(Г.Н.)
Газеттерден
ОРАЛ ОБЛЫСЫ
Алашорда жарлығы бойынша Орал облысынан екі мыңнан артық қазақ әскері жиылды.
Бұларға Самар комитетінен 2 мың мылтық, 38 пулемет, 2 зеңбірек, 2 автомобиль алып
берілді.
ҚОСТАНАЙ
Полковник Патов Орынбордан телеграммен сұрады: «Жас қазақ солдаттарын үйрету үшін
қазақша білетұғыннан он офицер керек. Қазақ солдаттары күн сайын көбейіп келе жатыр,
үйрететін офицерлер жоқ» деп.
20 МИЛЛИОН СОМДЫҚ ҚАРЫЗ
Казак-орыс окружной сиезінің бірінші округі большевиктер қиратып, жандырып опат қып
кеткен казак-орыс қалаларын қайта жаңғыртып салу үшін 20 миллион сомдық қарыз
180
беруге рұқсат айтыпты. Бұған бар казак-орыс хүкіметіне қараған жерді залогқа салмақшы
болған.
HEMIC ПЕН ТҮРІК БІТІМ СҰРАЙДЫ
Большевиктің сымсыз телеграмының хабары:
Күнбатыс майданында одақтастар күшейіп барады. Бір жетінің ішінде 1000 зеңбірек, 40
мың герман әскерін қолға түсіріп, Палестинде 79 мың түрік әскерін қолға түсіріп,
Германия, Австрия, Түркия соғыстан үміт үзіп, соғысқа кіріспеген патшалықтардан һәм
Америка президенті Вильсоннан араға жүріп, судағы, құрлықтағы соғысты орын-орнында
тоқтатып, бізге бітімшілікке жүр деп сұраған-мыс. Бұған бұ күнге дейін жауап қайтқан
жоқ.
Немістер Бұлғариядағы әскерін кейін қайтарып жатыр. Харьковтен Бұлғарияның өзара
жанжалын басу үшін жіберген 40 мың неміс әскері соғыспай, қару-сайманын тастап, кейін
қайтқан.
ШЕТ ПАТШАЛЫҚТАН МАЛ КЕЛУ
Петроградқа бұл тиеп, герман пароходтары келген. Екінші параходы бұл алып тағы да
келмек.
ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ИНСТРУКТОРЛАРЫ (ОФИЦЕРЛЕРІ)
Орал облысындағы ашылған қазақ инструкторлары даярланатын школдан 1 октябрьде
казак инструкторлары оқу бітіріп, қазақ жігіттерін үйретуге шықты.
АМЕРИКАДАН АҚША САТЫП АЛУ
Орынбор уалаятының кооперативтерінің келісуі бойынша Орынбордағы Америка
консулынан 20 мың Америка долларын (күміс ақшасын) сатып алмақ болған. Бұрын 1 сом
10 тиын тұратұғын долларға бұлар қазір 16 сом қағаз ақша төлемек болған. Бұл ақшаға
жырақ күншығысқа барып, Американың байларынан бұл сатып алады.
ИМПЕРАТОРЛЫҚҚА ҚАРСЫЛАР
Орыстың Эсер партиясының бір бөлімі герман патшасы император Вильгельмді һәм
Австрия императоры Карл Босфтың көзін жоғалтуға қаулы қылысты.