2 курс студенті гр. Мо-22-1



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі26,92 Kb.
#194704
түріДиплом
  1   2   3
Байланысты:
Эссе Шектибаева
слайд, Документ Microsoft Word

Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті
Эссе
“Неліктен дипломатиялық және іскерлік хат-хабарлардағы этикет ережелері қажет (Халықаралық қатынастар тәжірибесінен мысалдар келтіріңіз)?”

Орындаған: 2 курс студенті гр. МО-22-1
Шектібаева Жанайна
Тексерген: Кильдиякова Е.Н.
Неліктен дипломатиялық және іскерлік хат-хабарлардағы этикет ережелері қажет


Дипломатиялық хат алмасуларда, жіберілетін дипломатиялық құжатта қабылданған ережелер бойынша этикет талаптарын және сыпайылықты сақтау, мемлекеттің намысына тиетін дөрекі сөздерден аулақ болу.
Ауызша түрiнде де, жазбаша түрiнде де сөз мемлекетаралық қарым-қатынаста, дипломатиялық қызметте айрықша рөл атқарады. Ежелгi грек философы Демосфеннiң мына бiр пiкiрi бұған толық дәлел: ²Елшiлердiң жаяу әскерi де, әскери кемелерi де, қаруы да жоқ, оларда тек сөз ғана бар².
Дипломатиядағы сөздiң құдiретi әсiресе келiссөздер жүргiзу үстiнде айқын байқалады әрi маңыздылығы арта түседi. Келiссөз барысында елшi дәл сәтiнде сөйлемесе, барлық мүмкiндiктен айрылып қалуы мүмкiн. Кейде бiр ғана сөз бүкiл келiсiм тағдырын шешiп кететiн сәттер аз кездеспейдi. Керiсiнше, сөз дұрыс айтылмай, орнымен қолданылмай, қаншалық қиянат әкелетiнi дипломатия тарихынан белгiлi. Оның арты халықаралық дау-дамай туғызып та жатады.
1870 жылдың жазында Париж бен Берлин арасындағы саяси ахуал ушығып тұрған едi. Пруссия Францияға қарсы кезектi соғысқа әзiрленiп жатты. Бiрақ қапелiмде соғысты бастай қоюға сылтау табыла қоймады. Наполеон III те Францияның әскери мүмкiндiктерiне сенетiн. Пруссиядан оншалықты қауiптене қоймады.
Тарихтан белгiлi, екi ел арасындағы соғыс, жалпы алғанда, болмашы нәрседен туған. Испан тағына кездейсоқ Пруссиядағы Гогенцоллерн әулетi отыра қалады. Наполеонға бұл ұнамайды да, Франция саяси жанжал тудырады. Пруссияда да, Испанияда да бiр әулеттiң тақта отыруы қалай деп байбалам салады.
Дау-дамайдан еш нәтиже бола қоймаған соң, Наполеон Берлиндегi француз елшiсi арқылы Пруссияның испан тағынан бас тартуы тиiс екендiгiн ескертедi. Вильгелм I француздардың бұл өтiнiшiн орындайды. Берлиннiң бұлайша оңай берiле салуы Наполеонды оншалық қанағаттандыра қоймайды. Оған қайткенде де Пруссиямен соғыс қажет болды. Ендi Пруссиядағы француз елшiсiне мынадай тапсырма бередi: “Вильгелм I-ге қайтадан барып, оның мәдениетсiз екенiн айт, ешуақытта испан тағына жоламайтынына уәде беруiн талап ет”, – дейдi. Мұндай ауыр сөз күтпеген Вильгелм I қатты ашуланып қалады әрi өтiнiшiн ендi қанағаттандыра алмайтынын айтады. Мiне, осылайша елшiнiң тәжiрибесiздiгiнен бiр ауыз сөзбен арада от тұтанады.
Этикет лексикасы қолданылады, оның құрамына кейде қазақ тілінің историзм сөздері кіреді: Жоғары Мәртебелі, Жоғары Мәртебелі ханым, Жоғары Мәртебелі мырза. Сонымен бірге этикет лексикасына жақын комплиментарлы лексика (дипломатиялық сыпайылықтың ресми протоколдық формулалары: куәландыру, ілтипат, зор ілтипат білдіру, өзіне мәртебе санау) және т.б. Осы протоколдық, ресми формулалардың көпшілігінің халықаралық ерекшеліктері бар. Соңғы аталған топтың лексикасы дипломатиялық құжатқа ерекше маңыздылық, реңк береді. Комплимент өнері дипломатия тілінде ерекше өзекті және ерекше маңызды болып саналады. Комплимент, мақтау айту, қошемет білдіру – осының барлығы халықаралық қатынастарды нығайтудың тәсілдері. Мысалы: «Сіздің Ресей-Қазақстан арасындағы тату көршілік пен өзара құрметтің берік дәстүрлеріне арқа сүйейтін стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету мәселелеріне ұдайы назар аударатыныңызды жоғары бағалаймын. Екі жақтың ерік-жігерінің арқасында көп қырлы өзара ықпалдастық алдағы кезде де серпінді дами беретініне, жаңа ауқымды жобалармен байи түсетініне күмәнданбаймын»(Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ресей Федерациясының Президенті Д. Медведевтің құттықтауы).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет