178
Екінші, француз-ағылшын майдандарында Германия әскері адам айтқысыз жеңіліп, 3
жылдан бергі алған жердің көбінен айырылып, соғыстан беті қайтып, бұ күнде
Германияны әлсіретіп отыр.
Үшінші себеп, Германияның «бітімшіл» бола қалуына Австриямен әбден
қажығандығынан болса керек.
Австрияның қоластындағы бұратаналар — чехтер, словактар һәм басқалар кейбірі
автономия сұрап, кейбірі мүлде бөлінбек болып, Австрияның алқымынан алып, есін
шығарып тұрған көрінеді. Түркияға келсек, бұ да 3 жылғы соғыстан әбден меңдеп,
Германияға таяныш болатын көрінбейді. Осы айтылған себептер бойынша Германия
әбден әлсіреп, Вильсонның «14 бапты бітім жобасына» қол болып отырған көрінеді.
Вильсонның жобасымен бітім болар ма, жоқ па, бұл әлі алдағы іс. Сөйтсе де Германияның
ішкі-сыртқы ағылшын-француз майдандарындағы халына көз жіберсек, Бұлғарияның
жеке бітім жасап, соғыстан шыққанын, Австрияның ішкі тартысын, Түркияның шаршап
қажығандығын еске алсақ, бітім сөзі бір адым алға басқан көрінеді.
Осы мақала жазылып қойған соң, 7 ноябрьде (жаңаша) Англия астанасы Лондон арқылы
мынадай хабар келді:
Англия, Франция һәм бұлардың одақтастарымен Түркия жеке бітім жасады. Бітім
шарттары әлі жарияланған жоқ. Англия, Франция мемлекеттерінің соғыс кемелері
Дарданил бұғазымен Қарп теңізге келіп кірді деген.
Осы хабардың анық-қанығын газетіміздің келесі санында жазармыз.
Достарыңызбен бөлісу: