Мұхтар Әуезовтің зерттеу еңбектерінің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа қырынан, барлық салада, әр жүйеде көрініс таба бастады. Қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының дербес саласы болып қалыптасқан Әуезовтану – бұл күндері жан-жақты дамыған, өсіп жетілген іргелі саласының біріне айналды. Ғылыми жұмыстың негізі М.Әуезовтің ғылыми еңбектерінің теориялық мәнін айқындау болып табылады
Диссертант М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінің ғылыми-теориялық негізін қарастыра отырып, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзіндік бағытын танытуға тырысты. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдеби сынының негізгі заңдылықтары мен категорияларын саралай отырып, М.Әуезов еңбектері негізінде ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы қазақ әдеби сынының дамуын, өзіндік ерекшелігін бағдарлау мақсат етілді. Зерттеу жұмысында М.Әуезовтің еңбектерінің ғылыми-теорилық сипатын айқындалып, М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерінің қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі танытылды.
Бұндай ғылыми тұжырымдар жұмыстың өзіндік бағыт-бағдарын танытады және магистрлік диссертацияға қойылатын талаптардың деңгейін көрсетеді.
«М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінің ғылыми-теориялық негізі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы теориялық еңбектерге негізделген. Сыншының ғылыми-зерттеулерінің теориялық негізін анықтауда қажетті ғылыми әдістер басшылыққа алынған. М.Әуезовтің еңбектерін зерттеген ғалымдардың еңбектер, пікірлері толымды түрде берілген.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Магистрант Мадина Қадырбектің ғылыми ізденісі өз нәтижесін тапқан. Зерттеу жұмысының өзіндік бағыты айқын. Ғылыми жұмыстың тілі жатық, ғылыми стиль сақталған.
Ізденушінің ғылыми жұмысы тарауларының логикалық жақтан жүйелі берілуі, зерттеу әдістемесі мен алынған нәтижелері тұрғысынан диссертация аяқталған, біртұтас, дербес ғылыми еңбек болып табылады.
Мадина Арманқызы Қадырбектің «М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінің ғылыми-теориялық негізі» атты магистрлік диссертациясында алынған ғылыми нәтижелер мен қорытындыларды қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық дамуына қосылған үлес деп есептеп, диссертацияны МАК-тың алдында қорғауға болады деген пікір білдіремін.
Ғылыми жетекші:
Ш.Уәлиханов атындағы КУ
қауымдастырылған профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты Смагулова Н.К

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет